KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Домендік атауды қалпына келтіру рәсімі

Домендік атаудың Тізілімнен жойылғанынан кейінгі уақытша белгілі мерзім ішінде қол жеткізе алмауы жағдайында домендік атауды қалпына келтіру рәсімі алдыңғы Тіркелуші арқылы, егер домендік атаудың жойылу себебі оның ақысын уақтылы төлемегені болып табылған жағдайда ғана қайталануы мүмкін.

Домендік атауды қалпына келтіру рәсімін жасау үшін алдыңғы Тіркелуші KazNIC-ке домендік атауы, уақтылы төлемегенінің себебі және домендік атауды қалпына келтіруге керек парольді жіберетін электрондық поштаны көрсеткен өтініштің түпнұсқасын жөнелтеді.

Егер домен заңды тұлғаға тіркелген болса, өтініш фирмалық бланкіде толтырылып, ұйымның мөрімен, бірінші басшының (аты-жөні толық көрсетілген) қолымен және заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесімен расталады.

Егер домен жеке тұлғаға тіркелген болса, қол қойылған түпнұсқалық өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қосу арқылы растайды.

Келіп түскен құжаттардың негізінде KazNIC, алдыңғы Тіркелушінің мәліметтерін Өтініш берушінің мәліметтерімен салыстырады.

Бұл қызмет "өтінішті өңдеу" деп аталады және ақылы болып табылады. Қызмет құны ҚҚС-12% қосқанда 1036,00 теңгені құрайды.

Алдыңғы Тіркелушінің мәліметтері мен Өтініш берушінің мәліметтері толығымен сәйкескен жағдайда KazNIC Өтініш берушіге төлемге шот ашады. Егер төлем басқа тұлғаның/ұйымның атынан төленетін болса, онда Өтініш беруші өтініште шотты қандай деректемелерге ұсыну қажет екендігін анықтап көрсетуі қажет. Бухгалтерлік құжаттарды: салықтық шот-фактураны, орындалған жұмыстардың актісін алу үшін accounting@nic.kz e-mail-не өтінім жіберу қажет.

Төлем қабылданған соң, KazNIC Өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген электрондық мекенжайға домендік атауды қалпына келтіру рәсіміне қажетті парольды жібереді.

Өтініш беруші (алдыңғы Тіркелуші) домендік атауын қалпына келтіру үшін, қолданыстығы кез-келген Тіркеушілердің біріне алған парольін ұсыну арқылы, жүгіне алады.

Қалпына келтіру рәсімінен кейін домендік атау қолдаудың жаңа кезеңіне ие болады.