KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаржылық сұрақтар

Әкімшілік сұрақтар


Тіркеуші ретінде қателік болған жағдайда доменді жою үшін белгілі бір уақыт бар ма?

Тіркеу кезінде қолдау үшін сома блокқа алынады, егер 24 сағат аралығында домен жойылған болса, сома блоктан алынып, шотқа қайтарылады, ал егер қызмет көрсетілген болса, онда ақша алынып, инвойста қалады.

Тіркеушімен жұмыс істеу үшін бастапқы ақы төлеу қажет пе?

Иә. Бұл сома шотты толықтыру үшін керек. Әрбір ұзартудан (Renewal) және/немесе тіркеуден кейін шоттан қажетті сома алынатын болады.

Егер біздің шоттағы қаражат шығындалса - қызметтер несиеге көрсетіле ме немесе олар тоқтатыла ма?

Жоқ. Жүйе тіркеушінің жұмысын тоқтатады – нақтырақ тіркеу мен ұзартуды тоқтатады. Бірақ «Тіркеу орны мен Тіркеушінің өзара қатынас Регламентінің» 5.4.-тармағына сәйкес Сізге ЖШ қаражат болмаған кезде Тіркеушіге әрекеттерді (тіркеу, ұзарту, трансфер) жүргізуге қолдау көрсететін несие ұсынылуы мүмкін.

Біз шоттарды ресей рубльдерімен (жапон йеналарында, қырғыз сомасында және т.б.) төлей аламыз ба?

Қазақстан Республикасының резиденттері теңгемен, резиденттері емес АҚШ долларымен төленеді.

"Тіркеушілер арасында тіркеу трансферінің Тәртібі" құжатында тіркеу орнының сайтында орналасқан Авторизация Формалары айтылады. Осы формаларды қайдан көруге болатынын айтуларыңызды өтінеміз? Немесе олар неден тұрады?

Тіркелуші үшін авторизация формасы бостандық түрінде болады. Одан Тіркелуші трансфер үрдісін жүргізуге жаңа Тіркеушіні уәкілеттік ететіні байқалу керек. Тіркеушілер өзара EPP құралдарымен қарым-қатынасады және оларға қағаз формалары қажет емес. Қағаз формалары егер Тіркеушілердің біреуі EPP бойынша жұмыс істемесе ғана қажет болады.

Басқа тіркеуші тіркеген кейбір домендерді аудару міндеті туған кезде оны қалай және олай істеуге болады ма?

Иә, егер тіркеуші доменнің паролін беріп, доменнің трансферін бастаған болса, аударуға болады. Трансфердің әр кезде тіркелушімен авторизацияланатынын есте сақтау керек. Толығырақ трансфердің үрдісі осы жерде.

Тіркеуші домендерді тіркеуге Өтінімдерді қолмен өңдей алады ма? Домендерді тіркеу бойынша бағдарламалық кешеннің қатаң талаптары бар ма әлде жоқ па?

Тіркеуші мен тіркелушінің <-> өзара қарым-қатынасы EPP хаттамасы бойынша жүргізіледі. Одан басқа тіркеуші тіркеу үдерісін тіркелушімен қарым-қатынас деңгейінде автоматтандыруға міндетті.

Доменді қолдау мерзімі аяқталғанға дейін қандай аз уақытта доменді аударуды жасауға болады?

Аз уақыт деген түсінік болмайды.

Домен трансфері егер ол HOLD тәртібінде болса орындалады ма?

Иә орындалады. ServerHold және clientHold статусы трансферт үрдісіне еш ықпал жасамайды.

Доменге Сіздің домен пароліңізді және тіркелуші контактісінің паролің сұраған жағдайда админ контактісінің поштасына беріліп отырады ма?

Иә, себебі тіркелушінің Әкімшілік байланысы домен бойынша әкімшілік әрекеттерге уәкілетті.

Тіркелушінің контактісін доменде өзгертуге болады ма?

Тіркелушінің контактісін егер Тіркелушіде байланыс деректері (мекен-жайы, телефон, e-mail ) ауысқан жағдайда өзгертуге болады. Тіркелушінің ауысуы домендік атауды тапсыру және Тіркелушінің жаңа байланыс тұлғасын құрумен домендік атауды өзгерту жолымен жасалынады.