[ URL http://nic.kz/templates/domain-template-kaz.jsp ] [ 04/01 ]


"Қазақ торап ақпарат орталығы" мекемесі (KazNIC)

ДОМЕНДІК АТАУДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ (ЖАРИЯЛЫ БЕЛГІЛІ КЕЛІСІМІ)


A.  Кіріспе. Домендік атауды тіркеу туралы бұл келісім (Тіркеу Келісімі) 
    Internet-те домендік атауды тіркеу мақсатында «Қазақ торап ақпарат 
    орталығына» ("KazNIC") беріледі. Егер бұл Тіркеу Келісімін KazNIC қабылдап, 
    ал домендік атау KazNIC домендік атауларының деректер базасында тіркеліп, 
    оның Тіркелушісіне тағайындалса, Тіркелуші («Тіркелуші») Тіркеу Келісімінің 
    құрамдас бөлігі болатын және Сілтемелері бар осы Тіркеу Келісімімен және 
    KazNIC Дауларды Шешу Тәртібінің (одан ары «Тәртіп») шарттарымен келіседі. 
    Бұл Тіркеу Келісімі KazNIC офистерімен қабылдану керек.    

B.  Шарттар төлемі. Тіркелуші әрбір жаңа домендік атауды тіркеу үшін немесе бар 
    тіркеуді қайта жаңартуға Құрама штатының 30 доллар сомасын төлеуге келіседі. 
    Төлемақы тура KazNIC-ке немесе көсемше Тіркелушінің Internet - Провайдері 
    ("ISP") арқылы KazNIC-ке төлену керек. Төлемақы шоттың көрсетілген 
    мерзімінен бастап міндетті түрде 30 (отыз) күн аралығында төлену керек. 
    Төлелмейтін сомасы бастапқы тіркеу кезінен бастап бір жыл (1) кезеңін жабады 
    және ұзарту үшін жабу кезеңінің аралығында өзіне домендік атаудың кез келген 
    жазбаларын қосады.  
   
C.  Дауларды Шешу тәртібі. Тіркелуші осы Тіркеу Келісімін тапсыру шартын KazNIC 
    қабылдайтынымен келісу керек, Тіркелуші KazNIC-тің қазіргі Дауларды Шешу 
    Тәртібімен байланыста болу керек. Дауларды Шешу Тәртібінің қазіргі версиясын 
    KZ доменіне қызмет көрсету сайтынан табуға болады: 
    http://nic.kz/rules/policy.jsp

D.  Тәртіптің өзгертулері мен ауысуы. Тіркелуші KazNIC өз қалауы бойынша кез 
    келген уақытта жоғарыда көрсетілген Тәртіпті өзгертетініне немесе 
    ауыстыратынына келіседі. Тіркелуші Тәртіптің өзгертулері күшіне енгеннен 
    кейін домендік атаудың тіркеуін қолдайтын Тіркелуші осы өзгертулер мен 
    модификацияларды мойындайтынын жалғастыруына қарсы болмайды. Егер Тіркелуші 
    осы кез келген өзгертулерді өзі үшін қолайлы деп ойласа, ол домендік 
    атаулардың деректер базасынан домендік атауды жоюын сұрауына болады. 

E.  Даулар. Тіркелуші егер оның домендік атауының тіркелуі кез келген үшінші 
    жақпен қаралатын болса, Тіркелуші Дауларды Шешу Тәртібінде анықталған 
    шарттардың әрекетіне түсетініне келіседі.  

F.  Агенттер. Тіркелуші егер осы Тіркеу Келісімі Тіркелуші үшін агентпен мысалы, 
    ISP немесе Әкімшілік Контакт/Агент әзірленген болса келіседі, осыған орай 
    осында, сонымен қатар Дауларды Шешу Тәртібінде көрсетілген барлық ережелер 
    бойынша басты жақ болып табылады. 

G.  Жауапкершіліктің шектеулілігі. Тіркелушінің кез келген шығынына осы Тіркеу 
    келісімі бойынша KazNIC жұмысының үрдісінде туатын KazNIC-пен жабу кезеңі 
    аралығында домендік атау жазбаларының кез келген  мақұлды өзгертулер 
    жасауына байланысты, сонымен қатар Тіркелушінің не бастапқы тіркеу, не 
    қайта жаңарта тіркеу, не Дауларды Шешу Тәртібінің шарттарына әрекет жасау, 
    қызметтерге ақы төлемеу нәтижесінде KazNIC жауапты болмайтынына Тіркелуші 
    келіседі. Тіркелуші KazNIC-тің максималды жауапкершілігі кез келген дерекпен 
    осы Келісім бойынша Құрама Штаттарының 500 (US$500) долларынан аспау керек.  

H.  Өтеу. Тіркелуші егер Тіркеу Келісімі KazNIC қабылдаса және зиянды өтеу үшін 
    кез келген үшінші жақпен дау туылған жағдайда KazNIC-ті қорғауға келіседі, бұл 
    мүмкіндік зиян қаупінен қорғауға, Тіркелуші Дауларды Шешу Тәртібіндегі барлық 
    жағдайлар мен шарттарды қабылдайды. 

I.  Бұзушылық. Тіркелуші осы Тіркеу Келісімінің немесе Дауларды Шешу Тәртібінің 
    кез келген шарттарын сақтамаса, KazNIC қатаң бұзушылық ретінде санап, 
    Тіркелушіге осы бұзушылықты көрсетіп, жазбаша түрде ескерту жібереді. Егер 
    осы ескертудің поштамен жіберу кезінен бастап отыз (30) күн аралығында 
    Тіркелуші растауға бас тартып, KazNIC-ті еш міндеттердің бұзылмағанына 
    қанағаттандырса, онда KazNIC Тіркелушінің домендік атауының тіркемей бас 
    тартуына болады. Тіркелушінің кез келген осындай бұзушылығы KazNIC 
    Тіркелушінің кез келген басқа бұзушылықтарына көңіл аудармағанымен, ақталды 
    деп санауға болмайды.  

J.  Кепілдіктердің жоқтығы. Тіркелуші KazNIC-те домендік атауды тіркеу кезінде, 
    осындай тіркеу домендік атауды тіркеу немесе қолдануда тосқауылдарға қарсы 
    қорғаныс қамтамасыз етпесе келіседі. 

K.  Кепілдік. Тіркелуші Тіркеу келісімінде берілген ақпарат нақты және дұрыс 
    болып табылатынына және бұл ақпараттың кез келген өзгертулері алдағы уақытта 
    домендік атаулардың өзгеру үрдістерін өткізу үшін KazNIC-ке уақытында 
    ұсынылатынына кепілдік береді. Бұл кепілдіктің бұзушылығы өте қауіпті 
    болып саналады.   

L.  Бас тарту. Тіркелуші егер осы Тіркеу Келісімі, немесе оның келесі 
    модификациясы жалған не адастырушылыққа әкелетін ақпарат құрамында болса немесе 
    кез келген ақпаратты жасырса, KazNIC-ке домендік атауын жойып тастауына болады. 
    Мүмкін KazNIC бұл деректерді қарап өз шешімі кезінде осы Тіркеу Келісімін 
    бекітеді. 

M.  Бас тарту құқығы. KazNIC өз пікірі бойынша кез келген Тіркелушінің Тіркеу 
    Келісімін бекітуде бас тарту құқығын сақтайды. Тіркелуші осы Тіркеу Келісімін 
    беруі KazNIC оны бекітуге міндетті емес екеніне келіседі.

N.  Бөлінуі. Тіркелуші осы Тіркеу Келісімінің шарттары бөлінетініне келіседі. 
    Егер кез келген шарт немесе ереже қате болса, бұл өз әрекетін тәуелді 
    жалғастыратын қалған шарттар немесе ережелерге ықпал етпейді. 

O.  Бүтінділік. Тіркелуші нақты Тіркеу Келісімі және Дауларды Шешу Тәртібі KazNIC 
    пен Тіркелуші арасында Тіркелушінің домендік атауын тіркеуге қатысты барлық 
    бастапқы келісімдер мен келісулерді және басқа қатынастарды өзімен 
    ауыстыратынына келіседі. 

P.  Жеке деректерді жинау және өңдеу үшін келісім. ҚР 2013 жылдың 21 мамырындағы 
    «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес KazNIC-ке қарауға 
    және қабылдауға тапсыру үшін, осы Тіркеу Келісімін құрастыра және тапсыра 
    отырып, Тіркелуші осы нысанда баяндалған мақсаттар үшін жеке деректерді толық 
    көлемде жинауға, сақтауға және өңдеуге өзінің сөзсіз келісімін білдіреді. 
    ҚР 2015 жылдың 24 қарашасындағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына, 
    және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Интернеттің 
    қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және 
    тарату Қағидасына сәйкес, WHOIS жүйесінде тіркелуші және әкімшілік байланысы 
    туралы ақпарат көрсетілетін болады.
    
Q.  Құқық өктемділігі. Тіркелуші нақты Тіркеу Келісімі Қазақстан Республикасының 
    заңдарымен сәйкес, барлық қатынастарда бағынатынына және талқыланғанына 
    келіседі.

R.  Бұл # 1 версияның Домендік атауын Тіркеу туралы Келісімі. Бұл Тіркеу Келісімі 
    тек KZ зонасындағы екінші деңгейлі домендік атауларды тіркеу үшін қызмет етеді. 
    Осы Тіркеу Келісімін құрап KazNIC-ке қарастыру және қабылдауға беру үшін 
    Тіркелуші жоғарыда көрсетілген  A әрпінен R әрпіне дейінгі бөлімдерді оқып, 
    оларға бағынуға қарсы еместігін білдіреді. 

Domain Version Number: 3.2

Авторизация
0a. (N)Жаңа (M)Өзгерту (D)Жою..............:
0b. Авторизации тізбесі....................:
0c. Авторизирующий Ақпарат.................:

1.a Мақсаттарды көрсету....................:
1.b Қолдау кезеңі (1-10)...................:

2. Толық Домендік Атау.....................:

Домендік атауды қолданатын ұйым (Тіркелуші)
3a. NIC нөмірі (егер белгілі болса)........:
3b. (I)Жеке немесе (R)Рөльдік?.............:
3c. Т.А.Ә..................................:
3d. Ұйым атауы.............................:
3e. Мекен-жайы.............................:
3f. Қала...................................:
3g. Облысы.................................:
3h. Пошталық индексі.......................:
3i. Ел коды (2әріп)........................:
3j. Телефон нөмірі.........................:
3k. Факс нөмірі............................:
3l. E-mail адресі .........................:
3m. (R)Орысша немесе (E)Ағылшынша..........:

Әкімшілік Контакт/Агент
4a. NIC нөмірі (егер белгілі болса)........:
4b. (I)Жеке немесе (R)Рөльдік?.............:
4c. Т.А.Ә..................................:
4d. Ұйым атауы.............................:
4e. Мекен-жайы.............................:
4f. Қала...................................:
4g. Облысы.................................:
4h. Пошталық индексі.......................:
4i. Ел коды (2әріп)........................:
4j. Телефон нөмірі.........................:
4k. Факс нөмірі............................:
4l. E-mail адресі .........................:
4m. (R)Орысша немесе (E)Ағылшынша..........:

Техникалық Контакт
5a. NIC нөмірі (егер белгілі болса)........:
5b. (I)Жеке немесе (R)Рөльдік?.............:
5c. Т.А.Ә..................................:
5d. Ұйым атауы.............................:
5e. Мекен-жайы.............................:
5f. Қала ..................................:
5g. Облысы.................................:
5h. Пошталық индексі.......................:
5i. Ел коды (2әріп)........................:
5j. Телефон нөмірі.........................:
5k. Факс нөмірі............................:
5l. E-mail адресі..........................:
5m. (R)Орысша немесе (E)Ағылшынша..........:

Есептеулер үшін контак
6a. NIC нөмірі (егер белгілі болса)........:
6b. (I)Жеке немесе (R)Рөльдік?.............:
6c. Т.А.Ә..................................:
6d. Ұйым атауы ............................:
6e. АдресМекен-жайы .......................:
6f. Қала...................................:
6g. Облысы.................................:
6h. Пошталық индексі.......................:
6i. Ел коды (2әріп)........................:
6j. Телефон нөмірі.........................:
6k. Факс нөмірі............................:
6l. E-mail адресі..........................:
6m. (R)Орысша немесе (E)Ағылшынша..........:

Атаулардың бірінші Сервері
7a. Бірінші Сервер атауы (Хосттың).........:
7b. Бірінші Сервердің тораптық мекен-жайы..:

Атаулардың екінші Сервері
8a. Екінші Сервер атауы...................:
8b. Екінші Сервердің тораптық мекен-жайы..:

8c. Екінші Сервер атауы...................:
8d. Екінші Сервердің тораптық мекен-жайы..:

8e. Екінші Сервер атауы...................:
8f. Екінші Сервердің тораптық мекен-жайы..:

8g. Екінші Сервер атауы................:
8h. Екінші Сервердің тораптық мекен-жайы..:

8i. Екінші Сервер атауы................:
8j. Екінші Сервердің тораптық мекен-жайы..:

Серверлік құрылғының орналасқан жері
9a. Мекен-жайы.............................:
9b. Қала...................................:
9c. Облысы.................................:


КЕЛІСІМ СОҢЫ


-----НҰСҚАУЛАР-----

I.  Нақты Тіркеу Келісімі KazNIC-ке келесі әрекеттерде жүзеге асыру үшін берілу 
    керек: 

a.  Жаңа Домендік атауды тіркеу.

b.  Домендік атаудың жазбасын өзгерту.

c.  Домендік атауды жою.

d.  Домендік атауды тапсыру.

Нұсқаулар, әр әрекет үшін қатысты бастапқы мәліметтер бойынша табуға болады. 
Сіздің келісіміңізді жылдам өңдеуді қамтамасыз ету үшін төменде көрсетілген 
нқсқауларды оқуларыңызды өтінеміз. 

II. Тіркеу Келісімі "hostmaster@nic.kz" мекен-жайы бойынша E-mail электрондық 
    поштасымен KazNIC-ке бекітуге ұсынылды.  

III. Тіркеу Кеілісімін алғаннан кейін KazNIC оның алуын Email арқылы бекітеді. 
     Хабарлама "KZ-YYMMDD.#" (# - 1-ден 5-ке дейінгі келесі нөмірі.   
     
     Нақты осы Тіркеу Келісімінің қатынасында Email-ды жіберу кезінде Subject 
     жолында осы нөмірді қолданыңыз.   

IV.  Тіркеу Келісімін бастапқы қабылдау және оны әзірлеу кезінде домендік 
     атаудың тіркеуі аяқталғанын хабарлап Email жібереді. 

V.   Тіркеу Келісімін өзгертпеңіз және Тіркеу Келісімінің Версия Нөмірін жойып 
     тастамаңыз. 

VI.  Тіркеу Келісімін құрудан бұрын, http://nic.kz/cgi-bin/whois мекен-жайы 
     бойынша KZ домендік атаулардың деректер Базасында осы домендік атаудың 
    тіркелмегенін тексеріңіз. 
  
Деректер базасының ақпаратын қажетті кезде қолданыңыз. Бұл Сіздің Тіркеу 
Келісіміңіздің қайтару мүмкіндігін кемітеді. 


ЖАҢА ДОМЕНДІК АТАУДЫ ТІРКЕУ


0 бөлім — Тіркеу Типі және Қауіпсіздік

*   0a тармағы: Қос нүктеден кейін  жаңа домендік атауды тіркеу үшін "N" немесе 
    "New" сөзін жазыңыз. 

*   Авторизация Тіркелушінің домендік атау туралы ақпаратты мақұлды емес 
    өзгертулерден (0b и 0c тармақтары) қорғау үшін керек.
    Қауіпсіздік туралы көбірек ақпарат алу үшін http://nic.kz/security/ 
    мекен-жайынан қарауыңызға болады. 
  

*   Егер 0a тармағы (N)ew белгіленсе, 0b и 0c тармақтары қабылданбайтын 
    болады(0b и 0c тармақтары тек (M)Өзгертуде және (D)жоюда қолданылады).


1 бөлім — Тіркеуді тағайындау

*   Тіркелушінің домендік атауын және оның тағайындалуын қысқаша сипаттама көрсетіңіз.
    Сипаттама 2 бөлімде көрсетілген жоғары деңгейлі доменнің таңдауын негіздеу керек. 


2 бөлім - Толық Домендік Атау

*   Өзіңіз тіркегіңіз келетін тиісті домендік атауды "EXAMPLE.KZ" осы мысалдай 
    көрсетіңіз. Екі бөліктің жалпы ұзындығы (екінші деңгей.жоғары деңгей) 25 
    символдан (.kz 3 символды косқанда) аспау керек. Домендік атауда жазуға 
    болатын негізгі – әріптер, сандар және алу (-) таңбасы. 
    Домендік атау алу (-) таңбасымен басталып немесе аяқталмау керек. 

*   Тіркелуші атаулардың нақты берілуіне жауапты; атаулар берілген түрінде 
    тіркелетін болады; кез келген өзгертулер тіркеу қызметтеріне қосымша 
    төлеуді қажет етеді. 

3 бөлім — Домендік атау Тіркелушісі

*   Домендік атау жеке тұлға (мысалы, Иван Иванов) болса да, «заңды тұлға» 
    ретінде тіркелетін болады. Тіркелуші атауы ретінде "dba" немесе 
    қысқартуларды көрсетпеңіз. Бұл бөлімде Internet - Провайдер ("ISP") емес, 
    Тіркелушінің заңды атауын және мекен-жайын көрсетуі керек. 
  

*   Егер 3d или 3e тармақтары сіздің еліңізге қолдануға келмесе, онда бұл 
    тармақтарды бос қалтырыңыз. 3a, 3b, 3c и 3f тармақтары толтырылмаса,  
    Келісім қабылданбайтын болмайды. 

*   3f тармағы не елдің атауы немесе оны екі әріпті кодпен белгілеу керек. 
    Елдердің кодтар тізімін http://www.isi.edu/div7/iana/domain-names.html 
    мекен-жайынан көруге болады.


4, 5 & 6 бөлімдері - Контакттар

*   Әкімшілік Контакт/Агент — 3a тармағында көрсетілген заңды тұлғаның атынан 
    әрекет үшін домендік атаудың Тіркелушісімен уәкілетті тұлға немесе ұйым. 
    Әкімшілік Контакт/Агент домендік атауды қолдану жоспарлары және поддомендер 
    ұйымының үрдістері туралы техникалық емес сұрақтарына жауап беруге тиіс. 

*   Техникалық Контакт — бағдарламалық қамтамасыз етуге және деректер базасының 
    файлдарына қатысты Тіркелушінің атауының бірінші серверін қолдайтын тұлға 
    немесе ұйым. Техникалық контакт жұмыс жағдайындағы атаулар серверін қолдайды 
    және домендік атауға ықпал жасайтын мәселелерді шешу үшін техникалық тұлғамен 
    қарым-қатынаста болады.   Көбінесе бұны ISP орындайды.

*   Тіркеу немесе қайта жаңарту кезінде шоттар жазылатын есептеулер үшін Контактісі.

*   Егер Тіркеу Келісімінде Техникалық Контакт немесе Есептеулер үшін Контактісі 
    туралы ақпарат жоқ болса, онда домендік атаудың Тіркелушісі бұл рөлді 
    Әкімшілік Контактке/Агентке орындауды тапсырды. 

*   Егер контакт ешқашан тіркелмесе немесе NIC-нөмірі белгісіз болса, "a" (NIC) 
    тармағын бос қалдырыңыз. Бағдарламалық қамтамасыз ету оны бар контактілік 
    жазбалармен қосады. Егер деректер базасында Тіркеу Келісіміндегі ақпаратқа 
    көптеген маңызды белгілермен (атауы, ұйымы, телефоны, Email) сәйкес болатын 
    контактілік жазба табылса, Тіркеу Келісімінде көрсеткен ақпаратыңызды 
    деректер базасының ақпараты жауып тастайды (Басқаша айтқанда, контактілік 
    жазба Тіркеу Келісімімен түзетілмеу керек).

*   KazNIC деректер базасының әрбір Контактісіне деректер базасындағы қалған 
    Контактілерден айыру үшін NIC нөмірі – уникалды таңба иемделінеді. Әрбір 
    тұлға немесе Рөлде тек бір нөмір ғана болу керек. Егер ол нөмір деректер 
    базасында бар болса, "a" тармағында көрсетіп, бөлімнің қалған бөлігін бос 
    қалдырыңыз. Егер нөмір көрсетіліп, қосымша ақпаратта болса, тек нөмір ғана 
    қолданылатын болады. Кез келген қосымша ақпарат қабылданбайды. Контактінің 
    нөмірін керекті кезде қолданыңыз. 
  

*   b тармағы Сіз тіркейтін контактінің типін көрсетеді. Егер контакт жеке болса 
    "I" әрпін қойыңыз. Егер бұл топ немесе ұйымның мүшелері осы қызметте болса, 
    "R" әрпін қойыңыз. 

*   c тармағы — Жеке тұлға немесе Рөлдің тіркеуі болады.
    Жеке тұлға үшін толық атыңызды көрсетіңіз (Тегі, Аты және Әкесінің аты). 
    Атауларды қолданбаңыз. Егер мысалы, "Jr." немесе "III" жұрнақтары 
    қолданылатын болса, жұрнақтан атыңызды үтірмен белгілеңіз. Мысалы, "Grozny, 
    Ivan V., III"  Контактісі үшін "IVG123" нөмірі иемделінетін болады. Рөлдік 
    Контактілер үшін толық атыңызыды, мысалы, " Customer Service Support Center" 
    үшін CSSC-ORG нөмірі беріледі. Нөмірдің максималды ұзындығы - 10 символдан 
    тұрады.

*   e тармағы — Мекен-жайлар.

*   j, k, и l тармақтарындағы көптеген деректер үтірмен бөліну керек. 
*   Егер NIC нөмірі көрсетілмесе, әрбір контакті үшін a, b, c, d, e, f, i, j, l 
    тармақтары толтырылу керек. Осындай ақпарат болмаса, Келісімдер қайтарылатын 
    болады. 


 7 & 8 бөлімдері — Атау Серверлері

*   a и b тармақтары толығымен толтырылу керек. 7 и 8 Бөлімдердегі ақпарат 
    толығымен болмаса, қайтарылатын болады.  

*   Егер сізде өзіндік сервер атауы болмаса, көптеген ISP Сіз үшін біреу немесе 
    бірнеше атаулар серверін ұсынуына болады. Атау серверлерін олардың иелерінің 
    растауларынсыз көрсетпеңіз. Аталған серверлердің иелері сіздің домендік 
    атауыңыз жұмыс істеместен бұрын, серверлерді кескіндеп етуі керек. 

*   Егер бұл мүмкін болса, атау серверлері басқа орындарда және басқа тораптарда 
    орналасу керек. 

*   Атау сервері болатын машинаның толық атауын көрсетіңіз. Мысалы, тек 
    machinename." емес, "machinename.domainname.kz" қолданыңыз. 

*   Егер бірнеше екінші атаулар серверін қолдану болса, онда c, d, e, f, g, h, 
    i, j  тармақтарын қолданыңыз. Барлығына екінші атаулар серверін қоюға болады. 

*   Жаңа домендік атауды тіркеу туралы Келісімі деректер базасында тіркелген не 
    Хост (атаулар серверінің атын) атауын, не Атаулар серверінің тораптық (IP) 
    екен-жайын өзгертпейді (Хост немесе тораптық мекен-жайдың атауын өзгерту үшін 
    Host Template қойыңыз). Host Template туралы толығымен білу үшін 
    "http://nic.kz/templates/host-template-kaz.jsp".) мекен-жайына кіруіңізге 
    болады.


9 бөлім — Серверлік құралдың орналасқан жері

*   Бұл бөлімде домендік атаумен тапсырылған интернет ресурсты (вэб-сайт, пошталық 
    сервер, ftp және т.б.) қоятын серверлік құралдың орналасқан жері көрсетіледі. 

*   a, b, c тармақтары толтырылу керек. Осындай ақпарат болмаса, Келісімдер 
    қайтарылатын болады. 


ДОМЕНДІК АТАУДЫҢ ЖАЗБАСЫН ӨЗГЕРТУ 

*   Домендік атаудың бар жазбасын өзгерту «ауыстыру» арқылы жасалған. Бұл деректер
    базасындағы түрлі жолдар құрамы Тіркеу Келісімінен жаңа ақпаратпен ауыстырылады. 
    Егер Сізге домендік атау, атаулар сервері немесе контакті туралы ақпарат белгісіз 
    болса, KZ Домендік Атаулардың Деректер Базасын http://nic.kz/cgi-bin/whois 
    мекен-жайында қолданыңыз. 
  
*   Егер Сіз домендік атауды Тіркелушінің бір ұйымынан Тіркелушінің екінші ұйымына 
    тапсырғыңыз келсе, ДОМЕНДІК АТАУЛАРДЫ ТАПСЫРУ БОЙЫНША  нұсқауын қараңыз. 

*   Домендік атаудың емлесі өзгертілген Келісімді тапсырумен өзгертілмейді. Егер 
    Сіз домендік атауыңыздың емлесін өзгерткіңіз келсе, онда сіз жаңа домендік атау 
    үшін жаңа Тіркеу Келісімін және ескі атауыңызды жоюға дайын болған кезде, 
    тіркеуді жою Келісімін жіберуіңіз керек. Сіз тіркеу қызметтерін қайтадан төлеуіңіз 
    керек; алдыңғы төлемдер аударылмайды. 

*   Егер Сіз Контактілік Жазбаны өзгерткіңіз келсе, 
    "http://nic.kz/templates/contact-template-kaz.jsp" мекен-жайы бойынша  
    Contact Template шаблонын қолданыңыз. 

*   Егер Сіз Атаулар Серверінің жазбасын өзгерткіңіз келсе, 
    "http://nic.kz/templates/host-template-kaz.jsp" мекен-жайы бойынша Host 
    Template  шаблонын қолданыңыз. 


 0 бөлімі — Тіркеу типі және қауіпсіздік 

*   0a тармағы — бар домендік атаудың тіркеуін өзгерту туралы көрсету үшін "M" 
    символы немесе "Modify" сөзін қою керек. 

*   Өзгертулер домендік атаудың Тіркелушісінің орнатылған Контактілермен, 
    қауіпсіздік белгілеріне сәйкес жасалады. Егер Контактілер кез келген қауіпсіздік 
    деңгейін таңдамаса, өзгерту жасалынады, егер Тіркеу Келісімі домендік атауды 
    Тіркелушімен немесе Әкімшілік Контактпен/Агентпен берілсе, 0b және 0c 
    тармақтары өзгертуге берілген контактімен таңдалған қауіпсіздік деңгейінен 
    тәуелді болады. 

  - Егер 0b бос болса, 0c тармағы қабылданбайтын болады.
  - Егер 0b тармағында "M" немесе Mail-From болса, 0c тармағы қабылданбайтын болады.
  - Егер 0b тармағында "C" немесе "Crypt-PW" болса, 0c тармағына сіздің мәтіндік 
    пароліңізді (шифрленген паролдің мәтіні). 
  - Егер 0b тармағында "P" немесе "PGP" болса, 0c тармағы қабылданбайтын болады. 
    Жіберуші PGP кілтімен Тіркеуді Өзгерту туралы Келісімге қол қойып, оны жай 
    мәтінмен жіберу керек. 

*   Контактімен таңдалған қауіпсіздік белгілеріне сәйкес, қарау немесе өзгертудің 
    аяқталуы туралы ескерту жасалады. Егер еш қауіпсіздік белгісі таңдалмаған болса, 
    онда жуық арада өзгерту күшіне енген кезде ескерту жіберілетін болады: 

  - сұраныс беруші
  - ескі және жаңа контактілерге егер контактілер өзгерсе 
  - ескі және жаңа бірінші атаулар сервері орналасқан домендердің Техникалық 
    Контактісімен атаулар серверлері өзгерсе.

*   Өзгерту туралы ақпаратты бұндай тарату кіретін жақтар осындай өзгертумен 
    мүмкін келісетініне немесе келіспеушілігіне кепілдік береді. 

*   Қауіпсіздік деңгейлері туралы ақпаратты алу және парольдарды шығару үшін 
    "http://nic.kz/security" қараңыз.

*   0-дан 2-ге дейінгі бөлімдерді, сосын тек өзгертілетін Бөлімдерді толтырыңыз. 
    Толтырылған Тіркеу Келісімі "hostmaster@nic.kz" мекен-жайы бойынша жіберілу керек. 


 1 бөлім — Өзгерту мақсаты

Өзгерту мақсатын қысқаша 1a тармағында сипаттаңыз.

Егер деректер базасында көрсетілген нақты уақытқа өзгерту туралы сұраныс 
контактіден жіберілмесе, онда сұраныс әзірленбестен бұрын, растау үшін деректер 
базасында көрсетілген контактіге қайта жіберіледі. 
1b тармағында қалайтын қолдау мерзімін 2-ден 10 жылға дейінгі кезеңді көрсетуге болады. 

 2 бөлім — Толық Домендік Атау

*   Өзгертілетін домендік атауды көрсетіңіз, (мысалы: "EXAMPLE.KZ").Бұл бөлім 
    міндетті емес. 

 3 бөлім — Домендік Атауды қолданатын ұйым

*   Егер жеке тұлға (мысалы, Иван Иванов) болса да, домендік атау «заңды тұлға» 
    ретінде тіркеледі. (Өзгерту кезінде бір заңды тұлғадан екінші заңды тұлғаға 
    домендік атауды беруге болмайды. Домендік Атауды Тапсыру бөлімін қараңыз).

 4, 5 & 6 бөлімдер - Контакттілік

*   Контакт тек басқа Жеке тұлғаны немесе контакттік рөлді қоюы кезінде 
    өзгертілетін болады. Егер жаңа контактілік ақпарат деректер базасында бар 
    болса, (a) тармағында NIC нөмірін енгізіңіз. Жаңа контактіні тіркеу үшін b 
    тармағын толтырыңыз. Егер Сіз алдын ала тіркелген Контактімен (мысалы, Email 
    мекен-жайы, Телефон нөмірі және т.б.) байланысты ақпаратты өзгерткіңіз келсе, 
    Сіз Contact Template ұсыну керек.  

 7 & 8 бөлімдер — Бірінші және Екінші Атаулар Серверлері 
*   Бірінші және екінші атаулар серверін өзгерту үшін a және b тармақтарын толтыру 
    керек. Егер бір атау сервері өзгертілсе де, атаулар серверлерінің толық тізімі 
    ұсынылу керек. 

 9 бөлім - Серверлік құралдың орналасқан жері 

*   Серверлік құралдың орналасқан жерін өзгерту үшін a, b және с тармақтарын 
    толтырыңыз. Егер тек бір жол ғана ауыстырылса да, 9 бөлімнің барлық жолдары 
    толтырылу керек. 


ДОМЕНДІК АТАУДЫ ЖОЮ 

*   Тіркелуші немесе Әкімшілік Контакттен/Агенттен келген сұраныс қауіпсіздік 
    бойынша барлық шарттар сақталған болса, қабылданған деп саналады. 

*   Жоюды жасау туралы ескерту жіберілетін болады:
  - сұраныс берушіге
  - осы уақытта көрсетілген контактіге
  - бірінші атаулар сервері орналасқан доменнің Техникалық Контактісіне.

*   Осы домендік атау үшін осы уақытқа атау сервисін ұсынушы ISP-ден келген 
    сұраныс домендік атауды «Ұстауға» орнатуға әкеп соқтырады. 

*   Егер сұраныс жоғарыда көрсетілгендердің біреуінен де келмесе және контактілер 
    үшін орнатылған қауіпсіздік талаптарына жауап берілмесе, онда ол сұраныс беруші 
    мен тіркелуші арасында қатынастарды ары қарай шешуге қайтарылады. Тағы Әкімшілік 
    Контакт/Агент және Техникалық Контакт хабарландырылады.

*   Егер ISP атау сервисін ұсынуды тоқтатса, домендік атау «ұстауға» орнатылатын 
    болады. «Ұстау» домендік атаудың "http://nic.kz/cgi-bin/whois"-дағы "whois" 
    арқылы көрінетінін бірақ қолданылмайтын болатынын білдіреді.

*   Жоюды талап ететін толтырылған Тіркеу Келісімі "hostmaster@nic.kz"-ке жіберілу 
    керек. 


 0 бөлімі — Тіркеу Типі және Қауіпсіздік

*   0a тармағындағы - "D" әрпі немесе "Delete" сөзі бар домендік атаудың тіркеуін 
    жоюды көрсету үшін.

*   Жоюлар Тіркелушінің Контактілері үшін орнатылған қауіпсіздік белгілеріне 
    сәйкес жасалатын болады. 

*   0b және 0c тармақтары өзгертуге сұраныс берген контактімен таңдалған 
    қауіпсіздік деңгейіне тәуелді болады. 

*   Егер 0b тармағы бос болса, 0c тармағы қабылданбайтын болады.

*   Егер 0b тармағында "M" немесе "Mail-From" болса, 0c тармағы қабылданбайтын 
    болады.

*   Егер 0b тармағында "C" немесе "Crypt-PW" әрпі болса, өзіңіздің мәтіндік 
    пароліңізді 0c тармағына енгізіңіз (шифрленген парольдің жай мәтіні).

*   Егер 0b тармағында "P" или "PGP" әрпі болса, 0c тармағы қабылданбайтын болады. 
    Сұраныс беруші PGP кілтімен Тіркеуді Өзгерту туралы Келісімге қол қойып, 
    оны жай мәтінмен жіберу керек.
 
*   Жоюларды қарау туралы ескерту Контактімен таңдалған қауіпсіздік белгілеріне 
    сәйкес жасалатын болады. Егер еш қауіпсіздік белгісі таңдалмаған болса, онда 
    өзгерту туралы ескерту жіберілетін болады: 
  - сұраныс берушіге
  - контактіге

* Өзгерту туралы ақпаратты бұндай тарату барлық кіретін жақтарға осындай жоюмен 
    келісу немесе келіспеу мүмкіндігін береді.


 1 бөлім — Жою Мақсаты

*   Егер жою туралы сұраныс контактіден жіберілмесе, онда сұраныс әзірленбестен 
    бұрын, растау үшін деректер базасында көрсетілген контактіге қайта жіберіледі. 


*   Егер атауларда кейбір қосымша жазбалар, мысалы, Контактілер немесе Серверлер 
    жойылатын болса, онда Сіз жоғарыда көрсетілген сәйкес Contact Template немесе 
    Host Template шаблондарын пайдалануыңыз керек. 


 2 бөлім — Толық Домендік Атау

*   Жойылатын домендік атауды көрсетіңіз (мысалы, "EXAMPLE.KZ").


 3 бөлімнен 9 бөлім бойынша

* Бұл бөлімдер бос қалу керек. 


ДОМЕНДІК АТАУДЫ ТАПСЫРУ

Бұндай үдеріс егер сіз домендік атауды Тіркелушінің бір ұйымынан Тіркелушінің 
екінші ұйымына тапсырғыңыз келсе қолданылады. Егер Сіз домендік атауыңызды жаңа 
ISP-ге орналстырғыңыз келсе, Домендік Атауды Тапсыру үдерісі қолданылмайды. 
ISP-ді ауыстыру үшін домендік атаулар жазбасын Өзгерту бойынша нұсқауларды қараңыз.

Домендік атауды тапсыру үшін екі бөлек Тіркеу Келісімі қажет. 
Домендік атаудың ағымды ұстаушысы өзінің домендік атауын жою үшін Тіркеу Келісімін 
толтырады. Домендік атауды алатын жақ жаңа Тіркеу Келісімін толтырып, екі Тіркеу 
Келісімін KazNIC-ке бір Email-ға тапсырады.

Тәртіп төмендегідей:

  - Ағымды Әкімшілік Контакт/Агент Тіркеу Келісімінің 0 мен 2 тармақтарын толтыру 
    керек. 0a тармағында "D" немесе "Delete" сөзі болу керек. 
    Бұл Тіркеу Келісімі Email арқылы домендік атауды алушы жаққа жіберілу керек. 
    Subject жолында "Transfer Domain" жолы және домендік атау болады. 

  - Домендік атаудың жаңа Тіркелушісі "N" или "New" сөзі бар 0a тармағымен 
    толтырылған барлық сәйкес тармақтарды бөлек Тіркеу Келісімімен толтыру керек. 
  - Жаңа Тіркелуші Жаңа Тіркеу Келісімін Email-ға қосып, ағымды домендік ұстаушыдан 
    қабылданған және бірлескен Тіркеу Келісімдерін бір сұраныс сияқты 
    "hostmaster@nic.kz" мекен-жайына жіберу керек. 

  - Егер ағымды Әкімшілік Контакт/Агент Internet-ке кіре алмаса, онда ол KazNIC-ке 
    және аудару алушысына уәкілеттік беруде Тіркелуші сияқты ұйымның бланкісінде, 
    лауазымдық тұлғаның қолымен және ұйымның атауымен факс арқылы хабарлама жіберу 
    керек. 
  - Егер домендік атауды алушы Internet-ке кіре алмаса, алушы домендік атауды 
    қолдайтын ISP таңдаудан Email пошта жәшігін ашуға болады.  

*   Email — сәйкес уәкілеттіктерді ұсыну үшін екі жақтың бастапқы түрі тиіспеген 
    түрінде қалу керек; егер аутентификацияның альтернативті әдістері (Crypt 
    Password или PGP) қолданылмаған болса, контакттар үшін WHOIS ағымды жазбасының 
    email мекен-жайы ұқсас болу керек. Егер тапсырыс ағымды ұстаушымен рұқсат 
    етілмегені анықталса, Тіркеу Келісімдері әзірленбейді және қайтарылатын болады. 

-----НҰСҚАУ СОҢЫ---