[ URL http://nic.kz/templates/host-template.jsp ] [ 12/99 ]


Жеке деректерді жинау және өңдеу үшін келісім. ҚР 2013 жылдың 21 мамырындағы 
«Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес KazNIC-ке қарауға және 
қабылдауға тапсыру үшін, осы DNS СЕРВЕРЛЕРІН тіркеу/өзгерту/жою Нысанын 
құрастыра және тапсыра отырып, Тіркелуші осы нысанда баяндалған мақсаттар үшін 
жеке деректерді толық көлемде жинауға, сақтауға және өңдеуге өзінің сөзсіз 
келісімін білдіреді. 
ҚР 2015 жылдың 24 қарашасындағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына, және 2016 жылдың
28 қаңтарындағы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Интернеттің
қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және
тарату Қағидасына сәйкес, WHOIS жүйесінде тіркелуші және әкімшілік байланысы 
туралы ақпарат көрсетілетін болады.


************* Версия Нөмірін ЖОЙМАУЫҢЫЗДЫ өтінеміз ********************

Host Version Number: 2.0

*** Төменде көрсетілген НҰСҚАУЛАРДЫ қарауларыңызды өтінеміз ***

Авторизация
0a. (N)ew (M)odify (D)elete..........:
0b. Авторизации тізбесі..............:
0c. Авторизация үшін ақпарат.........:

Host
1a. NIC Нөмірі (егер белгілі болса)..:
1b. Хост атауы.......................:
1c. IP мекен-жайы....................:

Контакттілік тұлға
2a. NIC Нөмірі(егер белгілі болса)...:
2b. (I)ndividual (R)ole..............:
2c. ТАӘ..............................:
2d. Ұйым атауы.......................:
2e. Көше.............................:
2f. Қала.............................:
2g. Облыс............................:
2h. Пошталық индексі.................:
2i. Ел Коды..........................:
2j. Телефон Нөмірі...................:
2k. Факс Нөмірі......................:
2l. E-mail...........................:
2m. (R)Орысша немесе (E)Ағылшынша....:


---------------------- осы жерден қиыңыз ---------------------------

                        ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР


  Жаңа Хостты тіркеу үшін Хост жазбаларындағы бар өзгертулерді жүзеге асыруға, 
  сонымен қатар KZ домендік атаулардың Деректер Базасынан Хостты жою үшін жоғарыда 
  көрсетілген шаблонды пайдаланыңыз. Тек осы шаблон ғана hostmaster@nic.kz. 
  мекен-жайына email арқылы жіберіледі. KazNIC-ке тіркеу туралы сұраныс (???Who?) 
  көшірмесін жібермеулеріңізді өтінеміз. 
  Егер Сізде осындай мүмкіндік болмаса, форманы Сіздің Internet-Провайдер (ISP) 
  email арқылы жіберуге болады. Түскен тіркеу сұраныстарын реттеу мен орналастыру 
  оңайға түсу үшін Хост атауымен "NEW HOST", "MODIFY HOST", немесе "DELETE HOST" 
  сөздері Subject-ке хаттар жазылу керек. Шаблонды тапсыру жауабына Сіз нөмірімен 
  автожауап алуыңыз керек. Осы берілген нөмірін осы тіркеуге қатысты жүргізетін 
  алдағы уақыттағы хат алмасу кезінде пайдаланыңыз. Тіркеу аяқталған кезде Сіз 
  email арқылы ескерту аласыз.

  Шаблонның өзін түземеуіңізді және версия нөмірін жоймауыңызды өтінеміз. 
  Шаблонды әзірлейтін Бағдарламалық Қамтамасыз ету тармақ нөмірін нүкте және қос 
  нүктемен іздейді. Қос нүктеден кейінгі ақпарат тексеріліп, деректер базасына 
  енгізіледі. Бір хатта тек бір шаблонды жіберулеріңізді өтінеміз. Шаблонды 
  толтыру кезінде http://nic.kz/cgi-bin/whois арқылы Хост пен Контакт 
  тіркелгенін тексеріңіз. Бұндай ақпаратты қажетті жерде ғана пайдаланыңыз. 

  Ары қарай ЖАҢА, ӨЗГЕРТУ, және ЖОЮ тәртіптері үшін әр тармақты толтыруда келесі 
  нұсқаулар болады. 


                      ХОСТТЫҢ ЖАҢА ЖАЗБАСЫН ТІРКЕУ 

0 бөлімі - Авторизация

0a тармағында, жаңа Хостты тіркеу үшін "N" немесе "New" әрпін енгіземіз.

   0b және 0c тармақтары бұл кезде бос қалу керек.  

  Жаңа Хостты құруға сұраныс қатысты тұлғадан түсуі КЕРЕК. 
  Мысалы, егер Хост "NS.EXAMPLE.KZ" жаңа сияқты тіркелсе, тіркеу сұраныс 
  "EXAMPLE.KZ" доменінің ағымды Әкімшілік немесе Техникалық Контакттан түсуі КЕРЕК. 


1 бөлім - Хост

   1a тармағында Хосттың NIC-нөмірі бар. Жаңа Хостты тіркеу жағдайында осы 
   тармақты бос қалдырыңыз. 

   1b  тармағында Хосттың Толық Жаңа Атауын енгізіңіз. Мысалы, тек NS емес, 
   NS.EXAMPLE.KZ енгізіңіз. Хост атауында тек әріптер, сандар, және "-" алу 
   таңбасын қолдануға болады. Домендік атау мен жоғары деңгейлі Доменді қосқанда, 
   Хосттың максималды ұзындығы - 38 символ болу керек. 

   1C тармағында Хосттың нақты IP мекен-жайын енгізіңіз. KZ домендік атаулардың 
   базасында хосттың нақты атауы тек бір IP мекен-жайымен байланысты болуы мүмкін. 
   Егер IP мекен-жайы немесе хост атауы тіркелген БОЛСА, олар жаңа тіркеу кезінде 
   басқа Хостпен байланыса АЛМАЙДЫ. Әрбір Хостта жеке IP мекен-жайы және Хост 
   атауы БОЛУ КЕРЕК.
  

2 бөлім - Контакт

  Контакт Домендік Атау Серверлері ретінде қолданылатын Хост жұмысы техникалық 
  тұрғыда мамандандырылады. 

  KZ домендік атаулардың деректер базасындағы басқа жазбалардан айыру мақсатында 
  әрбір Контактіге жеке ұқсас – нөмір беріледі. Әр тұлға немесе рөл үшін тек бір 
  нөмір ғана болады. 

  Егер нөмір белгісіз болса, оны 2a тармағына енгізіп, қалған бөлімдердің бөлігін 
  бос қалдырыңыз. Егер нөмір енгізіліп, бірақ қосымша ақпарат ұсынылса, тек нөмір 
  ғана қолданылатын болады. Кез келген қосымша ақпарат қабылданбайтын болады. 
  Нөмірді әрқашан керек кезде қолданыңыз.  

  Егер Контактінің нөмірі белгісіз, не ертерек тіркелген болса, 2a тармағын бос 
  қалдырыңыз. Егер деректер базасында Шаблоннан (атауы, email немесе телефон) 
  көптеген маңызды ақпаратпен сәйкес келген Контакт туралы жазба болса, алдағы 
  уақытта деректер базасындағы ақпарат қолданылатын болады. Қарсы жағдайда, осы 
  Контакт тіркелетін болады.  
  Контакттік жазба Host-Template Шаблонын қолдану кезінде түзетілуге КЕЛМЕЙДІ. 
  Контакт туралы ақпаратты түзету үшін 
  http://nic.kz/templates/contact-template.txt мекен-жайындағы 
  Contact-Template Шаблоның қолданыңыз. 
  

   2b тармағында Сіз тіркейтін Контакт типін көрсетіңіз. Егер Контакт жеке тұлға 
   болса, "I" немесе "Individual" сөзін енгізіңіз. Егер осы қызметте түрлі тұлғалар 
   әрекет ететін топ немесе ұйым болса, онда R немесе Role сөзін енгізіңіз.  

   2с тармағына тіркелетін Контактінің атын немесе атауын енгізіңіз. Егер Контакт 
   жеке тұлға болса, оның аты төмендегідей енгізілу керек:
  ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ. Мысалы: Smith, John X.

  Егер Контакт рөлдік болса, 2d тармағында осы қызметті ұсынатын, 2c тармағында 
  қызмет және ұйым атауын көрсетіңіз.  
  2с тармағы кез келген Контактілер үшін МІНДЕТТІ. Егер қызмет атауы ұйым атауы 
  (???) сияқты бірдей болса, 2c тармағын осы атаумен толтырып, 
  2d тармағын бос қалдырыңыз.  

  2е тармағында мекен-жай жөніндегі ақпараттық жол кем дегенде біреу болуын талап 
  етеді. Бұл мекен-жай тілшілік бағыт үшін Контактінің жай пошталық мекен-жайы 
  болу керек. 2f және 2g тармақтарында қатысты қала немесе облысты енгізіңіз. 
  Сіз мекен-жайды енгізу үшін қанша жол қажет болса, сонша жол қосуыңызға болады. 
  Бұны 2e тармағының қайталуымен жасауға болады. 

  2i тармағында елдің екі әріпті ISO кодын енгізіңіз. Елдердің екі әріпті ISO 
  кодтарының тізімін мына мекен-жайдан табасыз:  

  ftp://rs.internic.net/netinfo/iso3166-countrycodes

  Әрбір Контакт 2j тармағында кем дегенде бір телефон нөмірін көрсетуге МІНДЕТТІ. 
  Ақпараттық мақсаттар үшін 2k тармағында факс нөмірін көрсетуге болады. 

  Барлық Контактілер үшін 2l тармағында дұрыс email – мекен-жайын көрсету керек. 

  Тұтынушы мен хост атауын "@" символымен бөліңіз. Мысалы:user@example.kz 

  

                         ХОСТ ЖАЗБАСЫН ТҮЗЕТУ


Бар жазбаны өзгерту ауыстыру арқылы жасалады. Бұл деректер базасындағы түрлі 
жолдардың құрамы Шаблондағы жаңа ақпаратпен ауыстырылады. Хост немесе Контакт 
туралы ағымды ақпаратты http://nic.kz/cgi-bin/whois сайтынан табуға болады. 

Егер түзету туралы сұраныс қатысты тұлғадан түссе, онда Хост жазбасында өзгертулер 
жасалатын болады. Бұл тұлға осы Хосттың Контактісі де, Хостың аналық домендік 
жазбасының Контактісі болады. 

Түзетулер күшіне енген кезде қатысты уақытта ескерту жіберілетін болады: 

 - сұраныс берушіге
 - егер ол басқа Контактімен ауысатын болса, Хост Контактісіне 
 - Хост орналасқан доменнің Әкімшілік және Техникалық Контактісіне. 

Осындай ескерту барлық қатысты жақтар мәліметті және осы өзгерістер бойынша 
шағымдар болмайтынына кепілдік береді. 


0 бөлімі - Авторизация

  0a тармағында Хосттың бар тіркеуін өзгерту үшін "M" или "Modify" сөзін енгізіңіз.

  Егер Хосттың Контактісі Pretty Good Privacy (PGP) шифрлендіру әдістерін немесе 
  шифрленген паролді көрсету үшін  Шаблонын қолданса, онда 0b и 0c тармақтарында 
  осымен байланысты авторизация тізбесін және ақпаратты көрсету керек. Бұл 
  тармақтарда сұранысты түзетуге және анықтауға нұсқау беретін кім екенін, 
  сұраныстың авторизацияланған көзден түскені туралы ақпарат бар. Осы тармақтар 
  Хостты түзету кезінде МІНДЕТТІ.

  0B тармағы авторизацияланған тізбе типін анықтайды. Ол MAIL-FROM, CRYPT-PW, не 
  PGP сөздерін қабылдай алады. 0c тармағында таңдалған авторизация тізбесі туралы 
  ақпарат бар. Төмендегі кестеде көрсетілгендей, 0b және 0c тармақтары CRYPT-PW 
  тізбесін қолдану кезінде МІНДЕТТІ. 

  0b және 0c тармақтарының түрлі комбинациялары:

  Егер 0b тармағы:               Онда 0c тармағы:

MAIL-FROM       Қабылданбайды. Бастапқы көзін анықтау үшін, хаттағы хабарламаны 
                түзету туралы FROM жолы тексеріледі. 
                

MAIL-FROM       өзгертуге келмейтін аутентификация тізбесі болады.

CRYPT-PW        Мәтіндік пароль (кодталған парольдің жай мәтіні).

PGP             Қабылданбайды. Сұраныс беруші өзінің PGP құпия кодының көмегімен 
                түзету туралы барлық хабарламаға қол қойып, оны жай мәтінмен  
                KazNIC-ке жіберу керек. 


1 бөлім - Хост

  1a тармағында Хосттың NIC нөмірі болады. Ол түзету кезінде МІНДЕТТІ. 


  Хосттың Толық Домендік Атауын (FQDN) 1b тармағында енгізіңіз. Мысалы, жай ғана 
  NS емес, NS.EXAMPLE.KZ түрінде. Хост Атауында тек әріптер, сандар және "-" 
  таңбасын қолдануға болады. Өзіне Домендік атауды және жоғары деңгейлі Доменді 
  қосқанда, Хост атауының максималды ұзындығы — 38 символ болу керек. 

  1с тармағында Хосттың IP нақты мекен-жайын енгізіңіз. KZ домендік атаулардың 
  деректер базасында хосттың нақты атауы тек бір IP мекен-жайымен және керісінше 
  байланысты болу керек. Егер IP мекен-жайы немесе хосттың атауы ТІРКЕЛГЕН БОЛСА, 
  олар жаңа тіркеу кезінде басқа Хосттың атауымен байланысты болмайды. Әр Хостта 
  IP жеке мекен-жайы және Хосттың атауы БОЛУ КЕРЕК. 
  

2 бөлім - Контакт

  Контакт Домендік Атаудың Сервері ретінде қолданылатын Хост жұмысы техникалық 
  тұрғыда мамандандырылады. 

  Оны басқа жазбалардан айыру мақсатында KZ домендік атаулардың деректер базасында 
  әрбір Контактіге жеке ұқсас – нөмір беріледі. Әрбір тұлға немесе рөл үшін тек 
  бір нөмір ғана болады. 

  Егер нөмір белгілі болса, оны 2a тармағында енгізіп, бөлімнің қалған бөліктерін 
  бос қалдырыңыз. Егер нөмір енгізіліп, бірақ қосымша ақпарат ұсынылған болса, 
  тек нөмір ғана қолданылатын болады. Кез келген қосымша ақпарат қабылданбайтын 
  болады. Нөмірді әр кезде мүмкін болған жағдайларда қолданыңыз.  

  Егер Контактінің нөмірі белгісіз, не ол тіркелген болса, 2a тармағын бос 
  қалдырыңыз. Егер деректер базасында шаблондағы (атауы, email немесе телефон) 
  маңызды ақпаратпен сәйкес келетін Контакт туралы жазба болса, деректер 
  базасындағы ақпарат қолданылатын болады. Қарсы жағдайда, осы Контакт тіркелетін 
  болады. Контактілік жазба Host-Template Шаблонының қолданылу кезінде түзелетін 
  БОЛМАЙДЫ. Контактілік ақпаратты түзету үшін, 
  http://nic.kz/templates/contact-template.txt мына мекен-жайдағы 
  Contact-Template Шаблонын қолданыныңыз.
    

  2b тармағында Сіз тіркейтін Контактінің типін көрсетіңіз. Егер Контакт жеке 
  тұлға болса, "I" или "Individual" сөзін енгізіңіз. Егер бұл топ немесе ұйымда 
  осы қызметте түрлі тұлғалар әрекет ете алса, R немесе Role сөзін енгізіңіз. 

  2с тармағында тіркелетін Контактінің атын немесе атауын енгізіңіз. Егер Контакті 
  жеке тұлға болса, аты ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІІҢ АТЫ түрінде енгізілу керек. Мысалы: 
  Karlybaev, Nurlan A.

  Егер Контакт рөлдік болса, 2c тармағында қызмет атауын және 2d тармағында осы 
  қызметті ұсынатын ұйым атауын көрсетіңіз. 2с тармағы кез келген Контакттар үшін 
  МІНДЕТТІ. Егер қызмет атауы ұйымның атауы сияқты болса, 2c тармағын осы атаумен 
  толтырып, 2d тармағын бос қалдырыңыз. 

   2e тармағында мекен-жай туралы кем дегенде бір ақпараттық жол болуын талап 
   етеді. Бұл мекен-жай тілшілік бағыт үшін қарапайым пошталық мекен-жай болу 
   керек. 2f және 2g тармақтарында қала және облысты енгізіңіз. 

  Сіз мекен-жайыңызды көрсету үшін қанша жол керек болса, сонша жол қоса аласыз. 
  Сіз оны 2e тармағының қайталуымен жасай аласыз. 

  2i тармағында елдің екі әріпті ISO кодын енгізіңіз. Елдердің екі әріпті 
  кодтарының тізімін ftp://rs.internic.net/netinfo/iso3166-countrycodes 
  мекен-жайынан табуға болады. 
  
  
  Әрбір Контакт 2j тармағында кем дегенде бір телефон нөмірін МІНДЕТТІ түрде 
  көрсету керек. Ақпараттық мақсаттар үшін 2k тармағында факс нөмірін көрсетуге 
  болады.  

  Барлық Контакттар үшін 2l тармағында дұрыс Internet email – мекен-жайын көрсету 
  керек. 

  Тұтынушы мен хост атауын "@" символымен бөліңіз. Мысалы:
  user@example.kz


                       ХОСТ ЖАЗБАСЫН ЖОЮ

  Хост жазбасы KZ Домендік Атаулардың деректер Базасынан сұраныс авторизацияланған 
  көзден түспеген жағдайда жойылатын болады. Бұл көз Хосттың Контактісі немесе 
  Хосттың аналық Домендік жазбасында көрсетілген Контакт болуы мүмкін. 

  Хост жойылған болса да, ол KZ Домендік Атаулардың деректер Базасында көрінетін 
  болады. Ол KZ Жоғары деңгейлі Домендік атаулар серверлерінен жойылатын болады.   

  Жою кезінде ескерту жіберілетін болады: 

  - сұраныс берушіге
  - Хосттың Контактісіне
  - Хост орналасқан Доменнің Әкімшілік және Техникалық Контактісіне. 

  Осындай ескерту барлық қатысты жақтар мәліметті және осы өзгерістер бойынша 
  шағымдар болмайтынына кепілдік береді. 

  Хост осы Хост қолданған барлық Домендік және Тораптық жазбалар түзетілмесе, 
  жойылмайтын БОЛМАЙДЫ. 



0 бөлімі - Авторизация

  0a тармағында Хосттың бар тіркеуін жою үшін "D" немесе "Delete" сөзін енгізіңіз. 

  Егер Хосттың Контактісі Pretty Good Privacy (PGP) шифрлендіру әдістерін немесе 
  шифрленген парольді көрсету үшін Contact-Template Шаблонын қолданса, онда 0b и 
  0c тармақтарында осымен байланысты аутентификация тізбесін және ақпаратты 
  көрсету керек. Бұл тармақтарда сұранысты түзетуге және анықтауға нұсқау беретін 
  кім екенін, сұраныстың авторизацияланған көзден түскені туралы ақпарат бар. Осы 
  тармақтар Хостты жою кезінде МІНДЕТТІ.

  0B тармағы авторизацияланған тізбесін анықтайды. Ол MAIL-FROM, CRYPT-PW, не PGP 
  сөздерін қабылдай алады. Бұл тармақта таңдалған аутентификация тізбесі туралы 
  ақпарат бар. Төмендегі кестеде көрсетілгендей, 0b және 0c тармақтары CRYPT-PW 
  тізбесін қолдану кезінде МІНДЕТТІ. 

  0b және 0c тармақтарының түрлі комбинациялары:

  Егер 0b тармағы:               Онда 0c тармағы:

MAIL-FROM       Қабылданбайды. Бастапқы көзін анықтау үшін, хаттағы хабарламаны 
                жою туралы FROM жолы тексеріледі. 
                

MAIL-FROM       өзгертуге келмейтін аутентификация тізбесі болады.

CRYPT-PW        Мәтіндік пароль (кодталған парольдің жай мәтіні).

PGP             Қабылданбайды. Сұраныс беруші өзінің PGP құпия кодының көмегімен 
                жою туралы барлық хабарламаға қол қойып, оны жай мәтінмен  KazNIC-ке 
                (???) жіберу керек. 


1 бөлім - Хост

  1a, 1b, и 1c тармақтарында қатысты жойылатын Хосттың нөмірін, атауын, және IP 
  мекен-жайын енгізіңіз. Бұл тармақтар ЖОЮ КЕЗІНДЕ МІНДЕТТІ. 


2 бөлім - Контакт

  Бұл бөлімді бос қалдырыңыз.