KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Ақпараттық хабарлама

IT-компанияларының Қазақстандық Қауымдастығы (.KZ доменінің әкімшісі) туылған сұраныстарға байланысты, 2010 жылғы 7 қыркүйектегі Интернет жүйесінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату туралы жаңа Қағидада .kz домендік аймағының интернет ресурстарды Қазақстан Республикасының аумағында орналастыру талабы қарастырылып, қазақстандық интернет-ресурстарды дамытуға ұсынылған.

Бұл жағдайда Қағиданы әзірлеу және мақұлдау кезінде бұл жерде «заңда кері күш жоқ» деген ереже әрекет етеді және жаңа Қағида енгізілгенге дейін тіркелген барлық домендік атауларға бұл жағдай таралмайтын болады.

Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №220 бұйрығында «нақты бұйрықтың күшін енгізгенге дейін тіркелген домендік атаулар қайта тіркеуге жатпайды және олардың тіркелген мерзімінің аяқталуына дейін қызмет етеді...» деп анық жазылған. Өкінішке орай, Қазақ торап ақпарат орталығы Мекемесінің атқарушы тұлғалары тіркеу мерзімінің аяқталуы деген тұжырымдаманы тіркеуді ұзартуға енгізілетін жыл сайынғы төлем деп .kz домендік аймағындағы тіркеушілерді қате ақпараттандырды.

Нақты Қазақстандық Қауымдастық тіркеушілер мен тіркелушілердің назарына KZ домендік аймағының интернет-ресурстарының серверлерін Қазақстан Республикасында орналастыру жаңа Қағиданың күшін енгізуге дейін тіркелген домендік атауларға таралмайды. Бірақ .kz доменінің әкімшісі тіркелушілердің өз ресурстарын Қазақстанның аумағында орналасқан серверлерді көрсету туралы шешіміне қарсы болмайды, бұл Казнет аймағының дамуына үлесін қосады.

IT- компаниларының Қазақстандық
Қауымдастығының Мүдірі,
.KZ доменінің әкімшісі
Н. Исин

Астана қ.
08.06.2011ж.