ТІРКЕУШІГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА Тіркеу орнының (KazNIC) жұмыс ережелері 1. ЖЕКЕ ШОТ Әр Тіркеушіге Тіркеу орнында жеке шот ашылады. Одан жаңа домендерді тіркеу және бар домендерді ұзарту үшін қаражат есептен шығарылады. Қалдықты қадағалап, шотты алдын ала толықтырыңыз: қаражат жеткіліксіз болса, доменді тіркеуге немесе ұзартуға әрекеттер қатемен аяқталады. 2. ЖАҢА ТІРКЕУЛЕР МЕН ҰЗАРТУ ҮШІН ТӨЛЕМ - Доменді тіркеу немесе ұзарту кезінде қызмет құны жеке шотта бұғатталады. - Егер 24 сағат ішінде домен жойылса, бұғатталған сома шотқа қайтарылады. - Егер 24 сағат ішінде домен жойылмаса, бұғатталған сома түпкілікті есептен шығарылады, ал қызмет көрсетілді деп есептеледі. - Бұғатталған сома түпкілікті есептен шығарылғанға дейін доменді ұзартуға әрекет қатемен аяқталады. - Доменді қолдаудың ең ұзақ мерзімі - 10 жыл. 3. ДОМЕНДЕРДІ АВТОМАТТЫ ҰЗАРТУ Доменді қолдау мерзімі аяқталғаннан кейін Тіркеу орны оны бір жылға автоматты түрде ұзартуға әрекет жасайды (автоұзарту, autorenew). - Егер доменде clientRenewProhibited мәртебесі белгіленген болса, автоұзарту орындалмайды, ал домен бұғатталады (Support expired сипаттамасымен serverHold мәртебесі белгіленеді). - Егер автоұзарту орындалмаса, Тіркеушінің шешім қабылдауға 30 тәулігі бар: доменді ұзарту немесе жою. - Егер 30 тәулік ішінде домен ұзартылмаса ЖӘНЕ жойылмаса, Тіркеу орны оны бір жылға автоматты түрде ұзартады (бұл ретте clientRenewProhibited мәртебесін Тіркеу орны автоматты түрде алып тастайды). 4. ДОМЕНДЕРДІҢ ТРАНСФЕРІ Тіркеуші домендер трансферіне кедергі жасамауы тиіс. - Трансферге арналған парольді (authInfo) клиенттің бірінші талабы бойынша беру керек. - Трансферді мүмкіндігінше тезірек растау керек. 5. WHOIS СЕРВИСІ Тіркеушінің алаңында өз WHOIS сервисі жұмыс істеуі тиіс. 6. ХАБАРЛАМАЛАР КЕЗЕГІ Хабарламалар кезегін үнемі оқып отырыңыз. Оған домендерді ұзарту және автоұзарту туралы, сондай-ақ трансферлер туралы хабарламалар түседі.