==================================================================================================== ТІРКЕУШІЛЕРДІ АККРЕДИТТЕУ: EPP спецификациясы бойынша техникалық тестілеу Аккредиттеуге үміткерді тексеруге арналған 16 тапсырма тізбесі ==================================================================================================== ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР -------------- - Тестілеу тестілік EPP-серверде жүргізіледі (порт 3121 - қарапайым, 4121 - TLS). - Үміткерге екі есептік жазба беріледі (clientID және пароль): 1-есептік жазба - негізгі, 2-есептік жазба - доменді көшіру тапсырмаларына (13-14) арналған. - Тапсырмалар кезекпен беріледі. Келесі тапсырма Тіркеу орны тізілімнің күйін күтілетін нәтижемен салыстырып, алдыңғысының орындалуын растағаннан кейін беріледі. - Барлық 16 тапсырма орындалса, тестілеу өтті деп есептеледі. - Объектілердің барлық атауларында (контактілер, домендер, хосттар) {N} орнына тестілеу кезінде үміткерге берілетін бірегей нөмір (6 цифр) қойылады. Мысалы, {N} = 482915 болғанда domain{N}.kz домені - domain482915.kz, reg-{N}-1 контактісі - reg-482915-1. Нақты тапсырмалардағы IP-мекенжайлар мен өзге деректер мысалдардан өзгеше болуы мүмкін. - Әр тапсырма үшін мыналар көрсетілген: Тапсырма - үміткер не орындауы тиіс; Тексеру - Тіркеу орны нені салыстырады (тізілімнің күйі және/немесе EPP-сервер жауабының коды). - Жауаптардың негізгі кодтары: 1000 - сәтті; 1001 - сәтті, әрекет кейінге қалдырылды; 1300 - кезекте хабарлама жоқ; 1301 - хабарлама бар, растау қажет; 2302 - объект бұрыннан бар; 2303 - объект жоқ; 2304 - объект мәртебесі операцияға тыйым салады; 2308 - деректерді басқару саясатын бұзу; 2003 - міндетті параметр көрсетілмеген; 2305 - басқа объектімен байланыс операцияға тыйым салады; 2201 - авторизация қатесі; 2202 - авторизациялық ақпарат дұрыс емес. 1-БЛОК. КОНТАКТІЛЕР ------------------- 1. Контактілерді құру. Тапсырма: контактілерді құру - тіркелуші (резиденттік деректермен), әкімшілік, техникалық, биллингтік және резиденттік деректері жоқ қосымша тіркелуші (теріс тексеру үшін). Әрқайсысы үшін идентификаторды, атауын/ұйымды, мекенжайын, телефонын, e-mail және authInfo көрсету. reg-{N}-1 тіркелушісі үшін қосымша contact-ext кеңейтімін (https://nic.kz/docs/doc/epp-standarts/contact-ext-1.0.txt), residenceDetails элементін беру: country (ел коды, 2 әріп), externalIdType (құжат түрі), externalIdValue (құжат нөмірі, 50 таңбаға дейін). KZ елі үшін IIN (жеке тұлғаның ЖСН-і) және BIN (заңды тұлғаның БСН-і) түрлеріне рұқсат етіледі, нөмір пішімі мен бақылау сомасы бойынша тексеріледі. Тестілік серверде тестілік нөмірлер қабылданады: ЖСН 123456789011, БСН 123456789021. Басқа елдер үшін нөмір пішімі тексерілмейді. Идентификаторлар: reg-{N}-1, reg-{N}-0 (резиденттіксіз), adm-{N}-1, tech-{N}-1, bill-{N}-1. Тексеру: команда 1000 қайтарды; infoContact әр идентификатор бойынша берілген деректерді қайтарады; сол идентификатормен контактіні қайта құру 2302 қайтарады. reg-{N}-1 үшін infoContact contact-ext кеңейтімінде residenceDetails (country, externalIdType, externalIdValue) қайтарады. country=KZ және ЖСН/БСН қате (бақылау сомасының қатесі) немесе қолдау көрсетілмейтін externalIdType болғанда контактіні құру 2005 кодымен қабылданбайды; контакт құрылмайды. 2. Контактіні өзгерту. Тапсырма: а) adm-{N}-1 әкімшілік контактісінің атауын/ұйымды, мекенжайын, телефонын, e-mail және authInfo өзгерту, жаңа мәндерді көрсету; б) adm-{N}-1 үшін clientUpdateProhibited мәртебесін белгілеу; в) adm-{N}-1 телефонын өзгертуге әрекет жасау (бас тарту күтіледі). Тексеру: а) кейін тізілімде жаңа деректер; б) кейін контактіде clientUpdateProhibited мәртебесі бар; в) әрекеті 2304 қайтарды және телефон өзгерген жоқ. 2-БЛОК. ДОМЕН ЖӘНЕ ХОСТТАР (АТАУ СЕРВЕРЛЕРІ) -------------------------------------------- Ішкі хосттарды (ns1.domain{N}.kz және т.б.) олар аймағында орналасқан домен құрылғаннан кейін ғана құруға болады. Сондықтан домен бірінші болып, атау серверлерінсіз құрылады; содан кейін хосттар құрылады, одан кейін олар доменге тағайындалады. 3. Атау серверлерінсіз домен құру. Тапсырма: checkDomain командасымен атаудың қолжетімділігін тексеріп, domain{N}.kz доменін 1 жылға мынадай параметрлермен құру: тіркелуші: reg-{N}-1; әкімшілік, техникалық, биллингтік контактілер - 1-тапсырмадағы контактілер; атау серверлерін көрсетпеу; серверлік жабдықтың орналасқан жері: Abai region, Semey, Chijevskogo, 17 (srvloc кеңейтімі: https://nic.kz/docs/doc/epp-standarts/srvlocextension.txt); доменнің authInfo-сын үміткер өзі белгілейді. Құрар алдында теріс тексеру жүргізу: reg-{N}-0 тіркелушісімен (резиденттік деректерсіз) домен құруға әрекет жасау. Домен құрылғаннан кейін reg-{N}-1 контактісінің атауын (name) және оның residenceDetails-ін өзгертуге әрекет жасау (контакт доменнің тіркелушісіне айналды), содан кейін оның телефонын өзгерту. Тексеру: 1000; infoDomain барлық контактілерді, 1 жыл әрекет ету мерзімін, сервердің орналасқан жерін және атау серверлерінің бос тізімін қайтарады; осы атау үшін checkDomain "бос емес" қайтарады. reg-{N}-0 тіркелушісімен домен құру 2003 қайтарды (residence details жоқ), домен құрылмады. Тіркелушінің name/org/residenceDetails өзгерту 2308 қайтарды және деректер өзгерген жоқ; тіркелушінің телефонын өзгерту сәтті өтті (1000). 4. Контактіні жою. Тапсырма: а) ешбір объектімен байланыспаған reg-{N}-0 контактісін жою; Тексеру: а) 1000, содан кейін infoContact 2303 қайтарады; 5. Хосттарды құру. Тапсырма: құрылған доменнің аймағында хосттар құру: ns1.domain{N}.kz IP 212.110.212.110 ns2.domain{N}.kz IP 212.110.111.111 ns3.domain{N}.kz IP 211.211.211.211 Сыртқы хосттарды құру қажет емес: ns1.fenix.com (IP 212.110.212.110) және ns2.mastercard.org (IP 212.110.111.111) хосттары тізілімде бұрыннан бар және сол күйінде пайдаланылады (7-тапсырманы қараңыз). Пайдалану алдында оларды infoHost командасымен тексеру. Тексеру: әр команда бойынша 1000; infoHost құрылған хосттар үшін дұрыс IP қайтарады; ns1.fenix.com және ns2.mastercard.org үшін infoHost бар объектілерді қайтарады; бар хостты қайта құру 2302 қайтарады. 6. Хостты өзгерту. Тапсырма: ns2.domain{N}.kz хостының IP-мекенжайын 212.111.110.110 деп өзгерту: жаңа мекенжайды қосу және ескісін бір updateHost командасымен жою. Тексеру: infoHost тек 212.111.110.110 көрсетеді. 7. Доменнің атау серверлерін тағайындау және өзгерту. Тапсырма: а) domain{N}.kz доменіне атау серверлерін тағайындау: ns1.domain{N}.kz, ns2.domain{N}.kz, ns1.fenix.com, ns2.mastercard.org; б) доменнің атау серверлері тізіміне ns3.domain{N}.kz хостын қосу; в) доменнің атау серверлері тізімінен ns1.domain{N}.kz хостын жою. Тексеру: а) кейін infoDomain-де төрт атау серверi; б) кейін - бес; в) кейін - төрт, ns1.domain{N}.kz жоқ. 8. Хостты жою. Тапсырма: а) ешбір доменмен байланыспаған ns1.domain{N}.kz хостын жою; б) доменмен байланысқан ns2.domain{N}.kz хостын жоюға әрекет жасау. Тексеру: а) 1000, содан кейін infoHost 2303 қайтарады; б) 2305, хост тізілімде қалды. 3-БЛОК. ДОМЕНДЕР (ЖАЛҒАСЫ) -------------------------- 9. Доменнің контактісін ауыстыру. Тапсырма: domain{N}.kz доменінің bill-{N}-1 биллингтік контактісін bill-{N}-2 контактісіне ауыстыру (алдын ала bill-{N}-2 контактісін құру), содан кейін босаған bill-{N}-1 контактісін жою. Тексеру: infoDomain жаңа биллингтік контактіні көрсетеді; bill-{N}-1 жою 1000 қайтарды; bill-{N}-2 жоюға әрекет (домен пайдаланады) 2305 қайтарады. 10. Доменнің мәртебелерін белгілеу. Тапсырма: domain{N}.kz домені үшін clientRenewProhibited және clientUpdateProhibited мәртебелерін белгілеп, содан кейін тексеру операцияларын орындау: доменді ұзартуға және оның атау серверлерін өзгертуге әрекет жасау. Тексергеннен кейін екі мәртебені де алып тастау. Тексеру: мәртебелер infoDomain-де бар; ұзарту және өзгерту 2304 қайтарды; мәртебелер алынғаннан кейін ұзарту және атау серверлерін өзгерту қайтадан қолжетімді. 11. .ҚАЗ аймағында домен құру. Тапсырма: кириллицадағы атаумен домен (мысалы, домен{N}.қаз) 1 жылға барлық қажетті контактілермен (резиденттік деректері бар reg-{N}-1 тіркелушісі), ns1.fenix.com және ns2.mastercard.org серверлерімен және сервердің орналасқан жерімен (srvloc кеңейтімі, 4-тапсырмадағыдай): Karagandy, Chijevskogo, 17 құру. Атау серверге punycode (xn--...) пішімінде беріледі. Тексеру: 1000; infoDomain атауды қалыпқа келтірілген түрде, контактілерді және атау серверлерін қайтарады. 4-БЛОК. ҰЗАРТУ -------------- 12. Доменді ұзарту. Маңызды: доменді тіркеу немесе ұзарту кезінде қызмет құны жеке шотта бұғатталады. Егер 24 сағат ішінде домен жойылса, бұғатталған сома қайтарылады; жойылмаса - түпкілікті есептен шығарылады. Бұғатталған сома есептен шығарылғанға дейін доменді ұзартуға болмайды (команда қатемен аяқталады). Сондықтан ұзарту доменді тіркегеннен (немесе алдыңғы ұзартудан) кейін 24 сағаттан соң ғана мүмкін. Доменді қолдаудың ең ұзақ мерзімі - 10 жыл. Тапсырма: а) domain{N}.kz доменін curExpDate қате болғанда ұзарту (бас тарту күтіледі); б) доменді тіркегеннен кейін бірден (24 сағат ішінде) доменді curExpDate дұрыс болғанда ұзартуға әрекет жасау (бас тарту күтіледі, өйткені тіркеу үшін сома әлі бұғатталған); в) тіркегеннен кейін 24 сағаттан соң domain{N}.kz доменін 1 жылға ұзарту, ағымдағы аяқталу күнін (curExpDate) көрсету; Тексеру: а) параметр қатесін (2004/2005) қайтарады, мерзім өзгермейді; б) қате қайтарады, әрекет ету мерзімі өзгерген жоқ; в) кейін әрекет ету мерзімі 1 жылға ұзарды; 5-БЛОК. КӨШІРУ (TRANSFER) ------------------------- 13-15 тапсырмалар үшін үміткердің тестілік EPP-серверіндегі екі есептік жазбасы пайдаланылады: 1-есептік жазба (негізгі, барлық басқа тапсырмаларда пайдаланылады) және 2-есептік жазба. domain{N}.kz домені 1-есептік жазбадан 2-есептік жазбаға көшіріледі, содан кейін 1-есептік жазбаға қайтарылады. 2-есептік жазбада ешқандай домен мен контакт құру қажет емес. Барлық операцияларды үміткер орындайды; Тіркеу орны әр қадамнан кейін тізілімнің күйін салыстырады. 13. Тікелей көшіру (1-есептік жазбадан 2-есептік жазбаға). Тапсырма: а) 2-есептік жазбада domain{N}.kz доменін көшіруді бастау: request операциясы, сұраныста домен атауын және authInfo көрсету (4-тапсырмада доменді құру кезінде белгіленген); содан кейін көшіру күйін transfer query командасымен тексеру; б) 1-есептік жазбада көшіруді растау (approve). Тексеру: а) кейін 1001 (көшіру растауды күтуде), доменде pendingTransfer мәртебесі; authInfo қате болғанда сервер 2202 (немесе 2201) қайтарады; қайталама сұраныс бойынша - 2300; б) кейін домен 2-есептік жазбаға тиесілі (2-есептік жазбада infoDomain - 1000, 1-есептік жазбада - авторизация қатесі), pendingTransfer алынды. 14. Кері көшіру (2-есептік жазбадан 1-есептік жазбаға). Тапсырма: а) 1-есептік жазбада domain{N}.kz доменін кері көшіруді бастау (request, домен атауы және authInfo); б) 2-есептік жазбада transfer query орындап, сұраныстың бар екеніне көз жеткізу және оны қабылдамау (reject); в) 1-есептік жазбада көшіруді қайтадан бастап, ал 2-есептік жазбада оны растау (approve); г) 2-есептік жазбада сұраныс жоқ кезде көшіруді растауға әрекет жасау. Тексеру: б) кейін домен 2-есептік жазбада қалды, pendingTransfer алынды; в) кейін домен 1-есептік жазбаға тиесілі, pendingTransfer алынды; г) 2301 қайтарады. 6-БЛОК. ХАБАРЛАМАЛАР КЕЗЕГІ --------------------------- 15. Хабарламалар кезегін оқу. Тапсырма: poll request командасымен кезектегі барлық хабарламаны оқу (кезекте екі есептік жазбаның әрқайсысында 13 және 14-тапсырмаларды орындау кезінде туындаған хабарламалар болады). Әр хабарламаны оқығаннан кейін хабарлама идентификаторын (msgID) көрсетіп, poll ack командасымен растау. Кезек бос болғанша оқу. Екі есептік жазбада да орындау. Тексеру: әр растау 1000 қайтарды және хабарламалар есептегішін азайтты; бос кезекке сервер 1300 деп жауап береді; жоқ msgID растау қате қайтарады. 7-БЛОК. ЖОЮ ЖӘНЕ АЯҚТАУ ------------------------ 16. Доменді жою және тазалау. Тапсырма: а) domain{N}.kz доменіне clientDeleteProhibited мәртебесін орнатып, оны жоюға әрекет жасау (2304 бас тарту күтіледі); clientDeleteProhibited мәртебесін алып тастап, доменді жою (сәтті нәтиже, 1000, күтіледі); б) 11-тапсырмадағы .ҚАЗ аймағындағы доменді жою; в) тестілеу барысында құрылған барлық қалған тестілік контактілер мен хосттарды жою (әлі сілтемелер бар объектіні жоюға болмайды (2305), сондықтан алдымен домендер, содан кейін хосттар мен контактілер жойылады); Тексеру: домендер жойылды (infoDomain 2303 қайтарады); контактілер мен хосттар жойылды;