Жиі қойылатын сұрақтар
1. Біз *.com.kz (*.net.kz, *.org.kz, *.edu.kz, *.gov.kz) домендік атауды тіркеуге мүмкіндік бар ма, бар болса, ол үшін не істеу керек?
«Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі .kz, .қаз домендерінің жаңа атауларына тіркеу жүргізбейді.
Домендік атауларды тіркеу үшін аккредиттелген тіркеушілердің біріне жүгіну қажет https://nic.kz/srs/registrars.jsp.
*.net.kz, *.org.kz, *.edu.kz, *.gov.kz, *бай.қаз, *қау.қаз, *.біл.қаз, *.мем,қаз домендерін тіркеу үшін тіркелушінің ISP, бейкоммерциялық, білім беретін немесе үкіметтік ұйымдар құрамына жататындығын куәләндыратын тиісті құжаттарды ұсынуы қажет.
gov.kz, org.kz, mil.kz, мем.қаз, қау.қаз, қор.қаз аймақтарында домендерді тіркеу үшін тіркелушіге келесі құжаттарды ұсынуы қажет: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
edu.kz, net.kz, біл.қаз, бай.қаз тіркеу үшін тіркелушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі, білім беру қызметін іске асыруға (edu.kz, біл.қаз үшін) немесе телекоммуникация саласы қызметінде, деректерді беру және т.б. (net.kz, бай.қаз үшін) берілген лицензияның көшіремесі.
*.com.kz, *ком.қаз домендік атауын тіркеу үшін ешқандай қосалқы құжаттар қажет емес.
gov.kz, edu.kz, мем.қаз, біл.қаз аймақтарындағы тіркеулерді ҰАТ АҚ атқарады (тел.: +7 7172 741149; 7410-69 факс: +7 7172741068 сайт www.reg.gov.kz).
net.kz, бай.қаз аймақтарындағы тіркеулерді "Қазақтелеком" АҚ Филиалы-АЖД атқарады (тел.: +7(727)2274266, факс: +7(727)2278503, сайт www.idhost.kz
com.kz, org.kz, ком.қаз, қау.қаз аймақтарындағы домендік атауларды тіркеуді ҰАТ АҚ-нан басқа барлық аккредиттелген тіркеушілер атқарады.
2. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасымен бекітілген домендік атауларды тіркеу/өзгерту/жою өтінімдерінің жаңа формасы бойынша серверлік құралдың орналасқан жері Қазақстан аумағында көрсетілу керек. «Серверлік құрал» деген ұғым нені білдіреді және қандай ақпаратты көрсету керек?
Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидаларына сәйкес, домендік атауларды тіркеу, өзгерту, жою өтінім формалары өзгертілді. Өтінімнің 6-шы тармағында өтінілген домендік атаумен интернет-ресурсты (вэб-сайт, пошталық сервер, FTP және т.б.) орналастыратын серверлік құралдың орналасқан жерін міндетті түрде көрсету керек.
DNS-серверлердің орналасқан жері анықталмайды.
Доменді бастапқы тіркеу кезінде Қазақстан Республикасында орналасқан серверлік құралдың орналасқан жерін міндетті түрде көрсету керек. Мекен-жайы толық емес немесе Қазақстан Республикасының жанында болмаса, Тіркеу Келісімі қабылданбайтын болады.
Егер домендік атау Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасын қабылдағанға дейін тіркелген және серверлік құрал Қазақстан Республикасының жанында орналаспаған жағдайда, өзгерту жасаған кезде ағымды қолдау кезеңі аяқталғаннан кейін серверлік құралды ауыстыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы мекен-жайды міндетті түрде көрсету керек. Домендік атауды қолдау мерзімін ұзарту кезінде Сізге міндетті түрде домендік атауға өзгерту жасап, серверлік құралдың Қазақстан Республикасының аумағындағы орналасқан жерін көрсету керек.
Егер домендік атау Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасын қабылдағанға дейін тіркелген және серверлік құрал Қазақстан Республикасының жанында орналаспаған жағдайда, 6 бөлімде өзгерту жасаған кезде өтінімде осы серверлік құралдың мекен-жайын міндетті түрде көрсету керек. Домендік атауды қолдау мерзімін ұзарту кезінде Сізге міндетті түрде домендік атауға өзгерту жасап, серверлік құралдың Қазақстан Республикасының аумағындағы орналасқан жерін көрсету керек.
3. Кеше біз домендік атаулар туралы деректерді өзгертуге өтінім жібердік, өзгертулер қашан болады?
Өтінім тек ағымды әкімшілік e-mail бекіткеннен кейін орындалады (нақтырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағын қараңыз). Өтінімдерді өңдеу оператормен жұмыс уақытында (09-00-дан 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері) түскен тәртібінде қаралады.
4. Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ.
Өтінім тек ағымды әкімшілік e-mail бекіткеннен кейін орындалады. Сіз өзгертуге өтінімді hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберсеңіз, өтінім жіберілген e-mail-ға автоматты түрде оның бастапқы өңдеуінің нәтижесі жөнінде жауап жіберіледі. Егер өтінім нақты түзетілсе, ағымды әкімшілік e-mail-ға жеке коды бар өзгертулерді бекітуге формамен хабарлама жіберіледі. Сізге міндетті түрде Confirmation Version Number: 1.0 және End of Confirmation жолына дейін тармақ ішіндегі бекіту формасын көшіріп, жаңа электрондық хатқа 3 тармағында қос нүктеден кейін NO орнына YES сөзін жазып, hostmaster@nic.kz. мекен-жайына жіберуіңіз керек. Жауабына Сіз өтінімнің бекітілгендігі туралы автоматты хабарлама аласыз. Осыдан кейін өтінім тіркеу жүйесінде соңғы өңдеу тәртібіне қойылады және оператормен орындалады.
5. Компанияны қайта атауға байланысты бізге міндетті түрде тіркеу деректерін (ұйым атауы, мекен-жай және т.б.) өзгерту керек. Бұл үшін не істеу керек?
Ұйымды қайта атау жағдайында Сізге міндетті түрде қайта атауды растайтын құжаттар көшірмесін ұсыну қажет:
- мемлекеттік тіркеу туралы ескі және жаңа куәлік немесе стн (қайта атау кезінде оларда жаңа құжаттармен бірге ұқсас нөмірі болады)
- ұйымды қайта атау туралы шешім.
Сізге міндетті түрде домендік атаудың контактілерін өзгертуге өтінімдерді http://nic.kz/templates/contact-template-kaz.jsp. формасы бойынша беру керек.
Контактілерді өзгерту жоғарыда көрсетілген құжаттар көшірмесін және ұйымды қайта атауына байланысты контактілерді (өтінім нөмірлерін көрсетіңіз) өзгертуге өтінімдерді орындауды сұрауымен домендік атауды ұйым-тіркелушінің ресми хатын алғаннан кейін жүргізілетін болады.
6. Біздің компанияға zzz.kz, yyy.kz домендері жатады, ал біз оларды басқа компанияға береміз. Ол үшін домендік атаулардың қандай тапсыру үрдістері бар?
Домендік атауды тапсыру үшін http://nic.kz/templates/domain-template-kaz.jsp домендік атауды тіркеу/өзгерту/жою формаларын электронды хатқа екі рет көшіру керек. Жоғарғы формасы доменді жоюға толтырылады.
Тіркеу Келісімінің 0-2 тармақтарын толтыру керек, 0а тармағында "D" или "Delete" сөзі бар. 1.а жолында «Мақсаттар сипаты» "Transfer Domain" және домендік атау болады. Домендік атауды тіркеуге екінші форма ұйым-тіркелуші туралы және контактілік ақпаратпен жаңа деректермен толтырылады.
Толтырылған өтінімдермен E-mail-ды өңдеуге hostmaster@nic.kz. мекен-жайына жіберу керек.
Өтінім домендік атаудың ағымды Тіркелушісінен доменді (көрсету керек) басқа Тіркелушіге (көрсету керек) тапсыру бойынша сұрау өтінімімен ресми хатын алғаннан кейін өңделетін болады.
Егер домен заңды тұлғаға тіркелген болса, хат фирмалық бланкте мөрмен және бірінші басшының қолымен ТАӘ көрсетіліп беріледі.
Егер домен жеке тұлғаға тіркелген болса, қол қойылған өтінішке міндетті түрде тұлғаны растайтын құжат көшірмесін қоса беру керек.
Хат KazNIC Мекемесі мүдірінің атына - Павел Михайлович Гусевке ұсынылады. Хаттың көшірмесін факс арқылы немесе info@nic.kz e-mail-на, ал түпнұсқасын пошта арқылы жіберуге болады.
7. Егер ұйым Қазақстан аумағында орналаспаса, *.kz домендік атауды тіркеу мүмкін бе?
Иә, бұл мүмкін. Домендік атауды тіркеу үшін сізге аккредиттелген тіркеушілердің біріне хабарласу қажет: https://nic.kz/srs/registrars.jsp.
8. Біз өз *.kz доменімізді тіркегенге өз серверіміз жоқ болғандықтан, сіздердің DNS серверлеріңізді қолдануға бола ма?
Қазыргі кезде «KazNIC» мекемесі жаңа домендік атауларды тіркеумен айналыспайды.
Аккредиттелген тіркеушілер домендік атауларды тіркеу барысында DNS-серверлерін ұсынады https://nic.kz/srs/registrars.jsp.
9. Біз провайдерді ауыстырып едік, бізде DNS серверлер ауысты. Бұл жағдайда бізге не істеуге болады?
DNS серверлері туралы мәліметтерді өзгерту үшін міндетті түрде домендерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімді толтып, hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.
Серверлік жабдықтың орналасқан жерінің ауысқан, ауыспағандығына назар аударыңыздар (өтінімнің 6 тармағы), бұл ақпаратты провайдерден анықтау қажет.
Өтінімді тек ағымдағы әкімшілік e-mail арқылы бекіткеннен кейін ғана орындалады (нақтырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағынан қараңыз). Өтінімдерді өңдеу оператор арқылы жұмыс уақытында (09-00-дан 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері) түсу тәртібіне қарай қаралады.
10. Біз DNS серверлеріміздің IP мекен-жайларын өзгерту керек, ол үшін қандай өтінімді толтыру керек?
IP мекен-жайлары туралы деректерді өзгерту үшін міндетті түрде серверлерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімді толтыру керек, онда доменді тіркеу кезінде көрсетілген әкімшілік, не техникалық контакт өзгертулеріне сәйкес ақпаратты көрсетіп, hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.
Өтінім тек ағымдағы әкімшілік e-mail бекіткеннен кейін орындалады (нақтырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағын қараңыз). Өтінімдерді өңдеу оператор арқылы жұмыс уақытында (09-00-дан 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері) түсу тәртібіне қарай қаралады.
Назар аударыңыздар, егер Сіз провайдерді ауыстырған болсаңыз, онда одан өзіңіздің серверлік жабдығыңыздың орналасу жерін анықтаңыз және мәліметтерді өзгерту кезінде домендік атауға өзгерістер енгізіңіз (өтінімнің 6 тармағына жаңа мәліметтерді енгізіңіз).
11. Қазіргі уақытта MAIL-FROM-нан басқа қандай аутентификация тізбелері бар?
Қазіргі уақытта MAIL-FROM-нан басқа Crypt Password және PGP қолдануға болады.
Толығырақ - KazNIC Базасындағы нысандарды Қорғау бөлімінде (http://nic.kz/security/index.jsp сілтемесін жасау керек).
12. Әкімшілік (техникалық, биллинг) контакт туралы деректерді өзгерту үшін не істеу керек?
Әкімшілік, техникалық немесе биллинг контактілері туралы деректерді өзгерту үшін міндетті түрде контактілерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімін толтырып, оны әкімшілік контактіден hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.
Бұл үлгі контакты мәліметтерін ауыстыру қажет болған жағдайда толтырылады (жеке тұлға контактілері үшін: мекен-жай, телефон, факс, e-mail; заңды тұлға контактілері үшін: мекен-жай, телефон, факс, e-mail, контактілі тұлғаның аты-жөні немесе лауазымы).
Жеке тұлғаның контактілік аты-жөнін өзгерту, егер тұлғаның аты-жөні ресми ауысқан жағдайда ғана мүмкін; заңды тұлғаның контактісінде ұйымның атауын ауыстыру атауын өзгерткенде/қайта тіркелгенде ғана мүмкін, заң жүзінде ұйым сол қалпында қалуы тиісті. Бұл жағдайда өзерістер KazNIC мекемесі өзгерістерді растайтын құжаттарды алғаннан кейін ғана енеді.
Өтінім тек атаулы контакті үшін тіркелген ағымдағы әкімшілік e-mail-ден бекіткеннен кейін ғана орындалады (нақтырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағынан қараңыз). Өтінімдерді өңдеу оператормен жұмыс уақытында (09-00-дан 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері) түсу тәртібіне қарай қаралады.
Егер контактілік e-mail өшірулі болған жағдайда KazNIC-ке міндетті түрде контакт тіркелген ұйымнан/жеке тұлғадан ресми хат жіберу керек.
Егер контакт заңды тұлғаға тіркелген болса («Ұйым атауы» жолағы), хат мөрмен және аты-жөні көрсетілген бірінші басшының қолымен бекітілген фирмалық бланкте дайындалады. Хат KazNIC Мекемесінің мүдірі - Павел Михайлович Гусевтің атына ұсынылады. Хаттың көшірмесін факс арқылы немесе info@nic.kz e-mail-на, ал түпнұсқасын пошта арқылы жіберуге болады.
Егер контакт жеке тұлғаға тіркелген болса («Ұйым атауы» жолағы), қол қойылған өтінішке міндетті түрде тұлғаны растайтын құжат көшірмесін қоса тіркеу керек.
13. Біз *.kz домендік атауды тіркеу керек, оның бос екендігін қалай білуге болады?
KZ -тегі тіркелген домендік атаулар туралы барлық ақпарат KazNIC деректер базасында және Интернеттен мына мекен-жайлардан көруге болады:
WHOIS сервисі: whois.nic.kz
Веб мекен-жайы: http://nic.kz/cgi-bin/whois
14. Қазіргі уақытта KZ аймағында домендік атаулар үшін қандай максималды ұзындық?
Домендік атаудың минималды ұзындығы 1 символ, максималды - 63, .KZ-үш символын немес .ҚАЗ төрт символын қоса алғанда.
15. Бізге міндетті түрде доменді KazNIC-тен басқа Тіркелушіге ауыстыру керек, ол үшін не істеу керек?
Домендік атаудың Тіркелушісі KazNIC-ке басқа тіркеушіге трансфер үшін парольді беруге ресми сұраныс жіберу керек, сұраныста міндетті түрде пароль жіберілетін (transfer key) e-mail-ды көрсету керек.
Егер домен заңды тұлғаға тіркелген болса, хат фирмалық бланкте мөрмен және аты-жөні көрсетілген бірінші басшының қолымен бекітіліп дайындалады.
Егер домен жеке тұлғаға тіркелген болса, қол қойылған өтінішке міндетті түрде тұлғаны растайтын құжат көшірмесін қоса беру керек.
Хат KazNIC Мекемесінің мүдірі - Павел Михайлович Гусевтің атына ұсынылады. Хаттың көшірмесін факс арқылы немесе info@nic.kz e-mail-на, ал түпнұсқасын пошта арқылы жіберуге болады.
Сізге трансферлік парольді алғаннан кейін доменді трансферлеу үшін оны қабылдап алушы Тіркеушіге тапсыру керек.
Алған пароліңіздің қолдану мерзімі 15 күн, бұл мерзім өткеннен кейін паролді қайта сұрату керек.
Осы сұрақ бойынша толық ақпаратты Тіркеушілер арасындағы тіркеу трансферінің Тәртібі (http://nic.kz/srs/transferpolicy.jsp сілтеме жасау керек) бөлімінен қараңыз.
16. Біз басқа Тіркеушімен қолдау көрсетілетін доменді KazNIC-ке ауыстырғымыз келеді. Бұл үшін не істеу керек?
«KazNIC» мекемесі тұтынушылардың сұраныстары бойынша домендік атауларды өзіне ауыстырмайды.
Егер аккредиттелген Тіркеушінің домендік атауға қолдау көрсетуіне мүмкіндігі болмаса, «KazNIC» мекемесі .KZ, .ҚАЗ жоғары деңгейлі домендік атаулардың Тіркеу бөлімі ретінде бұл домендік атаулардың трансферін Тіркелушілер өздеріне жаңа Тіркеушіні таңдағанға дейін өзіне қолдауға уақытша қабылдай алады.
|