Тіркеушілерді аккредиттеу
Жоғары деңгейлі .KZ және .ҚАЗ домендерінің Тіркеушісі ретінде Қазақстан Республикасының
резитденті, заңды тұлға ғана аккредиттеуден өте алады. Аккредиттеу үрдісі бірнеше
бөлімнен тұрады:
1) Жоғары деңгейлі домендердің Әкімшілігіне (IT-компанияларының Қауымдастығы) Тіркеуші ретінде
аккредиттеуден өтуге Өтініш (
өтініш,
сауалнама,
келісім) тапсыру. Құжаттардың
электрондық көшірмелері Тіркеу бөліміне (KazNIC) өткізіледі.
Толтырылған өтініштерді почта немесе шабарман арқылы ЗТҚ «IT-компанияларының
Қазақстандық Қауымдастығының» (Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ.,
Қабанбай батыр к-сі, 6/5, 3 кеңсе) жоғары деңгейлі домендерінің Басқарушысына
жөнелту керек, көшірмелерін – электронды түрде "Қазақ торап ақпарат орталығы"
мекемесіне info@nic.kz мекенжайы бойынша
жіберіледі.
2)Тіркеу бөлімінен, қызыметшілердің біліктілік деңгейін бағалаудан және EPP
хаттамасының үрдісіне сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету үшін тестілеуден өту.
3) ЗТҚ «IT-компанияларының Қазақстандық Қауымдастығынан» .KZ және .ҚАЗ
домендерінің Тіркеушісі ретінде аккредиттелгендігі туралы куәлігін алу.
4)Тіркеушімен типтік Келісімге отыру.
Аккредиттеуден өту үрдісінің нәтижесінде өтініш Беруші Нақты Тіркеушілер қатарына ауысады.
|