Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 337/НҚ бұйрығымен домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді Қазақстан Республикасының бейрезиденті ICANN Тіркеушісі ретінде аккредитациясы болған жағдайда ұлттық домендік атаулар әкімшісінің аккредитациясын алуға құқылы.
Жаңалықтар мұрағаты
01.01.2023 жылдан бастап Тіркеу бөлімінің қызметтері тарифтерінің жаңа прейскуранты қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз.
"Қазақ торап ақпарат орталығы" мекемесі жаңа банктік реквизиттері туралы хабарлайды.
1994 жылдың 19 қыркүйегінде Интернет желісінде Қазақстан Республикасына бөлінген KZ жоғарғы деңгейлі домені өз жұмысын бастады. Біз ұлттық алфавиттік поштареле.қаз/mailrelay.kz символдарын қолдайтын электрондық пошта сервисінің тестілік іске қосылғаны туралы жариялауға қуаныштымыз.
Толығырақ...Құрметті "KazNIC" мекемесінің клиенттері! Сізге домендік атауларды қолдау үшін төлем туралы хабарламалары бар алаяқтық email-хаттарды тарату жағдайлары тіркелгенін хабарлаймыз. "KazNIC" мекемесі төлемдерді тек банк аударымдары арқылы қабылдайды және онлайн-формаларды қолдамайды. Ағымдағы реквизиттер мен байланыс ақпараты - біздің сайтта.
Семей қаласында KazNIX - трафикпен алмасудың жаңа тәуелсіз нүктесі (IXP) іске қосылды. IXP операторлар мен контент-провайдерлерге арналған қызметтердің жалпы байланысы мен сапасын жақсарту үшін KazNIC мекемесімен қолдау көрсетіледі. Толығырақ kaznix.kz сайтында.
ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру туралы KazNIC KZ және .ҚАЗ ұлттық доменінде жаңа алфавит таңбаларын пайдалану мүмкіндігін дайындап, сынақтан өткізді. Енді пайдаланушылар интернет-ресурстарды адресациялау үшін жаңа ұлттық әліпби таңбаларын еркін пайдалана алады.
«Data XGen Technologies» Үнді компаниясы мен «Қазақ торап ақпарат орталығы» (KazNIC) APTLD74 конференциясында келісімге қол қойды
Толығырақ..."Қазақ торап ақпарат орталығы" мекемесі домендік атауларды қолдау қызметі үшін электрондық төлемдердегі өзгерістер туралы хабардар етеді.
Домендік атауларын тіркеу барысында туындайтын құқықтар мен міндеттер туралы негізгі мәліметтерден құралған сауда белгілері мен домендік атаулар иелеріне көмек ретінде қысқаша нұсқаулықтар (жадынамалар) дайындалды.
«Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі жаңа банктік реквизиттері туралы хабарлайды
Толығырақ...Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушысының бұйрығымен «Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігіндегі домендік атаулардың Тіркеу бөлімі ретінде анықталды.
Толығырақ...Жоғары деңгейлі домендердің Әкімшісі «Қазақстандық IT-компанияларының Қауымдастығы» ЗТБ-нің 2015 жылдың 28 тамызындағы №20 бұйрығымен тіркеушілерді аккредиттеу туралы Ереже бекітілді.
Толығырақ...KazNIC мекемесі (.KZ және .ҚАЗ ұлттық домендерінің операторы) және RIPE NCC мекен-жайларының Еуропалық өңірлік тіркеу бөлімі Семей қ. KazNIC алаңында түбірлі K-Root DNS серверін іске қосу бойынша жұмыстарды аяқтады.
Толығырақ...Жоғары деңгейлі домендердің Әкімшілігі «Қазақстандық IT-компанияларының Қауымдастығы» ЗТБ-нің 2015 жылдың 13 қаңтарындағы №01 Бұйрығымен Тіркеу бөлімінің Тіркеушілерге арналған домендік атауларды қолдау қызметінің тарифтік құны және Тіркеушілердің домендік атауларды қолдау қызметінің ең төменгі құнының өзгертілгендігін хабарлаймыз.
Толығырақ..."Қазақ торап ақпарат орталығы" мекемесі кеңсесінің жаңа мекен-жай бойынша орналасқандығын хабарлаймыз.
.KZ ұлттық домендік атауының IANA (http://www.iana.org/domains/root/db/kz.html) халықаралық тізілімінде тіркелген күнін, яғни 1994 жылдың 19 қыркүйегін халықаралық Интернет желісіндегі Қазақстандық сегменттің туған күні деп құқылы түрде санауға болады.
Толығырақ...«Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі (KazNIC - .KZ және .ҚАЗ домендерінің операторы) және Интернет Техникалық орталығы, .RU, .РФ және .SU домендерінің операторы, бірлесіп DNS-желілерін кеңейту үшін ортақ жоба жасады. Жаңа DNS-тораптары Мәскеу және Астана қалаларында ашылды.
Толығырақ....ҚАЗ доменінде домендік есімдерді ашық тіркеу басталды. Кез-келген тұлға Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасына сәйкес есімдерін тіркей алады.
31 шілде күні басымдылық тіркеуге өтініш қабылдау аяқталды. .ҚАЗ доменіндегі домендік есімдерді ашық тіркеу 2012 жылдың 15 тамызы күні 0 сағат 00 минутта басталады.
«.ҚАЗ» доменін енгізу Тәртібі және .ҚАЗ доменіндегі басымдылық домендік атауларды тіркеу туралы Қағидасы бекітілді.
Ұлттық әліпби символдары қолданылған жоғары деңгейлі жаңа домендік атау (IDN) Интернет желісінде іске қосылды. Жаңа домендік атауда бірінші мекен-жайы жан жақты тестілеу және домендік атауларды тіркеуге дайындық мақсаттары үшін .қаз тестісі болды. Барлық адамдар жаңа доменнің жұмысын http://тест.қаз осы мекен-жай арқылы тексерулеріне болады.
2011 жылғы 22 қарашада «Қазақстандық IT-компанияларының Қауымдастығы» ЗТБ-нің №28-11-11-А бұйрығымен жоғарғы деңгейлі ұлттық домендерді Тіркеушілердің аккредиттеу Қағидасы бекітілді.
2010 жылғы 8 маусымдағы Интернет жүйесінің Қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасының түсініктемелерімен .KZ доменінің әкімшісінің, «IT-компанияларының Қазақстандық Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Президентінің 2011 жылғы 8 маусымда ақпаратық хабарламасы басылымға түсті.
.KZ аумағындағы домендік атауларды тіркеу өтінімдерін қабылдау 2011 жылдың 1 маусымында аяқталды. .KZ аумағында жаңа домендік атауларды тіркеу аккредиттелген Тіркеушілермен жүргізілуде. 2011 жылдың 31 мамырына дейін тіркелген домендік атауларды қолдау мерзім шектелуінсіз Тіркеу орнымен жүзеге асырылатын болады.
Тізілім қызметі домендік атауларды тіркеу және өзгерту кезінде Интернет-ресурстың серверлік құралының орналасқан жерін көрсететін EPP хаттамасының кеңейтілуімен толықтырылды. Кеңейтудің сипаттамасы тіркеушілер үшін бөлімінде басылған.
Домендер бойынша статистикалық деректер сайтында жаңа бөлім ашылды. Домендік атаулар бойынша статистика 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап, ал қалғандары 2010 жылдың 12 желтоқсанынан бастап жүргізіледі.
Құрметті клиенттер Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидаларымен сәйкес, домендік атауларды тіркеу, өзгерту, жою өтінімдерінің жаңа формасы енгізілді.
Тіркелуші үшін домендік атауды қолдау қызметі жылына 3400 теңге, тіркеуші үшін жылына 1400 теңге. Бағалар ҚҚС-сыз көрсетілген.
"Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасы" Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №220 бұйрығымен бекітілді.
Тіркеу орны-Тіркеуші-Тіркелуші үлгісін жүзеге асыратын таратылған тіркеу жүйесі іске қосылды. Бұндай үлгі Интернет желісінің Қазақстандық сегменттегі домендік атаулардың тұтынушылар-тіркелушілер үшін бәсекелестік ортаны, сапаны жоғарлату және сәйкес қызметтер ассортиментін енгізуге жол береді.
Сұрақ-Жауап бөлімі домендік атауларды тіркеуге қатысты аса жиі кездесетін сұрақтарға жауап береді. Өз сұрақтарыңызды info@nic.kz мекен-жайларына жіберулеріңізге болады.