ЖАҢАЛЫҚТАР

27.07.2026 Ақпараттық хабарлама

Жаңа регламенттердің енгізілуіне байланысты, 2026 жылғы 29 шілде сағат 23:00-ден 30 шілде сағат 01:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Уақытша келесі қызметтердің жұмысы қолжетімсіз болуы мүмкін:
- ұлттық домендік атаулар тізілімі (EPP сервері)
- nic.kz порталы
- WHOIS сервері
- RDAP сервері

01.06.2026 2026 жылғы 01.06. бастап Регистратура жаңа Ережелерді енгізеді

- .KZ, .ҚАЗ аймақтарындағы домендік атаулардың деректерін тексеру үшін ЭЦҚ қолдану ережесі
- .EDU.KZ аймағында Регистратура мен Регистратор арасындағы өзара әрекеттесу ережесі

Толығырақ...
09.04.2026 KazNIC пен DotAsia киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

Қазақстанның ұлттық домендік тіркеу орталығы KazNIC пен халықаралық DotAsia ұйымы DNS жүйесіндегі құқық бұзушылықтармен күрес саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Толығырақ...
20.01.2026 RDAP қызметі - заманауй тіркеу деректеріне қол жеткізу қызметі

Қолданыстағы WHOIS қызметіне қосымша, KazNIC алаңында RDAP (Registration Data Access Protocol) қызметі де жұмыс істейді - желі ресурстарының тіркеу деректерін автоматтандыруға ыңғайлы форматта алуға арналған.

Толығырақ...
03.12.2025 Тіркеуші кабинеті

Тіркеушінің Реестрдегі домендік атаулары, тіркеушінің реестрмен жасалатын операциялары және өзара есеп айырысу жағдайы жөніндегі ақпараттарды алу үшін тіркеуші кабинеті жасалды.

Толығырақ...
29.10.2025 Ақпараттық хабарлама

Қазақстан аумағында .UZ домен аймағының түпкі DNS-серверінің іске қосылуы туралы.

Толығырақ...
30.04.2025 Ақпараттық хабарлама

.UZ доменінің 30 жылдық мерейтойына арналған конференциясы аясында Өзбекстанның UZINFOCOM және Қазақстанның KazNIC Ұлттық домендерінің Тіркеу бөлімдері арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Толығырақ...
28.02.2024 Ақпараттық хабарлама

Бірыңғай уақыт белдеуіне, UTC +05.00 көшуге байланысты 29 ақпан сағат 23:00-ден 1 наурыз сағат 01:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Уақытша жұмыс істемеуі мүмкін: nic.kz порталы және оның компоненттері, ұлттық домендік атаулар тізілімі (EPP server).

12.01.2023 .KZ және .ҚАЗ ұлттық домендерінде DNSSEC технологиясы енгізілді

2023 жылдың 12 қаңтарында .KZ және .ҚАЗ ұлттық домендеріне DNSSEC технологиясын пайдалана отырып қол қойылды. Бұл ашық кілт криптографиясына негізделген сандық қолтаңбалар арқылы DNS-те аутентификацияның сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Тіркеу бөлімінің сайтында «.KZ және .ҚАЗ домендеріне арналған DNSSEC саясаты» жарияланды.