2026 жылғы 01.06. бастап Регистратура жаңа Ережелерді енгізеді
Домендік атауларды тіркеу процестерін дамыту және стандарттау мақсатында 2026 жылғы 01.06. бастап жаңа Ережелер енгізіледі:
-
.KZ, .ҚАЗ аймақтарындағы домендік атаулардың деректерін тексеру үшін ЭЦҚ қолдану ережесі.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдана отырып деректерді тексеру (верификациялау) механизмі енгізілуде, соның ішінде деректердің дұрыстығын, БСН/ЖСН-ды автоматты түрде тексеру.
Бұл механизмді енгізу домендік атауларды тіркеу процесінің айқындығын арттыруға және ұлттық домендік кеңістіктегі тіркеу деректерін қосымша қорғау деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
-
.EDU.KZ аймағында Регистратура мен Регистратор арасындағы өзара әрекеттесу ережесі.
Тіркеушінің мемлекеттік Реестрде қолданыстағы білім беру лицензиясының бар-жоғын автоматты түрде тексеру (верификациялау) міндетті түрде енгізіледі, заңды тұлғаның БСН негізінде, домендік аймақ .EDU.KZ талаптарына сәйкестігін растау мақсатында.
Жаңарту аясында EPP-серверінің функционалдығы кеңейтіліп, барлық аккредиттелген Регистраторларға техникалық талаптар мен Регистратура шарттарын орындаған жағдайда .EDU.KZ домендік атауларын тіркеу және қолдау мүмкіндігі берілді.
Енгізу кезеңдері
- Кезең 1 (тестілеу): 2026 жылғы 01 маусым — 31 шілде, Бағдарламалық қамтамасыз етуді бейімдеу, тесттік EPP-серверге қосылу, сынақ циклынан өту, талаптарға сәйкестікті растау.
- Кезең 2 (жұмыс): 2026 жылғы 01 тамыздан, Тіркеу функциялары негізгі EPP-серверде қолжетімді.
Жоғарыда аталған Ережелер мен техникалық спецификация талаптарын өз жағынан іске асырған Регистратор EDU.KZ аймағында домендік атауларды тіркеу үшін Регистратураға қол жеткізуге өтініш бере алады.