2014 жылы KazNetке 20 жыл болады
.KZ ұлттық домендік атауының IANA (http://www.iana.org/domains/root/db/kz.html) халықаралық тізілімінде тіркелген күнін, яғни 1994 жылдың 19 қыркүйегін халықаралық Интернет желісіндегі Қазақстандық сегменттің туған күні деп құқылы түрде санауға болады.
Өзінің тіршілік еткен аралығында KazNet ұлттық адрестік кеңістігі 100 мыңдық тіркеу белгісін аттап өтіп, жыл сайынғы 20-25% тұрақты өсімді көрсетіп келеді. КazNetте ұлттық әліппидің символдарын пайдалануға мүмкіндік беретін .ҚАЗ адрестік кеңістігі құрылған.
Домендік атауларды тіркеу нарығында бәсекелестік орта қалыптасқан және тұтынушыларға қызмет көрсетудің алуан түрі мен сапасын ұсынатын, дүниежүзілік стандарттарға лайықты 15 тәуелсіз Тіркеушілер қызмет көрсетеді.
Тіркеу бөлімінің қызметін «Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі (KazNIC) атқарады, ол .KZ ұлттық доменінің қызмет ете бастаған сәтінен бастап, .KZ және .ҚАЗ домендік атауларының ұлттық Тізілімінің қызмет етуін қамтамасыз етеді, Интернет желісіндегі КazNet адрестік кеңістігінің инфрақұрылым жұмыстарын атқарады.
АТ компанияларының Қазақстандық Ассоциациясы ұлттық домендердің Әкімшілігі болып табылады (2005 жылдан бастап), ол Ережелерді құрастыруды, Жұмыс тәртібін орнатуды, Тіркеушілерді аккредиттеуді және КazNet адрестік кеңістігінің жүйелік дамуын қаматамасыз етеді.
Интернет желісіндегі қазақстандық контенттің дамуы бұл барлық қазақстандық Интернет қолданушыларының міндеті және бұл сұрақ «Казконтент» АҚ, «Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТБ сияқты құрылымдық ұйымдардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың басты назарында.
АТ компанияларының Қазақстандық Ассоциациясы және «Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі баршаңызды мерейтоймен құттықтайды!
Осы жылдың қыркүйек-қазан айларында .KZ ұлттық доменіне 20 жыл толуына орай мерейтойлық шаралар өткізу жоспарланып отыр және шараларды ұйымдастыруға байланысты бастама ұсыныстарыңыз болса мына мекен жайларға жіберулеріңізді сұраймыз: info@itk.kz, info@nic.kz
|