АДРЕСАТТАУДЫҢ ДОМЕНДІК ЖҮЙЕСІ
Бұл құжат Интернетте қолданылатын адресаттардың домендік жүйесін қолданудағы ережелерін,
белгілеулерін және саласын көрсетеді.
Қағида бойынша, Интернетпен жұмыс істейтін
компьтерлерде жеке сандық мекен-жайлары бар. Бұл ғаламдық компьютерлік Интернет желісінен
кез келген компьютерді табуға болады. Бірақ, сандық мекен-жай компьтерлік жүйелер мен
бағдарламалар үшін ыңғайлы, ол кезде адамдарға Интернет мекен-жайындағы атауларды,
қысқартуларды немесе сауда таңбаларының атауларын ыңғайлы қолдануға болады. Интернетте
қолданылатын адресаттаудың домендік жүйесі қатысты сандық мекен-жайлар мен домендік
атауларды белгілеуге оңай және бағынушы қағида бойынша құралған. Жоғары деңгейлі домендік
атаулар құрамында үшінші деңгейлі домендік атаулар және тағы басқа екінші деңгейлі
домендік атаулар бар, нақты осындай үлгімен хаттың орналасқан жерін көрсету үшін пошталық
мекен-жайларды қолданамыз: Ел (жоғары деңгей), қала (екінші деңгей), көше (үшінші деңгей).
Домендік атаулардың Интернет иерархиясының жоғары деңгейінде жоғары деңгейлі домендік
атаулардың қатал түрде белгіленген саны тіркелген:
- COM - коммерциялық ұйымдар үшін жоғары деңгейлі домендік атаулар;
- ORG - коммерциялық емес ұйымдар үшін жоғары деңгейлі домендік ұйымдар;
- NET - деректерді беру желісінің саласындағы ұйымдар үшін домендік атаулар;
- GOV - АҚШ-ның үкіметтік және мемлекеттік мекемелері үшін.
- MIL - АҚШ-ның Қорғаныс министрлігінің ұйымдары үшін;
- EDU - АҚШ-ның білім беру орындары үшін;
- Және т.б.
Одан басқа, елдердің ISO-3166 екі әріпті коды стандартымен қатысты жоғары деңгейлі екі әріпті домендік атау әр ел үшін беріледі:
- AU - Австралия;
- BY - Белоруссия;
- KZ - Қазақстан;
- RU - Ресей;
- US - АҚШ
- Және т.б. (толық тізім www.iana.org сайтында)
Жоғары деңгейлі домендерде домендік атауларды тіркеу және қолдаумен менеджерлер айналысады және олардың негізгі функциялары болып табылады:
- интернетке домендік атауларды тіркеуге сұраныстарды қабылдау мен әзірлеу;
- домендік атаулардың деректер базасын қолдау және домендік атаулар туралы ақпаратты сұраныс бойынша ұсыну;
- домендік адресаттауды пайдаланатын Интернет желісінің компьютерлік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Интернетте DNS серверін қолдау және ұсыну;
- екінші деңгейлі домендік атауларды әкімшілендіру мен басқару бойынша құқықтарды ұсыну;
Ереже бойынша, жоғары деңгейлі домендік атауларды қолдаудағы менеджердің рөлін қатысты мемлекет аумағында орналасқан коммерциялық емес ұйым орындайды. (www.iana.org, www.icann.org)
KZ жоғары деңгейлі домендегі Интернет домендік атауларды тіркеу және қолдау бойынша менеджері (оператор) – "Қазақ торап ақпарат орталығы" Мекемесі коммерциялық емес ұйымы немесе қысқаша KazNIC (nic.kz)
|