KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

"Қазақ торап ақпарат орталығы" Мекемесі туралы

"Қазақ торап ақпарат орталығы" (KazNIC) ҚР Әділет министрлігімен 1999 жылы қыркүйекте мекеме формасында коммерциялық емес ұйым ретінде тіркелді.

IANA ұйымы “KazNIC” мекемесін KZ жоғары деңгейлі домендік атаулардың қолдау менеджері етіп тағайындады. Менеджер Интернет желісінде (www.iana.org, www.icann.org және т.б.) бар стандарттар мен ережелерге сәйкес домендік атауларды ұсыну және екінші мен келесі деңгейлі домендік атаулардың тіркеу ережелері мен тәртібін орнатады.

"Қазақ торап ақпарат орталығы" мекемесі келесі мақсаттарға жету үшін құрылған:

  • Интернет желісінде .KZ домендік атауын қолдануына басқару және бақылау үшін тораптық ақпарат орталығы болады;
  • KZ домен бөлігінің Интернет поддомендерін қолдануын басқарып және бақылайтын кооперациядағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен барлық қажетті келісімдерге сәйкес;
  • KZ зонасындағы домендік атаулардың қолданылуын орнату, басу және әкімшілендіру;
  • Интернет домендік атауларын тіркеуде қолдау көрсету;
  • KZ зонасында тіркелген домендік атаулардың өзгерулерінің авторизация үрдісін орнату және енгізу;
  • KZ зонасындағы тіркелген домендік атауларды іздеу үшін нұсқаулар ұсыну;
  • Интернет DNS(Domain Name Service) қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Интернетте (DNS, WHOIS) тіркелген поддомендер туралы қатысты ақпарат ұсыну;
  • KZ екінші деңгейдегі домендік атаулармен әкімшілендіру және басқару бойынша құқықтарын ұсыну.

Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.

Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Ильяшев көшесі, 47/2 үй.