"Қазақ торап ақпарат орталығы" Мекемесінің Жарғысы
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. "Қазақ торап ақпарат орталығы" мекемесі (бұдан әрі - мекеме) - Қазақстан Републикасының заңдарына сәйкес және өз қызмет ретінде осы Жарғыны басшылыққа алатын, коммерциялық емес ұйым.
1.2. Мекеменің кұрылтайшысы:
ГУСЕВ ПАВЕЛ МИХАЙЛОВИЧ, 14 қараша 1968 жылы туған, жеке куәлігі №030059033, 30 сәуір 2010 жылы ҚР ӘМ берілген, тұратын жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы 44 үй, 126 пәтер. СТН 511710943946 .
1.3. Мекеменің толық және қысқарту атауы мемлекеттік тілде: «Қазақ торап ақпарат ортылығы» мекемесі, «Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі, орыс тілінде: учреждение «Казахский центр сетевой информации», учреждение «Казахский центр сетевой информации», мекеменің толық атауы ағылшын тілінде: Kazakhstan Network Information Center, мекеменің қысқарту атауы ағылшын тілінде: KazNIC.
1.4. Мекеменің мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы, 071400, Семей қаласы, Ильяшев көшесі, 47/2 үй.
1.5. Мекеменің қызмет ету мерзімі шектелмеген.
2. МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢДЫҚ ҚАБІЛЕТІ
2.1. Мекеме Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие.
2.2. Мекеменің мөрі, дербес балансы, Қазақстан Республикасының банкілерінде шоттары, өз атауы бар бланкілері және де реквизиттері бар.
2.3. Мекеме өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға, мойнына міндеттемелер алуға, сотта талапкер немесе жауапкер болуға құқылы.
2.4. Мекеме Қазақстан Республикасының территориясында және шет елдерде өзінің филиалдары мен өкілеттіктерін құрып аша алады, басқа заңды тұлғалармен бірлесуге (қоғам құруға), сондай-ақ басқа заңды тұлғаларға қатысушы бола алады.
2.5. Мекеме өзінің міндеттемелеріне өзіне тиесілі мүлікпен жауап береді. Мекеменің мүлкі жетпей қалса мекеменің міндеттері бойынша иесі жауап береді.
2.6. Мемлекет мекеменің қарыздары бойынша жауап бермейді. Мекеме өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының колданылып жүрген заңдарында көрсетілген жағдайлардан басқа жауап бермейді.
3. МЕКЕМЕ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
3.3. Мекеме қатысушысының құқықтары:
- мекемеге оралымды басқару кұқығына тапсырылған мүлікті алу немесе басқа мекемемен құрылған заңды тұлғалардың арасында қайта бөлу;
- мекеме қызметінің түрі мен мақсаттарын анықтау;
- мекеменің заң жүзіндегі тағдырын анықтау;
- меншік иесінің мекемеге берген мүлкінің пайдалануы мен сақталуына бақылау жасау;
- осы жарғыда көрсетілген мекеменің кызметін басқару;
- мекеменің қызметі мен оның мүлкінің жағдайы туралы мәлімет алу;
- мекеме таратылған жағдайда оның мүлкісінің пайдалану тәртібін белгілейді;
3.2. Құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңлылықтарында анықталған тәртіпте мекеменің жарғысына қосымшалар мен өзгерістер енгізуге құқылы.
3.3. Мекеме қатысушысының міндеті:
- осы жарғының талаптарын сақтауға;
- мекеме коммерциялык құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеу;
4. МЕКЕМЕНІҢ ҚЫЗМЕТ ТҮРІ МЕН МАҚСАТТАРЫ.
4.1. Мекеменің қызмет түрінің негізгі мақсаты:
- Жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыру үшін қажетті активтерді құру;
- Қазақстан Республикасында сақтандыруға жұмсалатын шығындардың нормаларынан аспайтын мөлшерде мүлікті және қызмет нәтижесінде пайда болуы мүмкін тәуекелді сақтандыруды қамтамасыз ету;
- Жарғылық мақсаттарына жетуге жағдай жасайтын ғылыми, техникалық және технологиялық салаларды қазіргі кезде және болашақта дамыту;
Мекеме табыс табуды максатқа қоймайды және табысты құрылтайшылар арасында бөлмейді.
4.2. Көрсетілген мақсатқа жету үшін мекеме, заңдармен тыйым салынбаған келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1. Қазақстан үшін жүйелік ақпарат орталығы ретінде болу, Интернет .KZ домендік атын пайдалануды бақылау және басқару;
2. Барлық қажет шарттарға сәйкес және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен келісіп, .KZ домені бөлігінде Интернет домен бөліктерін пайдалануды бақылау және баскару;
3. 1 және 2 тармақшаларында көрсетілген домендік аттардың пайдаланылу ережелерін белгілеу, жариялау және басқару;
4. Интернет домендік аттарын тіркеуді колдау;
5. Тіркелген домендік аттардың өзгертілуін авторизациялау рәсімдерін белгілеу және өндіру;
6. Тіркелген домендік аттарды іздеу үшін құралдар ұсыну;
7. Интернет DNS (Domain Name Service) қызметінің жұмыс етуін қамтамасыз ету;
8. Байланыс саласында кызмет көрсету;
9. Байланыс каналдарын және торап инфрақұрылым элементтерін жалға беру қызметін көрсету;
10. Оларды арқау қүрау және таралу желісінің деректерін дамыту, телекоммуникациялық, ақпараттық жүйелерді дамыту;
11. Есептеу техникасының бағдарламалық және ақпараттық құралдарын шығарып өндіру, енгізу, сүйемелдеу;
12. Өздігінен құралған компьютерлік жүйелер мен электрондык пошта жүйелерін арқау етіп ақпараттық қызмет көрсету;
13. Рыноктарды зерттеуде жинау, анализ жасау жөне ақпарат тасу, тарату қызметін атқару;
14. Жеткізіліп берілген бұйымдар мен бағдарламалық енімдерді пайдалануда кеңестік және техникалық көмек көрсету;
15. Жүргізгіш-түзелту және монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру;
16. Санап шығару техникасы, радиоэлектрондық жабдықтар және ақпарат тасу құралдарымен мағлұмат таралу желісі, электрондық пошта жүйелері аумағында квалификацияны дамыту курстарын ұйымдастырып өткізу;
17. Жергілікті телефондық байланыс қызметін пайдалануға жағдай жасау;
18. Қалааралық телефондық қызметін пайдалануға жағдай жасау;
19. Жеке бастық персоналдық байланыс қызметін көрсету;
20. Спутниктік байланыс жүйелерін пайдалана отырып электробайланыс қызметін көрсету;
21. Теледидарлық бағдарламаны кабельдік теледидар жүйелері арқылы трансляциялауды өткізу;
22. Магистральдік, аймақтық және жергілікті байланыс телекоммуникацияларды техникалық пайдалану;
23. Қазақстан Республикасының радиожиілік комиссиясының мемлекеттік шешімдер қабылдау одағының радиобайланыс Регламентіне байланысты радиожиілік спектрді пайдалану;
24. Теледидар, радио және байланыс желістерін салуға;
25. Телекоммуникациялық және байланыс жүйелерінің схемаларын дамытып шығару;
26. ІР-телефоны арқылы Интернет қызметін көрсету;
27. Мәліметтер жіберу қызметін көрсету (оның ішінде Интернет және телеграфтық байланыс қызметі);
28. Белгіленген байланыс желілері бойынша қызмет көрсету;
29. Спутниктік козғалмалы байланыс қызметін көрсету;
30. Ұялы телекоммуникациялық байланыс кызметін көрсету (оның ішінде козғалмалы радио/радиотелефон, транкингтік пейджингтік байланыс қызметін көрсету);
31. Жеке меншік желілер ұйымдастыру қызметін көрсету;
32. Байланыс желілері мен линияларын техникалық пайдалану қызметін көрсету (телекоммуникациялық жабдықтау, желідегі инфрақұрылым элементтерін коса алғанда)
4.3. Терминдер:
Домен, домендік ат - адресация үшін Интернетте пайдаланылатын бірегей ат.
Жоғары деңгейдегі домен - мемлекеттердің кодтары үшін ISO 3166 Халықаралық стандартына сәйкес, екі әріптік код, домендік аттың оң жағы.
Қазақстан Республикасының жоғарғы деңғейдеғі домені – .КZ
Домен бөліктері- жоғары деңгейдегі белгілі бір доменге жататын домендік аттар.
Домендік атты тіркеу- - Адрестік кеңістікті бақылап басқаратын құзыретті ұйым жүргізетін рәсім, яғни берілген домендік атқа жататын адрестік кеңістіктің бөлігін бақылап басқару бойынша өкілеттіктерді тапсыру.
DNS қызметі - домендік ат туралы және онымен орайластырылатын сандық адрестер туралы ақпарат ұсыну үшін жауапты Интернет қызметі.
4.3. Мекеме кәсіпкерлік қызметпен онын жарғылық мақсаттарына сәйкес болғанда ғана айналыса алады.
5. МЕКЕМЕНІҢ МҮЛКІ.
5.1. Мекеменің мүлкін оның негізгі және айналымдағы жабдықтары кұрайды, сондай-ак мекеменің жеке балансында құны көрсетілген баска да мүліктері құрайды.
5.2. Мекеменің мүлкін құрау көзі:
мекемемен оралымды басқару құкығында құрылтайшысынан алынған мүлік;
өз қызметінің нәтижесінде алынған мүлік, соның ішінде ақшалай табыстар;
басқа да заңмен тыйым салынбаған көздер болып табылады.
5.3.Мекеменің меншіктік құқыгы баска тұлғаға берілген жағдайда, бүл мекеме өзіне тиесілі мүлік оралымды басқаруға құқын сақтап қалады.
5.4.Мекеменің мүлкіне талап қою заңдылықтарға сәйкес жүзеге асады, егер заңдылықтармен басқа жағдайлар қарастырылмаса.
5.5.Мекеме таратылған жағдайда, несие берушілер талаптарын қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік жарғылық мақсаттарға бағытталынады.
6. БАСҚАРУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ ОРГАНДАРЫ.
6.1. Мекеменің жоғарғы басқару органы болып оның құрылтайшысы табылады.
6.2. Құрылтайшының ерекше құзыретіне:
мекеме жарғысына өзгертулер және косымшалар енгізу;
атқарушы органның құрылуы және шақыру;
мекеме кызметінің негізгі бағыттарын және бюджетін бекіту;
мекеменің есеп баланстарының және жылдық есептерінің бекітілуі, шығындарды толтыру.
мекеме тексерушісін сайлау;
мекеме қызметінің таралуы және қайта кұрылуы, филиалдар және өкілділіктерін кұру, қайта құру және тарату, олар туралы ереже бекіту жатады.
6.3. Мекеме қызметімен ағымдағы басқару Бастық жүзеге асырылады. Бастық құрылтайшысына бағынады, мекеме құрылтайшысының ерекше кұзыретіне жатпайтын мекеме қызметінің барлық сұрақтарын шешеді.
6.4. Бастық сенімхатсыз, оған берілген өкілеттіктер шегінде, мекеменің атынан барлық әрекеттерді жүзеге асыра алады: оның мүдделерін ұсынуға, шарттар, соның ішінде еңбек шарттарын бекітеді, сенімхаттар беруге, банктерде шоттар, соның ішінде шетел валютасындағы шоттар ашуға, орындалуға міндетті бұйрықтар шығаруға және басқа да әрекеттер жасауға кұқылы.
6.5. Бастық кез келген уақытта үш ай бұрын кұрылтайшыға жазбаша түрде алдын ала хабарлап қойып, өз міндеттемелерін орындауынан бас тартуға құқылы.
6.6. Тексеруші мекеменің қаржылық жөне шаруашылық қызметіне ағымдағы және перспективалық тексеру жүргізеді.
6.7. Тексеруші құрылтайшымен бір жылға сайланады.
6.8. Тексеруші жылдық жоспарлы тексерулер жүргізеді және қүрылтайшысы алдында есеп береді.
Құрылтайшының шешімі бойынша кезектен тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.
7. ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР MEН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ.
7.1. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысы құрылтайшысының шешімімен енгізіледі.
8. МЕКЕМЕНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ.
8.1. Мекеме қызметінің тоқтатылуы – қайта ұйымдастыру немесе тарату жолдарымен жүзеге асырылады.
8.2. Мекемені қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) заңға сәйкес мекемеге қатысушының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8.3. Мекеменің қызметі таратылады:
мекеме құрылтайшысының шешімімен;
соттың шешімімен;
заңмен көрсетілген басқа да негіздермен.
8.4.Мекеменің таратылуы, құрылтайшымен немесе сотпен тағайындалған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап оған мекемені басқару жұмыстарының өкілеттіктері көшеді.
8.5.Тарату заңдармен көрсетілген тәртіпте жүзеге асады.
|