Қазақстанда .RU, .РФ және .SU домендерінің жаңа DNS-торабы ашылды
«Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі (KazNIC - .KZ және .ҚАЗ домендерінің операторы) және Интернет Техникалық орталығы, .RU, .РФ және .SU домендерінің операторы, бірлесіп DNS-желілерін кеңейту үшін ортақ жоба жасады. Жаңа DNS-тораптары Мәскеу және Астана қалаларында ашылды.
Нәтижесінде, .RU, .РФ және .SU домендеріне қызмет көрсетуге арналған, есеп бойынша он тоғызыншы DNS-торабы пайдалануға берілді. Ресейлік DNS-сервер «IT-компанияларының Қазақстандық Ассоциациясы» Ассоциация түрінде заңды тұлғалардың бірлестігінің (.KZ және .ҚАЗ домендерінің әкімшілігі) көмегімен KazNIC алаңында Астана қаласындағы «МТҚ» РМК қызметінің деректерді өңдеу орталығына орнатылды. KazNIC алаңының Астана қаласындағы Интернет желісімен байланысы ең ірі үш қазақ байланыс операторлары - «Қазақтелеком» АҚ, «Астел» АҚ және «TNS Plus» ЖШС арқылы желілік қосылулармен қамтамасыз етілген. Жаңа торап Ipv4 және IPv6 хаттамалары арқылы қол жетімді болды.
Ресейлік ұлттық домендерге қызмет көрсететін Қазақстандағы DNS-торабының ашылуымен қатар, Мәскеуде Қазақстандық ұлттық .KZ және .ҚАЗ домендерінің торабы қоса ашылды. Жаңа DNS-торабы MSK-IX алаңына орналастырылып, MSK-IX трафикті айырбастау нүктесіне қосылған. Мәскеудегі .KZ және .ҚАЗ торабының DNS-ақпараты ресейдің барлық жетекші провайдерлері үшін қол жетімді. Сонымен қатар торапқа екі хаттама қызмет көрсетеді: Ipv4 және IPv6.
Торап MSK-IX мамандарының белсенді қатысуымен жасалған.
Интернет Техникалық орталығы мен «Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесінің ынтымақтастығы екі жақтың DNS-желісін кеңітіп қана қоймай, ғаламдық желіде сенімділік пен тұрақтылықты береді. Жоба ресейлік және қазақстандық домендерге айналымның өңдеуінің үдеуіне әсерін тигізеді және интернетті пайдаланушыларына тағы да астам жетімді жасайды.
«Біз DNS-желісіміздің өсуіне және кеңейуіне үлкен көңіл аударамыз. Бұл әсіресе әлемдік Интернет пайдаланушыларының орыс тіліндегі контенті көп мекендейтін аймақтарға қатысты, - дейді «Интернет Техникалық орталығы» ЖАҚ техникалық директоры, Елена Воронина. - Жаңа DNS-торабының орналасу мекені ретінде Қазақстанды таңдау кездейсоқтық емес, ол Орталық Азияның біздің домендерімізге деген сұранысының артуына байланысты шешілген. Сонымен қоса, «Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі сенімді серіктестіктің беделіне ие, ал қызметкерлерінің жоғары біліктілігі мен сараптамалық білімділігі ресейлік DNS торабы инфрақұрылымның бағалы қызмет көрсетуін ұйымдастыруға мүмкіндік береді».
«Барлық ұлттық тіркеу орындары үшін өзінің қатынасуын әлемнің түрлі аймақтарында кеңейту өте маңызды, - деді KazNIC мүдірі, Павел Гусев. - Біз ресейдің ірі техникалық орталығымен осындай тығыз және екі жақты тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру мүмкіндігі үшін қуаныштымыз. Бұл қадам қазақстандық ұлттық домендердің дамуына оң әсерін тигізеді деп ойлаймын».
|