KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Домендік атауларды қолдау қызметі ақысының өзгеруі

Жоғары деңгейлі домендердің Әкімшілігі «Қазақстандық IT-компанияларының Қауымдастығы» ЗТБ-нің 2015 жылдың 13 қаңтарындағы №01 Бұйрығына сәйкес, 2015 жылдың 15 қаңтарынан бастап Тіркеу бөлімінің Тіркеушілерге арналған домендік атауларды қолдау қызметінің тарифтік құны және Тіркеушілердің домендік атауларды қолдау қызметінің ең төменгі құны өзгертілді:

- Тіркеушілер үшін Тіркеу бөлімінің домендік атауларын қолдау қызметінің тарифтік құны 1820 тенгені (баға ҚҚС-сыз көрcетiлген) құрайды.

- Тіркеушілердің домендік атауларды қолдау қызметінің ең төменгі құны даналап сату 3000 тенгені және көтерме клиенттер үшін 2800 тенгені (баға ҚҚС-сыз көрcетiлген) құрайды.

- ҚҚС төлеушілеріне жатпайтын клиенттер үшін Тіркеушілердің домендік атауларды қолдау қызметінің ең төменгі құны даналап сату 3000 тенге қосу12% және көтермелеп стау үшін 2800 тенге қосу12% құрайды.

«Қазақстандық IT-компанияларының Қауымдастығы» ЗТБ-нің 2015 жылдың 13 қаңтарындағы №01 Бұйрығы

Бұйрыққа қосымша:

1) KazNIC Мекемесінің 29.12.2014 ж. 1 беттен тұратын №141229/1 хаты
2) HOSTER.KZ Тіркеушісінің 29.12.2014ж. 1 беттен тұратын №231 хаты
3) PS.kz Тіркеушісінің 19.12.2014ж. 1 беттен тұратын №70 хаты
4) KazNIC Мекемесінің 24.12.2014 ж. 2 беттен тұратын Домендік атауларды қолдау қызметін көрсетуге нарықтағы бәсекелестік туралы мәлімет жайлы анықтамасы
5) Елдер бойынша домендік атауларды қолдау қызметінің салыстырмалы талдауы, 1 беттен тұрады