KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Семейде жаңа түбірлі K-Root DNS сервері іске қосылды

KazNIC мекемесі (.KZ және .ҚАЗ ұлттық домендерінің операторы) және RIPE NCC мекен-жайларының Еуропалық өңірлік тіркеу бөлімі Семей қ. KazNIC алаңында түбірлі K-Root DNS серверін іске қосу бойынша жұмыстарды аяқтады.

Тұтынушылардың DNS жүйесіне қоятын барлық сұраныстары рекурсивті орындалады, және егерде провайдердің кеш-серверінде домендік атау туралы сақталған ақпарат болмаса осы атауға жауапты DNS сервері табылғанша зерттеу 12 түбірлі серверлерінің бірінен басталады.

Түбірлі сервердің тікелей жақында болуы, белгіленген домендік атаудың ip мекен-жайын анықтауға кететін уақытты айтарлықтай қысқартады. Нәтижесінде, Қазақстандық сегмент тұтынушылары үшін Интернет желісіндегі жұмыстың сапасы мен жылдамдығы артады.

K-Root DNS түйіні Қазақстан аумағындағы түбірлі серверлердің екіншісі болып табылады. Бірінші түбірлі L-Root сервері KazNIC алаңында 2 жылдан астам уақыт бұрын ICANN корпорациясы серверінің операторымен бірлесе отырып іске қосылған болатын.

RIPE NCC мекен-жайларының Еуропалық өңірлік тіркеу бөлімінің K-Root түйінін орналастыруға KazNIC алаңын таңдауы Семей қаласында құрылған тораптық ақпарат орталығының сенімділігінің және әлемдік талаптарға сай келетіндігінің дәлелі болып табылады.

KazNIC-пен тура байланысы бар провайдерлердің тұтынушылары, .KZ және .ҚАЗ ұлттық домендер, ресейлік .RU және .РФ, сонымен қатар CommunityDNS серверлерімен (барлық әлемнің 100млн. астам домендік атаулары) қатар екі түбірлі DNS серверлерінің қатысының артықшылықтарын барынша толық сезіне алады.

MetroEthernet технологиясын пайдалана отырып, Cisco жабдығымен тұрғызылған Семей қаласындағы KazNIC мекемесінің опто-талшықты деректер беру жүйесі барлық мүдделі провайдерлер үшін 1 Гб / с жылдамдықпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Семей және Астана қалаларындағы қазақстандық 4 ірі провайдерлердің KazNIC желісімен тікелей байланысы бар.