KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

ҚР ақпараттық қауіпсіздігіне төнген қауіп туралы Шығыс Қазақстан обылысы әкімі Б.М. Сапарбаевқа жолданған ашық хат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Б.М. Сапарбаев мырзаға


Құрметті Бердыбек Машбекұлы!


Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев бекіткен «Ақпараттық Қазақстан 2020» бағдарламасының іске асуы Интернет желісінің Қазақстандық сегментінің тұрақты жұмысынсыз мүмкін емес.

Домендік есімдерді адресаттау жүйесі желі қызметінің инфрақұрылымы, негізі болып табылады. Ұлттық домендік есімдер тізілімі ақпараттық жүйесі жұмысының іркілісі, оның интернет байланысынан үзілу ықтималдығының насыры Қазақстан Республикасы үшін апатты зардаптарға әкеліп соғады жәнеде елдiң ақпараттық қауiпсiздiгіне тiкелей әсер етедi, халықаралық бірлестік алдындағы тұрақты дамып келе жатқан республика ретіндегі Қазақстан имиджіне де нұқсан келгелі тұр.

.KZ домендік есімі интернет желісінде 1994 жылдың 19 қыркүйегінен бастап, ұлттық әліппе символдары қолданылатын .ҚАЗ домендік есмі 2012 жылдың 3 наурызынан бастап жұмыс істейді. Ұлттық домендік есімдер тізілімінің қызмет етуiн және Интернет желісі жұмысының қамтамасыз етілуін «Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі (KazNIC) жүзеге асырады.

Өткен 18 жыл ішінде Интернет желісіндегі ұлттық домендік есімдердің Тізілімімен қамтамасыз ету және қызымет көрсету үшін Семей қаласындағы Б. Момышұлы көшесі, 22 үй мекен-жайында күрделі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым құрылды. Оның құрамында Қазнет бағыттамалары жүйесінің жұмыс қабылетін қамтамасыз ететін ондаған өте маңызды серверлер бар, Семей қ-сы бойынша қалалық мәлімет тарату желісі жобасын жүзеге асыру мақсатында 80 шақырымнан астам оптоталшық кабельдері жүргізілген. Қаланың барлық мектептері MetroEthernet технологиясы бойынша 100мбит/с жылдамдығы бойынша желіге қосылған. Ұлттық домендік есімдер Тізілімінде 87 мыңнан астам тіркемелер есептелінген.

Шығыс Қазақстана обылысы әкімдігінің қолдауымен 2007 жылдың 10 қаңтарында KazNIC мекемесі пайдаланып отырған жайды 5 жылға пайдалануға сенімгерлікпен басқару келісім шартын ары қарай созу мүмкіндігімен жасасты. Кейінірек орталықтың қызмет етуiнің тұрақтылығын күшейту үшiн көрсетiлген ауданды жекешелендiру жобаланған, бұл туралы ШҚО қаржы департаментінің арнайы хаттары мен жауаптары да бар. Алайда ғимарат Семей қаласының қаржы бөліміне берілгеннен бастап KazNIC мекемесін талау мен шығару әрекеттері басталды. 2013 жылдың 27 наурызы күні Семей қаласының қаржы бөлімі сенімгерлікпен басқару келісім шартын сот арқылы бұзды.

Осы орын алған жағдайда KazNIC мекемесі Б. Момышұлы к-сі, 22 үй мекен-жайында орналасқан ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның кепілі болып қалды және көрсетілген қысқа мерзімде аталмыш жайды босату салдарында жүйе жұмысының жұмыс қабілетінің ақаусыз жұмыс істеуі мен Интернетке сенімді қосылу қызыметіне мүмкіндігі жоқ. Ұқсас орталық жасауға және Тізілімнің қызмет көрсетуiн, желіні басқару орталығын, коммуникациялық кабельдерді және барлық жүйелер қызметінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін резервтелген жүйелерді бiртiндеп тасымалдауға орасан зор қаржы мен уақыт қажет болады.

2012 жылдың ақпанында байланыс Министрлігінің өтінішімен, министр Жумагалиевпен телефон арқылы әңгімеңізде Сіз KazNIC мекемесі пайдаланып отырған 277кв.м. ауданды құрайтын жайдың мәселесінің шешімін оңды қабылдауға сөз бергенсіз. Арада өткен бір жылдың ішінде жағдай тек өзгеріссіз ғана қалмай қысылшаң жағдайға дейін жетті. Жедел және жігерлі шешім қабылдау қажет.

Бiз ақпараттық жүйелер қызметінің үздiксiздігін қамтамасыз ету мақсатыда жылжымайтын мүлiктiң иесі мен KazNIC тұлғасындағы сенімгерлік басқарушысы арасында пайда болған қайшылықты шешу үшiн, Семей қаласында орналасқан ұқсас ауданды жай-күй сатып алуды және оны Б.Момышулы к-сі, 22 үй мекен-жайындағы атаулы жайға ауыстыруды ұсынамыз.


Мүдір _______________________ П.М. Гусев