KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Домендік атаулар ұстаушыларына арналған жадынама

Бұл жадынама домендік атаулардың ұстаушыларына, сондай-ақ домендік атауды тіркеуді қалайтындар үшін арналған.

Бұл жадынама сіздің домендік атауыңызды дұрыс басқару үшін білуіңіз қажет негізгі ұсыныстарды береді.

Домендік атауды таңдау

Сіз кім болсаңыз да жеке тұлға ма әлде заңды тұлға ма, сіздің болашақ домендік атауыңыздың таңдауы уақыт пен ойлануды талап ететін маңызды мәселе болып табылады.

Домендік атауды тіркеуден бұрын KazNIC сізге келесі әрекеттерді орындауды ұсынады:

1. сіз тіркегіңіз келген домендік атаудың бос екендігін WHOIS деректер базасынан тексеруіңізді WHOIS домендік атауларын іздеу

2. аккредиттелген Тіркеушілер тізімінің көмегімен сіздің домендік атауыңыздың басқаруылуына жауапкершілікті мойнына алатын Тіркеушіні таңдауды.

Әрбір сұрау салынған домендік атау Тізілімде тіркеу үшін бос болмауы мүмкін. Бұл немесе басқа да домендік атаудың тіркеу үшін бос болмауының себебі мынадай болуы мүмкін:

а) Тізілімде сұрау салынған домендік атаумен бірдей тіркелім бар. Қолдаудың төлемінің аяқталу мерзімі (тіркеу жазбасының expired жолағында) бұл мерзімнен кейін бұл атаудың бос болуын білдірмейді және Тіркелушінің өтініші бойынша кез келген уақытта он жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

б) Сұрау салынған домендік атау «тоқтату парағына» - тіркеу үшін қол жетімді емес атаулар тізімне енген.

в) Сұрау салынған домендік атаумен бірдей тіркеу жақында Тізілімнен өшірілген болса. Домендік атаудың Тіркеушісінің Тізілімнен өшіргенінен кейін ол 60 күн өткенде тіркеуге қайтадан қол жетімді болады.

Домендік атауды тіркеу

Домендік атауды тіркеу кезінде Сізді жұлдызшамен белгіленген толтыруға міндетті жолақтары бар өтінімді толтыруды сұрайды. Олардың ішінде:

Тіркелуші (Registrant): домендік атауды тіркеген Жеке немесе Заңды тұлға.

Домендік атаудың Тіркелушісі ретінде кімнің тіркелуі керек екендігін және WHOIS деректер базасында кімнің көрсетілетіні туралы шешімді қабылдау маңызды болып табылады. Мысалы, келесідей жағдайлар болған:

- Компания қызыметкері домендік атауды өз атына тіркеген, бірақ, ол жұмыстан шыққан кезде домендік атаудың меншіктігі туралы дау туындады.

- Жеке тұлға немесе ұйым домендік атауды тіркеу бойынша IT-компания қызыметін пайдаланды. IT-компания домендік атауды өз атына тіркеді, бірақ бұл туралы тұтынушыға ескертпеді.

«Тіркелуші» жолағын толтырмас бұрын өзіңізден сұраңыз: Менің домендік атуыма кімнің құқығы болуы керек? Домендік атауды беру туралы шешімді кім қабылдай алады? Сот мәселелері туындаған жағдайда жауапкершілікті кім мойнына артады?

Сонымен қатар домендік атауды тіркеу барысында сізге мынаны білу қажет:

Әкімшілік байланыс (Administrative contact): домендік атауға қатысты барлық әкімшілік сұрақтарға, соның ішінде тіркеуге өтінім берген тұлға туралы ақпаратқа қоса жауапты байланысатын тұлға.

Техникалық байланыс (Technical Contact): Сіздің доменіңізге байланысты барлық техникалық сұрақтар туындаған жағдайда байланысуға болатын тұлға/компания көрсетідеді. Әдетте бұл бөлім домендік атауды тіркеген Тіркеушінің байланыс ақпаратынан құралады.

Қаржылық байланыс (Billing contact): Домендік атауды төлеуге шот алуға жауапты тұлға/ұйым.

Атаулар сервері (Name Server): Бұл бөлім DNS (Домендік Атаулар Сервері) туралы ақпараттан құралады; әдетте DNS ақпараты екі жолақтан тұрады. Біріншісі алғашқы DNS сайты туралы ақпараттан, ал екіншісі екінші дәрежелі/көшірмелі ақпараттан құралған. Кемінде екі DNS серверлері туралы ақпаратты ұсыну қажет.

WHOIS мәліметтер базасы

WHOIS мәліметтер базасы домендік атау туралы келесі ақпаратты көрсетеді:

- Доменді құру күні (Domain created): Доменнің бастапқы тіркелу күні.

- Доменнің тіркеушісі (Registrar): Домендік атауды тіркеген, домендік атау тіркеушісі.

- Соңғы жаңартылған күн (Last modified): Доменге қатысты WHOIS жазбасы қандай да бір жолмен өзгертілген/жаңартылған кездегі күн.

.kz және .қаз аймағында домендік атуды тіркегенде сіз 2013 жылдың 21 мамырындағы «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес домендік атауды тіркеу формасында көрсетілген көлемде және мақсаттарда жеке деректерді жинауға, сақтауға және өңдеуге келісесіз. 2015 жылдың 24 қарашасындағы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның 2016 жылдың 28 қаңтарындағы Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасына сәйкес, WHOIS жүйесі Тіркеуші және әкімшілік байланыс туралы ақпаратты көрсететін болады.

Көптеген Тіркеушілер пайдаланушыларына Интернетте қол жетімді болатын басқару панелін пайдаланып алдын-ала аталған ақпаратты жаңартуға мүмкіндік береді. Сіз доменді бірінші рет тіркеген кезде қолданған Өз логиніңізді ұмытпаңыз немесе сақтап алыңыз.

Домендік атауларды ұстаушылардың ең жиі кездесетін қателігі - WHOIS домендік жазбасында қате байланыс ақпаратын енгізу. Егер сіз өтінімнің барлық бөлімдерін толтырмасаңыз немесе оларды дұрыс толтырмасаңыз немесе ақпаратты уақытында жаңартпасаңыз, бұл кейіннен елеулі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Мысалы, белсенді емес электрондық пошта мекенжайы бұрынғы қолдау кезеңі аяқталған кезде доменді тіркеуді жаңарту үшін қажетті ақпаратты алуға кедергі келтіруі мүмкін.

Тіркеу бөлімі және Тіркеушілер

KazNIC мекемесі .kz және .қаз аймақтарының тіркеу бөлімі болып тапбылапды.

Осылайша, KazNIC келесі міндеттерді шешеді:

-домендік атауларды тіркеу тізілімін басқару,

-KazNIC жауапкершілігінде тұрған домендік атау жүйесін техникалық қолдау,

- Интернетте кез келген жерден осы домендік атаулардың қол жетімді болуын қамтамасыз ету.

KazNIC өз міндеттерін орындау үшін бөлінген тіркеуді пайдаланады және әлеуетті Тіркелушілердің домендік атауларын тіркеуге жауапты Тіркеушілермен өзара әрекеттеседі.

KazNIC түпкілікті тұтынушымен қандай да бір байланыста сирек болады.

Сіздің ең басты байланысыңыз – ол сіздің домендік атауыңызды басқару үшін өзіңіз таңдаған Тіркеушіңіз болып табылады. Тіркеуші барлық домендік атаумен жасалатын мәмлелерге (тіркеу, қайта жаңарту, аударым, жою) кепілдік береді.

Егер Сіздің Тіркеушіңіз өз қызметін тоқтатса. Бұл тіркеуші өзінің аккредиттеуін растамаған немесе Тіркеушілердің тізімінен шығарылған жағдайда туындауы мүмкін. Бұл жағдайда Тіркеуші өзінің барлық тұтынушыларына өзінің қызметін тоқтатқандығы туралы хабарлауға және жаңа Тіркеушіні таңдауды ұсыныс жасауға міндетті. Сіз қолданыста жүрген тіркеушілердің бірін таңдамайынша KazNIC Тіркеушінің міндеттемелерін уақытша өз мойнына қабылдайды.

Домендік атаудың тіркелушісінің құқықтары мен міндеттері

Домендік атауды тіркеген кезде сіз келісесіз:

- Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидасын сақтауға;

- Сіздің және Тіркеушіңіздің арасында жасалған шарттың талаптарын рындауға.

Тіркелушінің құқықтары

Сіз тіркелуші ретінде домендік атаудың тіркеуін созыуға, домендік атаудағы байланыстарды өзгертуге, өзіңіздің домендік атауыңызды басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге, домендік атауыңызды басқа тіркеушіге қолдауға ауыстыруға, домендік атауды жоюға құқығыңыз бар. Домендік атаумен аталған барлық операцияларды сіз домендік атауды тіркеудің бүкіл кезеңінде Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидасын сақтаған жағдайда және сіздің домендік атауыңызды пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеген жағдайда ғана орындай аласыз.

Тіркелушінің міндеттері

Домендік атаудың Тіркелушісі бола тұра сізде белгілі бір жауапкершіліктер болады:

1. Қол жетімді болуға. Домендік атауды тіркеген кезде домендік атауды пайдалану кезеңінде нақты байланыс ақпаратын беруге міндеттісіз. Бұл ережені сақтамау домендік атаудың жойылуына әкелуі мүмкін.

Уәкілетті ұйымның өтінімі бойынша KazNIC осы Қағиданың 17-тармағының 1-тармақшасы негізінде домендік атауды пайдалануды тоқтата алады. Бұл жағдайда сіз Тіркелушіге тағайындалған байланыс ақпаратын растауыңыз қажет. Ол үшін жеке тұлғаларға жеке куәліктің көшірмесі мен мекен-жай анықтамасын және заңды тұлғаларға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін беру қажет. Егер де сіз ереженің анықталған бұзылуы туралы ақпаратты алғаннан кейін 10 күн ішінде байланыс ақпаратына өзгеріс енгізбесеңіз және оның өзектілігін растайтын құжаттар өткізілмеген болса, домен жойылады.

2. Серверлік жабдықтың орналасуы. Тіркелген домендік атаудың интернет-ресурсы орналасқан серверлік жабдыққа қойылатын міндетті шарт оның жеке орналасқан жері Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиістілігінде.

Уәкілетті ұйымның өтінімі бойынша KazNIC осы Қағидалардың 17-тармағының 2-тармақшасы негізінде домендік атауды пайдалануды тоқтата алады. Бұл жағдайда Сіз домендік атауды Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешенге ауыстыруыңыз қажет. Ережелердің анықталған бұзылуы туралы ақпаратты алғаннан кейін 10 күн ішінде өзгеріс енгізбесеңіз, домен жойылады.

Домен атауының күйін көру үшін домендік атаудың барлық мәртебелері көрсетіліп тұратын WHOIS дерекқорында оның іздеуін орындаңыз.

Домендік атауды тіркеуді ұзарту

Сіз доменді тіркеген сәттен бастап белгілі бір уақытқа оның Тіркелушісі боласыз.

Домендік атауды тіркеген кезде сіз тіркелу ұзақтығын таңдай аласыз.

Ұзақтығы 1 жылдан 10 жылға дейін болуы мүмкін.

Егер сіз доменді қысқа уақытқа, мысалы, бір жылға тіркеген болсаңыз, оның жойылуын болдырмау үшін ақылы қолдау мерзімінің соңына дейін ұзартуды ұмытпаңыз.

Егер сіздің келісімшартыңыз бірнеше жылдар бойы автоматты түрде жаңартылуды қоса қарастыратын болса да, домендік атауыңыз араласуды немесе төлемді жаңартуды қажет ететіндігін қадағалау үшін жарамдылық мерзімінің алдында жыл сайын тексеріп отырғаныңыз дұрыс. Сіз сондай-ақ, домендік атауыңызды жаңартып, оның жарамдылығын өзгерте аласыз (1 жылдан 10 жылға дейін).

Домендік атауыңызды жаңартып отыру неліктен маңызды.

Егер тіркеушіңіз доменнің жарамдылық мерзімі аяқталмай тұрып сізбен байланыса алмаса, ол доменді жоюы мүмкін, себебі сіздің доменіңізді басқаруға арналған шығындарды тіркеуші төлеуге тиісті емес.

Домендік атауды қайта тіркеу «бірінші келді-бірінші қызмет көрсетілді» принципі бойынша жүзеге асырылады.

Домендік атауды беру

Тіркелуші домендік атауды басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге ниеттенсе, Тіркелуші Тіркеушіге оның қолданған домендік атауына құқықтарды беру туралы шешімін хабарлайды.

Домендік атауды беру рәсімін нақтылау үшін Тіркеушіге хабарласыңыз.

Тіркеушіні ауыстыру - трансфер

Доменді аудару - доменді бір тіркеушіден екіншісіне ауыстыру, жаңа Тіркеушіге қызмет көрсету және домендік атауды қайта жаңғырту құқығын беру. Трансфер көбінесе ағымдағы Тіркеушінің шарттары (қызмет көрсету сапасы немесе баға) ұнамаған жағдайда, немесе доменді қайта ресімдеу қажет болса, немесе барлық домендерді бір Тіркеушінің басқаруына ауыстыруға ниеті болса және басқа жадайларда жасалады.

Сіз Тіркеушіні өзіңізге қолайлы кез келген уақытта ауыстыра аласыз. Жаңа Тіркеушінің келісім шарттарымен танысқаныңызға көз жеткізіңіз. Тіркеушіні ауыстыру үшін, Сізге меншік иесі ретінде ағымдағы Тіркеушіден аудару кодын (auth-info кодын) алуыңыз керек және оны домендік атауды аудару үшін жауапкершілікті мойнына алатын және аудару процедурасын аяқтайтын жаңа Тіркеушіге беруіңіз керек. Тіркеушілер арасында тіркеулерді трансферлеу тәртібі.

Тіркеушінің ауысуы жағдайында өзіңіздің ағымдағы Тіркеушіңізбен келісімшартты тексеріп, оның тармақтарын ұстаныңыз.

Доменді тоқтата тұру және жою

Домендік атауларды пайдалану келесі жағдайларда тоқтатылады:

1) домендік атаудың Тіркелушісі туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпарат анықталса;

2) Тіркелген домендік атауы орналасқан интернет-ресурсының аппараттық-бағдарламалық кешені Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқаны анықталса;

3) домендік атауды пайдалануды уақытша тоқтату туралы сот шешімі бар болса;

4) сіздің домендік атауыңыз Даулы сұрақтарды шешу тәртібіне сәйкес даудың объектісіне айналса.

Жоғарыда аталған себептердің бірі бойынша доменнің тоқтатылу кезеңінде доменге HOLD күйі беріледі және тоқтата тұрудың себебін WHOIS дерекқоры арқылы көруге болады.

Домен атауы келесі жағдайларда жойылады:

1) Домендік атауды тіркеуді тоқтату туралы Тіркелушінің өтінімі болса;

2) Тіркелуші мен Тіркеуші арасындағы келісімнің мерзімі аяқталғанда;

3) аталған кезеңде домендік атауды пайдалануды тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықты жоймаса;

4) домендік атауды жою туралы заңды күшіне енген сот шешімі болса.

Жоғарыда сипатталған домендерді тоқтата тұру және жою жағдайларынан басқа, домендерді тоқтата тұруы және жоюы мүмкін, егер:

- Уəкілетті ұйым интернет-ресурсында Интернетті қауіпсіз пайдалануға қауіп төндіретін зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді анықтаса. Сонымен бірге уәкілетті ұйымның өтініші бойынша KazNIC домендік атауды Қағиданың 17 тармағының 3 тармақшасы негізінде тоқтата алады. Бұл жағдайда сізге зиянды файлдарды жою қажет. Егер де Ережелердің анықталған бұзылуы туралы ақпаратты алғаннан кейін 10 күн ішінде түзетулер енгізбесеңіз, домен жойылады.

Тауар таңбасын немесе сауда маркасын пайдалану құқығын бұзғаныңызға қатысты хабарлама алған жағдайда не істеу керек?

Қандай да бір ұйым немесе жеке тұлға сіз домендік атауыңызды тіркеу арқылы олардың тіркелген сауда маркасының немесе тауар белгісінің пайдалану құқықтарын бұздыңыз деп есептеу жағдайы болуы мүмкін. Сауда белгісінің иесі жүгінгенде KazNIC қай жағдайларда дауларды шешу рәсімін бастауы мүмкін? Бұл орын алуы мүмкін, егер:

1. Домендік атау тіркелген сауда маркасына немесе тауарлық таңбасына толығымен сәйкес келсе.

2. Тауар таңбасын тіркеген күн домендік атауды тіркеген күннің алдында болса.

Бұл жағдайда тауар таңбасының немесе сауда маркасының иесінен немесе оның ресми өкілінен сіздің пошталық мекенжайыңызға тауарлық таңбаны немесе сауда маркасын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі қоса тіркелген шағым жіберіледі. KazNIC-ке домен дауын ашу үшін негіз болатын, шағымның сізге тапсырылғандығы туралы хабарлама және сауда белгісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады. Өз кезегінде, KazNIC Сіздің мекенжайыңызға даудың ашылуы туралы және 30 күндік мерзім ішінде өз тауар таңбасын немесе сауда маркасын тіркеу туралы куәлікті жіберуді өтініп хабарламамен хат жазады. Егер KazNIC көрсетілген мерзімде сізден өз тауар белгісін немесе сауда маркасын тіркеу туралы куәлікті алмаса, домендік атауға даудың шешілуіне дейін HOLD мәртебесі беріледі.