KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Сауда белгілері, тауар таңбалары иелеріне арналған жадынама

Егер де, домендік атау мүмкін сіздің құқықтарыңызды бұзса не істеу керек?

Егер сіз тіркелген тауар таңбасын немесе сауда белгісін пайдалану құқығыңызды бұзуы мүмкін домендік атауды тапсаңыз, KazNIC Домендік атаудың тіркелушісімен бейбіт шешімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін Даулы сұрақтарды шешу тәртібін қарастыруды ұсынады. Бейбітшілік келісімі болмаса, жалғыз нұсқа сот процедурасы болып табылады.

Домендік атаудың тіркелушісінің байланыс ақпаратын қалай алуға болады?

Домендік атаудың тіркелушісінің байланыс ақпаратын WHOIS деректер базасынан табуға болады. Сіздің дауыңызды бейбіт түрінде шешіуге тырысу үшін домендік атаудың тіркелушісімен хабарласуыңызға кеңес береміз.

Тіркелуші берген байланыс ақпараты оған хабарласуға мүмкіндік бермесе, не істеу керек?

WHOIS дерекқорында Доменді тіркеген кезде домендік атаудың Тіркелушісі берген және Тіркелуші жауапты болып табылатын ақпаратты ұсынады. Тіркелушілер өз деректерін жаңартып отыруы керек болса да, деректер дұрыс емес болуы мүмкін.

Егер қандай да бір себептермен Тіркелушінің байланыс деректері толық емес немесе сенімсіз болса, онда сізге Тіркелушінің байланыс мәліметтерін тексеру үшін KZ-CERT өкілетті ұйымына хабарласуыңыз керек. KZ-CERT Тіркелуші туралы мәліметтердің толық еместігін немесе сенімсіздігін растағаннан кейін, KazNIC Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасының 18, 19, 21-тармақтарының негізінде әрекет ететін болады (бұдан әрі - Ережелер).

KazNIC әрекеті Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасының 18, 19, 21-тармақтарына негізделген (бұдан әрі - Ережелер).

Кез-келген жеке немесе заңды тұлға телефон нөмірін, пошталық мекен-жайын, электронды поштасын көрсетсе, қол жетімді болып есептеледі. Егер KZ-CERT уәкілетті ұйымы домен бойынша байланыс ақпараттардың толық емес немесе сенімсіз екендігін анықтаса, KZ-CERT домендік атаудың Тіркеушісіне анықталған бұзушылықтар туралы хабарлауын сұрап KazNIC-ке өтініш жасайды, ол өз кезегінде Тіркелушіге хабарлайды. KazNIC доменге домендік атауды тоқтата тұратын серверHOLD мәртебесін орнатады.

Егер Ережелердің анықталған бұзушылықтары туралы толық емес немесе сенімсіз ақпарат туралы хабарлама алғаннан кейін 10 күн ішінде Тіркелуші бұзушылықты жоймаса және байланыс ақпаратының өзектілігін растайтын құжаттарды ұсынбайтын болса, домен атауы жойылады және 60 күннен кейін ол жаңа тіркеуге «бірінші келді-бірінші қызмет көрсетілді» принципі бойынша қол жетімді болады.

Домендік атауларды қайта тіркеу 60 күн ішінде тек осы атаудың бұрынғы Тіркелушісіне немесе Дауларды шешу тәртібіне сәйкес осы атау бойынша дауды шешу рәсімін бастаған тұлғаға, ол Реестрден шығарылғанға дейін жүргізуге рұқсат етілуі мүмкін.

KazNIC жойылатын домендер тізімін бермейді.

Егер сіз домен тіркелушісімен хабарласқан болсаңыз, бірақ одан келісім ала алмаған жағдайда не істеу керек?

Егер домендік атаудың тіркелушісімен келісімге келе алмасаңыз, онда даулы сұрақтарды шешу тәртібін қолдануыңызға болады, содан кейін сотқа жүгіне аласыз.

KazNIC-тің заңды кеңес беруге біліктілігі жоқ.

Рәсімдер мен мәртебелер

KazNIC доменді телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы жіберілген хабарлама негізінде тоқтатуға міндетті емес. KazNIC үшінші тұлғалардың өтініші бойынша даулы доменді тоқтату туралы өтініштерді қабылдамайды.

Егер Тіркелушіге дауды ашу туралы хабарландырылған күннен бастап 30 күннің ішінде KazNIC Тіркелушіден өз тауар белгісін тіркеу туралы куәлікті алмаса, домендік атауға серверHOLD мәртебесін, сондай-ақ доменді алып тастауға, Тіркелушінің байланысына түзетулер мен өзгертулер енгізуге тыйым салатын мәртебелер қолданады.

Мұндай мәртебелерді орнату доменмен ағымдағы және болашақ әрекеттердің (тіркеушінің өзгеруі, доменді аудару, жою, т.б.) барлығын болдырмайды және сот шешімі қабылданғанға дейін доменнің жұмыс істеуін тоқтатады. WHOIS дерекқорында да домен тиісті мәртебеге ие болады.

Егер Тіркелуші өз міндеттерін бұзатын болса

Домендік атаудың Тіркелушісі даулы рәсімге қатыса отырып жаңа қолдау кезеңін төлемеген болса, яғни, Тіркеу Келісімінің міндеттемелерін бұзған жағдайда KazNIC сауда белгісінің иесіне ағымдағы тіркелушінің өз міндеттемелерінен бас тартқанын және домен жойылуы мүмкін екендігін хабарлайды. Сауда белгісінің иесі KazNIC мекемесіне доменді қайта тіркеу үшін Тіркеу Келісімін доменді қолдайтын тіркеушіні көрсете отырып жібере алады. KazNIC мекемесі домендік атауды тіркеуден алып тастайды және оны тауарлық белгінің иесінің атына толық тіркегенге дейін сақтап қояды.