KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

KZ домендік атауларының таратылған тіркелуі

Домендік атаулардың таратылған тіркелуі (одан ары қарай - SRS - Shared Registry System) домендік атауларды тіркеу мен қолдау шарттарын ұсынуды орталықсыздандыруға, осы салада бәсекелестікті енгізуге, ұсынылатын қызметтердің деңгейін жақсартып, тұтынушылар үшін қатысты шарттар ассортиментін кеңейтуге рұқсат етеді.

Таратылған тіркеудің негізінде үш деңгейлі өзара қарым-қатынас үлгісі жатады:

  • Тіркеу орны
    • Тіркеуші
      • Тіркелуші

Тіркеу орны орталық репозитарий сияқты тіркелген домендік атаулардың деректер базасын енгізуді жүзеге асырады және осы атаулардың Интернетте жұмыс істеуіне қолдау көрсетеді.

Тіркеуші тіркеу орнында домендік атауды басқару бойынша нақты уақыт тәртібіндегі Тіркеу орнының деректеріне шығу үшін технологиялар мен құралдарды қолдана отырып, Тіркелушінің тіркеуге және іске асырылуына құқығын жүзеге асырады.

Тіркелуші тіркеушілер арасында домендік атауды тіркеу/қолдау, атаудың хостингі, сайттың және басқа да қызметтердің тұтынушысы ретінде бостандыққа ие болады. Тіркелуші кез келген уақытта трансфер үрдісімен (тіркеуді бір Тіркеу орнынан басқасына беру) қолданатын тіркеушіні ауыстыра алады.

Осы үлгі аккредиттеу талаптарымен қамтамасыз етіліп тұтынушыларға қызметтерді SRS, тұрақтылық және үзіліссіз қолданып, домендік атауларды тіркеуге мүмкіншілігі, Тіркеушілердің шексіз сандары бар екендігін түсіндіреді. Тіркеушінің аккредиттеу үрдісі тұтынушыларға домендік атауларды тіркеу және қолдау бойынша қызметтерді ұсынуда қажетті сенімділік алуына рұқсат береді.