Тіркеушілерді аккредиттеу
Жоғары деңгейлі .KZ және .ҚАЗ домендерінің Тіркеушісі ретінде Қазақстан Республикасының
резитденті, заңды тұлға аккредиттеуден өте алады. Қазақстан Республикасының бейрезиденті ICANN Тіркеушісі
ретінде аккредитациясы болған жағдайда ұлттық домендік атаулар әкімшісінің аккредитациясын алуға құқылы екендігіне.
Аккредиттеу үрдісі бірнеше бөлімнен тұрады:
1) Жоғары деңгейлі домендердің Әкімшілігіне (IT-компанияларының Қауымдастығы) Тіркеуші ретінде
аккредиттеуден өтуге Өтініш (
өтініш,
сауалнама,
келісім) тапсыру. Құжаттардың
электрондық көшірмелері Тіркеу бөліміне (KazNIC) өткізіледі.
Толтырылған өтініштерді почта немесе шабарман арқылы ЗТҚ «IT-компанияларының
Қазақстандық Қауымдастығының» (Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ.,
Қабанбай батыр к-сі, 6/5, 3 кеңсе) жоғары деңгейлі домендерінің Басқарушысына
жөнелту керек, көшірмелерін – электронды түрде "Қазақ торап ақпарат орталығы"
мекемесіне info@nic.kz мекенжайы бойынша
жіберіледі.
2)Тіркеу бөлімінен, қызыметшілердің біліктілік деңгейін бағалаудан және EPP
хаттамасының үрдісіне сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету үшін тестілеуден өту.
3) ЗТҚ «IT-компанияларының Қазақстандық Қауымдастығынан» .KZ және .ҚАЗ
домендерінің Тіркеушісі ретінде аккредиттелгендігі туралы куәлігін алу.
4)Тіркеушімен типтік Келісімге отыру (pdf, doc).
Аккредиттеуден өту үрдісінің нәтижесінде өтініш Беруші Нақты Тіркеушілер қатарына ауысады.
|