KZ доменін Тіркеушілерді акккредиттеудің уақытша Ережелері
Қазақстандық IT компания қауымдастығымен
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 26-12-А бұйрығымен бекітілді.
1. Жалпы ережелер
1) Нақты Ереже .KZ ұлттық доменін Тіркеушілердің аккредиттеуін жүргізу тәртібін орнатады.
2) .KZ домендік кеңістікте домендік атауларды тіркеу және қолдау көрсете алатын кандидаттар болу аккредиттеудің мақсаты болып табылады.
3) Аккредиттеу тек Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары-резиденттеріне ұсынылады.
Тіркеуші міндеттері:
- домендік атауларды тіркеу және қолдауда, хостинг қызметін, Интернетке кіру қызметін ұсынуда және т.б. жеткілікті іс тәжірибесі;
- білікті тұлға (біліктілікті растауда қызметкерлердің тізімі ұсынылады);
- кем дегенде екі сапалы DNS серверлері болу (домендік атауларда хостингті көрсету 2 жылдан кем емес);
- қызметтер, үрдістер, тіркеу келісімі көрсетілген жеке веб-сайты, online тәртібінде клиенттерге қызмет көрсетуі автоматтандырылған жүйеде болу;
4) Тіркеуші өз қызметінде Интернет жүйесіндегі қазақстандық сегментінің мекен-жай кеңістігін тарату Ережелерімен және орнатылған тәртіпте бекітілген басқа да нормативтік құжаттармен басшылық етеді.
2. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі
1) Үміткер акккредиттеуге Өтінішті Тіркеу орнына (KazNIC) Тіркеуші ретінде береді (Қосымша 1) (http://nic.kz/srs/application.jsp).
2) Аккредиттеуге Өтінішті толтыру кезінде міндетті түрде 10-тармақты «Іскерлік қабілеттіліктері» нақты әрі толығымен ашу керек.
Өтініммен бірге келесі құжаттар беріледі:
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік көшірмесі;
- Салық төлеушінің Куәлік көшірмесі;
- ҚҚС-ы бойынша есепке қою туралы Куәлік көшірмесі;
- Айналмалы қаражаттың немесе соңғы қаржылық кезеңінің шоты бойынша растама куәлігінің көшірмесі;
- ағымды сақтандыру полисінің көшірмесі (егер бар болса).
Барлық құжаттарды міндетті түрде пошта арқылы Тіркеу орнының мекен-жайына жіберу керек. Өтінімді беруде үміткер Қатысты регламенттермен танысуы қажет. (http://nic.kz/srs/consensus.jsp).
3) Аккредиттеу өтініміне барлық құжаттар қарастырылған соң, ақпарат жүйелік әкімшісіне тестілеу үшін беріледі.
4) Тестілеудің қорытындысы негізінде Тіркеу орны Үміткердің аккредиттеу мүмкіндігі туралы келісім шығарады немесе өтінімінен бас тартып оны .KZ доменінің Әкімшісіне жібереді. (Казақстандық IT- компаниялар қауымдастығы).
Үміткерді Тіркеуші ретінде аккредиттеу жөніндегі шешімі .KZ доменінің Әкімшісімен қабылданады. .KZ доменінің Әкімшісінің шешімі оңды болса, акккредиттеу жөнінде үш жылға Куәлік беріледі.
Одан соң Тіркеу орнымен (Қосымша2) .KZ домендік атауларды таратылған тіркеуге қатысатын барлық Тіркеушілер үшін типтік Келісім болатын Келісім жасалады. Келісім регламенттері барлық қызмет ететін Тіркеушілердің Келісімінің құрамдас бөлігі және міндетті болып табылады.
5) Тіркеу орнымен Келісім жасағаннан кейін Тіркеуші Қызмет ететін Тіркеушілер қатарына ауысады және тұтынушыларға домендік атауларды тіркеу және қолдау қызметтерін ұсынуға болады.
6) «Тіркеушілерді аккредиттеу Ережелері» енгізілгенге дейін Тіркеушілер ретінде аккредиттелген Тіркеушілер-резиденттер емес, 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін өз қызметтерін жаңа талаптарға сәйкес келтіру керек. Әкімші берілген Ережелер енгізілгенге дейін .KZ домендік кеңістігінде Тіркеуші статусын алғандарға Тіркеушілер резиденттер емес ретінде акккредиттеуге құқығы бар.
7) Атауы, орналасқан жері (оның ішінде ұйымдастыру-құқықтық форма) өзгерген жағдайда Тіркеуші бір ай мерзім ішінде .KZ доменінің Әкімішісін ескертеді және нақты Ереженің 2-тармағының тармақшаларында көрсетілген, оған қоса берілген құжаттармен Тіркеуші ретінде аккредиттеу жөнінде куәлікті қайта рәсімдеу туралы өтініш береді.
8) Тіркеушімен аккредиттеу жөнінде куәлік жоғалатын болса, .KZ доменінің Әкімшісіне міндетті түрде Тіркеуші ретінде аккредиттеу жөнінде куәлік көшірмесін беру туралы өтініш беруі керек. Тіркеушінің аккредиттеу жөніндегі куәлік көшірмесі Әкімшімен өтінішті алған күннен бастап, 7 жұмыс күн аралығында беріледі.
9) Әкімші және тіркеуші DNS жүйесінің қызметінің тұрақтылығын, .KZ домендік атаулар тізбесінің бүтінділігін, .KZ домендік атауларды тіркеушілердің құқығын кепілділігін қамтамасыз етуді өз мақсаты ретінде қояды;
Егер Тіркеуші алдағы уақытта тіркелушілер мен тіркеушілер алдында қызмет көрсете алмаған немесе Интернет жүйесіндегі қазақстандық сегментінің домендік кеңістікті тарату Ережелерін, Тіркеу орнымен жасалған типтік Келісім нормалары мен басқа да нормативтік құжаттарды бұзған жағдайда .KZ доменінің Әкімшісі аккредиттеу жөнінде Куәлікті алып алуға құқығы бар.
Бұл жағдайда қызметін тоқтатқан Тіркеушінің барлық домендік атауларына уақытша қызмет көрсетуді аккредиттелген тіркеушілердің біреуі таңдағанға дейін Тіркеу орны өзіне алады.
Қосымша төменде көрсетілген.
Қосымша 1
Төменде көрсетілген сұрақтарға жауап бере отырып, жеке парақта келесі ақпаратты толтыруыңызды өтінеміз. Егер Сіз қойылған сұраққа нақты жауап білмесеңіз, қатысты сұрақтың мағынасына қарсы қойыңыз. («Іскерлік қабілеттіліктер») бөліміндегі сұрақтарға өтінімнің соңындағы қосымшаларға сүйене келе, түсіндіріп нақты әрі толық жауап берулеріңізді өтінеміз. Қосымша басшылық үшін қосымша нұсқаларды қара.
Төменде көрсетілген сұрақтарға жауап бере отырып. Келесі ақпаратты жеке параққа толтыруыңызды өтінеміз. Егер Сіз қойылған сұраққа нақты жауап бере алмасаңыз, бұны қарсы сәйкес сұрақта көрсетіңіз. Секция сұрақтары үшін («Іскерлік қабілеттіліктер») өтінім соңындағы барлық қосымшаларға сілтемелеп, сұрақтарға толық әрі нақтырақ жауап берулеріңізді өтінеміз. Қосымша басшылық үшін қоса берілген нұсқауларға қараңыз.
Жалпы ақпарат:
1. Өтінім берушінің атауы мен пошталық мекен-жайы
2. Заңды тұлғаның типі (Корпорация, серіктестік және т.б.)
3. Өтінім берушінің телефон нөмірі
4. Өтінім берушінің факс нөмірі, егер болса
5. Өтінім берушінің электрондық пошта мекен-жайы
6. Байланыс тұлғасының аты
7. Егер 3 және 5-тармақтардағы ақпараттан өзгеше болса, байланыс тұлғасының телефон нөмірі және электрондық пошта мекен-жайы
8. Сіздің сайтыңыздың Интернет мекен-жайыңыз
9. Куәлік көшірмелері: Заңды тұлғаны тіркеу туралы, СТН.
Іскерлік қабілеттіліктері:
10. Өзіңіздің ағымды бизнес қабілеттілігіңізді және бизнес жоспарыңызды төменде көрсетілгендей жасаңыз:
a. Өзіңіздің бизнес операцияларыңыз және бизнес жоспарыңыз туралы мәлімет
b. Сіз бір айда екінші деңгейлі домендік атауларды қандай көлемде өңдеуге жоспарлайсыз?
c. Сізде бір айда бизнес тіркеудің жобаланған көлемін өңдеу үшін, ақпаратты қандай басқарма, байланыс және жүйелік өңдеуі бар (немесе алуды ойлайсыз ба) көрсетуіңізді өтінеміз.
d. Тіркеу деректерінде өзгертулер туралы домендік атаулар иелерінің сұраныстарын тез арада өңдеу үшін Сізде бір айда бизнес тіркеудің жобаланған көлемін өңдеу үшін, ақпаратты қандай басқарма, байланыс және жүйелік өңдеуі бар (немесе алуды ойлайсыз ба)? Бұндай сұраныстар өңдеуге қалай тез қабылданады деп ойлайсыз?
e. Домендік атаулардың иелерінің тіркеу деректерінің бос болуын және мұрағаттауын қамтамасыз ету үшін Сіздің қабілеттілігіңіз қандай?
f. Тіркеу кезеңі аралығында Тіркеу орнымен барлық сделкалардың, ағымды тілшілік және байланыстың электрондық көшірмелермен қамтамасыз ету үшін Сіздің қабілеттілігіңіз қандай?
g. Жүйелік тізілімде Сіз қолдайтын барлық белсенді тіркеуді анықтайтын деректерге нақты уақыттағы ( Whois жүйесінің қызмет көрсетуі арқылы сияқты) қоғамдық кіруді қамтамасыз ету үшін Сіздің қабілеттілігіңіз (немесе қабілеттіліктерді ойлау) қандай?
h. Аккредиттелген тіркеуші ретінде Сіздің бизнестен кетуіңіз немесе жұмысыңызды тоқтатуыңызболған жағдайда олардың домендік атауларын қолдауды ұзартумен домендік атаулардың иелерін қамтамасыз ету үшін қандай қабілеттілігіңіз (немесе қабілеттіліктерді ойлау) бар?
i. Ақпараттық жүйелер қауіпсіздігін, жүйелік бұзуларды, осы және басқа да жүйелерге қосылу, кірісуді қоюмен қамтамасыз ету үшін Сіздіңқандай қабілеттілігіңіз (немесе қабілеттіліктерді ұсыну) бар?
j. 10 b тармағында көрсетілгендей, тіркеу деректерін толық көлемде өңдеу үшін білікті қызметшілерді жеткілікті санын еліктеу мүмкіндігі (немесе болады) бар ма?
k. Аккредиттелген тіркеуші ретінде Сіздің бизнестен кетуіңіз немесе жұмысты тоқтатуыңыз Internet арқылы атқарылатын жайттарға неблагоприятных последствий болмайтынына кепілдігіңіз қандай?
l. Сізде коммерциялық азаматтық жауапкершілік сақтандыруы бар ма? Неден сақтандырылдыңыз? Қандай сомаға? Егер қазіргі уақытта осындайсақтандыру жоқ болса, қандай жағдаймен және қандай сомада алғыңыз келеді? Егер қазіргі уақытта ағымды сақтандыру полисі болса, көшірмесін қоса беруіңізді өтінеміз. Егер жоқ болса, Сізде сақтандыру бойынша қатысты ойларыңыз бар ма?
m. Сіз тіркеушінің бизнесі ретінде жұмыс бастамасы үшін қандай айналмалы капитал саны бар? Шынымен де осы ликвидный капитал деңгейі жобаланған тіркелген көлем үшін жеткілікті ме? Айналмалы капитал (егер мүмкін болса, соңғы қаржылық кезеңнің есебі бойынша жазба жеткілікті болады) куәлігінің көшірмесін қоса беруіңізді өтінемін.
n. Сізде кез келген елдің (мыс. “cam.ac.uk”)жоғары деңгейлі под доменінде тұрған бар және жұмыс істеп тұрған (мыс. .”registrator.kz”) немесе үшінші деңгейлі домендік атауыңыз бар ма. Егер олай болса, Сіз немесе Сіздің филиалдарыңыз жұмыс істейтін барлық домендік атаулардың (немесе үшінші деңгейлі домендер) тізімін еенгуіңізді өтінемін.
o. Сіз тіркеушінің Аккредиттеу Келісіміне сәйкес тіркеушінің барлық міндеттерін орындай аласыз ба. Егер Сіз осы міндеттерді толық мәнде орындай алсаңыз, осыған тосқауыл жасайтын себептер туралы хабарлауыңызды өтінеміз.
11. Сіз KazNIC-ке бекітуде адастырушылққа, шатастырушылыққа әкеп соғатын аккредиттеуге өтінім немесе құжаттарды ұсындыңыз ба? Егер иә болса, қандай мақсаттармен ұсындыңыз.
12. Өтінім беруші немесе кез келген қызметкерлер, мүдірлер немесе менеджерлер болды ма:
a. соңғы 10 жыл аралығында қаржылық қызметпен байланысты қылмыстық жазада немесе қимылда кінәланған және сотталған болды ма?
b. қазіргі кезде кінәлі жазамен немесе (а) тармағымен ұқсас кез келген сот араласушылықтарында болды ма?
c. Осы өтінімді толтыру кезінде KazNIC-пен қойылып жасалған шығару нысаны болды ма? Егер жоғарыда айтылғанның шамасы болса, нақтырақ білуіңізді өтінеміз.
13. Сіз KazNIC-ке компанияңыздың атын не жазуын тіркеушінің аккредиттеуіне қатысты қоғамдық хабарландыруларда (ақпараттық веб жолдарды қосқанда) қолдануына рұқсат бересіз бе?
Берілген сауалнамадағы және барлық қосымшалардағы ақпарат нақты шындық болғанына төменде қол қойып куәландырылады. Төмендегі қол қойылған жолдар KazNIC-ке қосымша ақпарат және құжаттар алу үшін үшінші тұлғалармен байланысуға және сауалнамадағы ақпаратты өз еркімен тексеруге рұқсат береді Талапкер KazNIC-ке берілген сауалнамадағы ақпаратты растауға алуына тосқауыл жасамайтынына міндеттеледі. Талапкер осы өтініште талап ететіндей талапкер туралы шындық ақпаратпен қамтамасыз ететін үшінші тұлғаларға шағым беруден бас тартады.
_____________ қолы
_____________ орындаушы
_____________ лауазымы
_____________ талапкер заңды тұлғаның атауы
_____________ күні.
Барлық жауаптарды осы өтінімнің қол қойылған көшірмесіне қоса беруіңізді өтінеміз. Толтырылған өтінімді пошта не курьер арқылы KazNIC-ке келесі мекен-жайға жіберіңіз:
«Қазақ торап ақпарат орталығы» Мекемесі Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Ильяшев көшесі, 47/2 үй.
.KZ доменінің Әкімшісінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., п\и 010001, Қабанбай Батыр д., 6/5 офис №3, т. +7-7172-925552, +7-7172-925411.
Қосымша 2
Тіркеушімен КЕЛІСІМ
Нақты келісім 20__ ж. ________________
Қазақстан, 071400, Семей қаласы, Ильяшев көшесі, 47/2 үй.
(алдағы уақытта KazNIC деп аталатын)
мекен-жайында орналасқан «Қазақ торап ақпарат орталығы»
Мекемесімен және ____________ ____________ ____________ ___________ _________
мекен-жайында орналасқан Тіркеуші (алдағы уақытта
Тіркеуші деп аталатын) арасында жасалды.
KazNIC және Тіркеушінің нақты келісімінің мәтінінде
жекеше «Жақ» және бірлесе «Жақтар» деп айтылады.
ДЕКЛАРАТИВТІ БӨЛІМ
.KZ доменінің Әкімшісімен келісіміне сәйкес KazNIC
Қазақстан Республикасы үшін ISO KZ Елдің Кодына қатысты
Жоғары Деңгейлі Домен ретінде [Internet Assigned Number Authority («IANA»)]
.kz доменінің (одан әрі «Домен») атауымен белгілі және Интернет
Нөмірлерін Беру Органымен («ИНБО») белгіленген Интернет Жоғары
Деңгейлі Доменінде («ЖДД») Тіркеуші үшін эксклюзивті тіркеу орны
болып табылады. Кез келген себеппен осындай өзгерту кезінде
KazNIC тез арада Тіркеушіні хабардар етеді. Доменнің алдағы уақытта
бәсекелестігін жоғарлату мақсатында KazNIC және Тіркеуші Домен үшін
Бірлесе тіркеуде (одан әрі Тіркеу) қатысуға құқығы бар болатындығы, ал KazNIC Тіркеушінің клиенттері үшін Доменде атауларды тіркеу және оған қызмет шарттарын көрсететіні туралы келісім жасады.
ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕНДІ ЕСЕПТЕГЕНДЕ, сонымен қатар KazNIC және Тіркеуші алған өзара қанағаттанарлық және жеткілікті міндеттерге көңіл аударып, Жақтар ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСЕДІ:
1. Тіркеушінің _ Міндеттері. Тіркеуші арқылы тіркелетін Доменнің
клиенттері үшін бірінші жолдағы (first-line customer support) клиенттерге
қолдау қамтамасыз ету және Домен үшін клиенттерді қатыстыруға қисынды күш салуға міндеттелді. Тіркеуші KazNIC-ке және әрбір клиентке Домендерді
қолдану үшін KazNIC-пен орнатылған ресімделген тіркеу шарттарында
көшірменің қосымшасын электронды поштамен жіберіп, растап
отыратынына міндеттеледі. Тіркеуші клиенттерге он бес (15) күн ішінде
берілген құжатты ұсыну шарттары кезінде .kz доменінде атауды тіркеу
қабылданғанға дейін мақұлдап, келісу үшін клиенттік келісімді ұсынуға келіседі.
Тіркеуші клиенттермен және басқа да тұлғалармен қызметінде өзі және
қызметкерлері KazNIC-тің агенттері ретінде емес, тәуелді мердігер
ретінде көрінетіндігін растайды.
2. KazNIC Міндеттері. KazNIC нақты Келісім бойынша кездейсоқ
қанағаттанушылықтар мен пайдалары Тіреклушімен шығарылғандары,
көбінесе KazNIC Тіркеу орнының функцияларының жүзеге асыру
бойынша оған қатысты органдардың уәкілеттігімен жүзеге асыратындығын
жалғастыратындығына Тіркеушінің сенімділігінде негізделген.
KazNIC Тіркеушімен қамтамасыз етілетін тіркеуді өңдеумен және қабылдаумен
Тіркеушімен ынтымақтасатын болады. KazNIC Тіркеушіге .kz доменінде
атауларды тіркеудің қолдануын, өзгертуін және жаңартуын тез аралық әдісті,
сонымен қатар осы шарттар тәулік бойы қол жеткізерлік болып, оған тәуелді
көптеген қимылдарды қабылдап, .kz доменінде ағымды тіркелген атаулар
туралы ақпарат іздеулерін көру мүмкіндігін ұсынуға келіседі.
KazNIC Тіркеушімен тіркеу кезінде клиенттерге 3900 теңгеден төмен бағалар
ұсынатынына бәсекелеспеу керек. KazNIC-тің тіркеудің бөлшектік бағалары
төмендегені туралы Тіркеуші өзінің бөлшектік бағасын қатысты түсіруі үшін
Тіркеушіні отыз (30) күннен кем емес ескерту керек. KazNIC Тіркеушіге
қатысты нақты Келісімнің шарттары туралы кез келген басқа тіркеушілермен
немесе тұлғалармен келісім ұсынбайтынына және жасамайтынына міндеттеледі.
Одан басқа Келісім шегінде KazNIC Тіркеушіге .kz доменіндегі атау мекен-жайын ұсынады.
3. Қызметтердің төлемі. Тіркеуші KazNIC-ке бекітілген ережеге сәйкес .kz
доменіндегі атауларды тіркеу және қызмет көрсетуге оның есептері негізінде
қызметтерді кемінде бір жылда төлеуге міндеттеледі.
4. Меншік құқығы. Жақтар Тіркеушімен қамтамасыз етілетін тіркеуге және
клиенттерге қатысты барлық ақпарат KazNIC және Тіркеушінің бірлескен
меншігі болып табылатынына келіседі. KazNIC Доменнің клиентін немесе
кез келген жеке немесе заңды тұлғаны қорғаумен қамтамасыз етуге байланысты, оның атынан қызмет ететін клиенттерге Тіркеушінің жазбаша келісімінсіз ешбір маркетингтік не жарнамалық тұрғыда хабарлама бермеуге міндеттеледі.
Тіркеуші клиенттерге қарапайым Интернет шарттарын ұсынуға, бастапқы
келісімсіз web желісінде басқа мекен-жайға жіберу, қайта жіберу (сілтемелеу),
web жолдарында ақпаратты орналастыру және т.б. шарттарды ұсынуға құқығы бар. Бұл шарттардың төлемақысы туралы шешімді Тіркеуші өз қалауы бойынша қабылдайды және Тіркеушінің сату меншігі болып табылады.
5. Өтеу. KazNIC залалды өтеуге және Тіркеушіні тек Тіркеушінің өз жағынан
қарамауынан болған әрекеттерден басқа кез келген тіркеушінің немесе клиенттердің талаптарынан қорғауға міндеттеледі. Тіркеуші залалды өтеуге және KazNIC-ті нақты Келісім бойынша Тіркеуші жағынан қарамауынан болған әрекеттерден, кез келген үшінші тұлғаның талаптарынан қорғауға міндеттеледі.
6. Клиенттермен байланысы. KazNIC нақты келісім бойынша Тіркеушімен тіркелген өз клиенттерімен бостандық түрде байланысты жүзеге асыруға құқығы бар, бірақ нақты Келісімнің қызмет етуінің мерзімі аралығында KazNIC бұл клиенттермен тура байланыста болмай, отыз (30) күн ішінде Тіркеушімен келісімсіз үшінші тұлға атынан электронды пошта не басқа түрде шарттарды не өнімдерді жарнамалау не басқаша жылжытуды жүзеге асырмауға міндеттеледі.
7. Қызмет етуін тоқтату. Нақты Келісімнің қызметі кез келген Жақтың жазбаша ескерту жолымен тоқтатылуы мүмкін. Бұл жағдайда Тіркеуші KazNIC-ке жинақталған төлемі бойынша барлық соманы төлеуге міндеттеледі; Жоғарыда көрсетілгенге қарамастан, Тіркеуші нақты Келісімге қатысты ешбір қосымша міндеттері болмайды.
8. Реттеуші заңнамасы. Нақты Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және талқыланады. Жоғарыда көрсетілгенді растауда Жақтардың уәкілетті қызметтік тұлғалары нақты Келісімге оның алғашқы бетінде көрсетілген күнінде қол қойған.
KazNIC мекемесінің реквизиттері:
«Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі
СТН 511700080047
е/ш 468547 Казкоммерцбанк АҚ
ББК 193801703
Кбе 17
төлем коды 851
Мүдір Гусев П.М
|