KZ Тіркеу орнының қызметі және Интернет стандарттары
KZ домендік атауларын Тіркеу орнының бағдарламалық қамтамасыз етуі Тіркеушілерге осы уақыттағы тәртіпте домендік атаулар тізіліміне кіруді қамтамасыз етеді.
Тіркеу орны мен Тіркеушінің арасындағы қарым-қатынас EPP хаттамасын қолданумен қорғалған байланыс (SSL) арқылы жүзеге асырылады.
Хаттама таратылған тіркеу жүйелеріндегі Тіркеу орны мен Тіркеушілердің қарым-қатынасы үшін стандарт ретінде IETF Стандарттау бойынша Техникалық Комитетімен бекітілген.
EPP хаттамасының техникалық ережелері құжаттарда көрсетілген:
Тіркеуші Тіркеу орнымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін өзіндік автоматтандырылған жүйелерді қолданады. Бұл жүйе Тіркеу орнының нысандарымен (домендік атаулар, DNS серверлері, байланыс тұлғалары) операцияларды жүргізумен, сонымен қатар Тіркеушінің деректерінің локальді көшірмелерін сақтаумен қамтамасыз ету керек.
|