KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Жиі қойылатын сұрақтар

Домендік атаудың деректерін өзгерту

1. Кеше біз домендік атаулар туралы деректерді өзгертуге өтінім жібердік, өзгертулер қашан болады?

Өтінім тек ағымдағы әкімшілік e-mail-ден расталғаннан кейін ғана орындалады (толығырақ «Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ» сұрағынан қараңыз). Өтінімдерді өңдеуді оператор түсу тәртібі бойынша жұмыс уақытында (09-00 — ден 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі-демалыс күндері) жүргізеді.

2. Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ.

Өтінім тек ағымдағы әкімшілік e-mail-ден расталғаннан кейін ғана орындалады. Сіз модификациялау туралы өтінімді hostmaster@nic.kz мекен-жайына жібергеннен кейін, сол өтінімді жіберген e-mail-ге автоматты түрде оның бастапқы өңдеуінің нәтижесі жөнінде жауап келеді. Егер өтінім дұрыс қалыптастырылған болса, домендік атаудың ағымдағы әкімшілік e-mail-не бірегей коды бар өзгерістерді растау формасы бар хабарлама жіберіледі. Сізге Confirmation version number: 1.0 жолынан бастап End of Confirmation жолына дейін нүктелі шекаралардың ішіне орналастырылған растау формасын көшіріп, әкімшілік e-mail-ден жаңа Электрондық пошта ашып, соның денесіне қою керек, сосын 3-тармақтағы қос нүктеден кейін No орнына YES деп жазып, hostmaster@nic.kz-ке жіберіңіз. Жауабына Сіз өтінімнің расталғандығы туралы автоматты хабарлама аласыз. Осыдан кейін өтінім тіркеу жүйесінде соңғы өңдеу кезегіне қойылады және оператормен орындалады.

3. Компанияның атауының өзгеруіне байланысты тіркеу деректерін (ұйымның атауы, мекен-жайы және т.б.) өзгерту қажет. Бұл үшін не қажет?

Ұйым атауының өзгеруі жағдайында Сізге өзгеруін растайтын құжаттар көшірмесін ұсыну қажет:
- мемлекеттік тіркеу туралы ескі және жаңа куәлік (өзгеру кезінде оларда жаңа құжаттармен бірдей нөмірі болады)
- ұйым атауын өзгерту туралы шешім.

Сізге домендік атаудың байланысының модификациясына өтінімдерді форма бойынша жіберу керек.

Байланыс модификациясы домендік атаудың ұйым-тіркелушісінен жоғарыда көрсетілген құжаттар көшірмесін және ұйым атауының өзгеруіне байланысты байланыстарды өзгертуге өтінімді (өтінім нөмірлерін көрсетіңіз) орындауды сұрайтын ресми хатты пошта арқылы алғаннан кейін жүргізіледі.

4. Біз провайдерді ауыстырып едік, және бізде DNS серверлері де ауысты. Бұл жағдайда бізге не істеуге болады?

DNS серверлері туралы мәліметтерді өзгерту үшін домендерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімді толтып, hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.

Серверлік жабдықтың орналасқан жерінің ауысқан, ауыспағандығына назар аударыңыздар (өтінімнің 9 тармағы), бұл ақпаратты провайдерден анықтау қажет.

Өтінім тек ағымдағы әкімшілік e-mail-ден расталғаннан кейін ғана орындалады (толығырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағынан қараңыз). Өтінімдерді өңдеуді оператор түсу тәртібі бойынша жұмыс уақытында (09-00 — ден 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі-демалыс күндері) жүргізеді.

5. Біз DNS серверлеріміздің IP мекен-жайларын өзгерткіміз келеді, ол үшін қандай өтінімді толтыруымыз керек?

IP мекенжайлары туралы деректерді өзгерту үшін серверлерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімді толтыру қажет, онда өзгеріске қатысты ақпаратты көрсетіп, hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.

Өтінім тек ағымдағы әкімшілік e-mail-ден расталғаннан кейін ғана орындалады (толығырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағынан қараңыз). Өтінімдерді өңдеуді оператор түсу тәртібі бойынша жұмыс уақытында (09-00 — ден 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі-демалыс күндері) жүргізеді.

Назар аударыңыз, егер Сіз провайдерді өзгерткен болсаңыз, одан серверлік жабдықтың орналасқан жерін нақтылауыңыз керек және деректер өзгерген жағдайда домендік атауға модификация жүргізу керек (өтінімнің 9-бөлімінде жаңа деректерді көрсетіңіз).

6. Қазіргі уақытта MAIL-FROM-нан басқа қандай аутентификация тізбелері қолжетімді?

Қазіргі уақытта MAIL-FROM-нан басқа Crypt Password -ді қолдануға болады.

Толығырақ - KazNIC Базасындағы нысандарды Қорғау бөлімінде.

7. Әкімшілік (техникалық, биллинг) байланыстары туралы деректерді өзгерту үшін не істеу керек?

Әкімшілік, техникалық немесе биллинг байланыстары туралы деректерді өзгерту үшін деректерді тіркеу/өзгерту/жою туралы өтінімін толтырып, оны hostmaster@nic.kz мекен-жайына жіберу керек.

Бұл үлгі байланыс мәліметтерін ауыстыру қажет болған жағдайда толтырылады (жеке тұлға байланыстары үшін: мекен-жай, телефон, факс, e-mail; заңды тұлға байланыстары үшін: мекен-жай, телефон, факс, e-mail, байланыс тұлғасының аты-жөні немесе лауазымы).

Жеке тұлғаның байланысында аты-жөнін өзгерту, егер сол тұлғаның аты-жөні ресми ауысқан жағдайда ғана мүмкін, ал заңды тұлғаның байланысында ұйымның атауын ауыстыру атауын өзгерткенде/қайта тіркелгенде ғана мүмкін, заң жүзінде ұйым сол қалпында қалуы тиіс. Бұл жағдайда өзерістер KazNIC мекемесі өзгерістерді растайтын құжаттарды алғаннан кейін ғана енеді.

Өтінім тек ағымдағы әкімшілік e-mail-ден расталғаннан кейін ғана орындалады (толығырақ Бірнеше күн бұрын домендік атауды өзгертуге өтінім жіберіп, оның өңделгені туралы жауап алдық, бірақ өзгертулер болған жоқ сұрағынан қараңыз). Өтінімдерді өңдеуді оператор түсу тәртібі бойынша жұмыс уақытында (09-00 — ден 18-00-ге дейін, сенбі, жексенбі-демалыс күндері) жүргізеді.

Егер байланыс e-mail-і қолжетімсіз болған жағдайда, KazNIC-ке байланысы тіркелген ұйымнан/жеке тұлғадан ресми хат жолдану қажет.

Егер байланыс заңды тұлғаға («Ұйым атауы» жолағы) тіркелген болса, хат фирмалық бланкіде дайындалып, мөрмен және бірінші басшының қолымен толық ТАӘ көрсетіле отырып куәландырылады. Хат KazNIC мекемесінің бас мүдірі-Гусев Павел Михайловичтің атына жазылады. Хаттың түпнұсқасы пошта арқылы жіберіледі.

Егер байланыс жеке тұлғаға («Ұйым атауы» жолағы) тіркелген болса, қол қойылған өтінішке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін қоса тіркеу қажет.