KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Жиі қойылатын сұрақтар

Домен Тіркелушісін, Тіркеушісін өзгерту

1. Біздің компания zzz.kz, yyy.kz домендеріне иелік етеді, біз оларды басқа компанияға бергіміз келеді. Домендік атауларды берудің процедурасы қандай?

Домендік атауды басқаға беру үшін домендік атауды тіркеу/өзгерту/жою формасын Domain Version Number: 3.2 сөзінен бастап КЕЛІСІМ СОҢЫ деген сөзіне дейін көшіріп, электронды хаттың денесіне екі рет қойыңыз.

Жоғарғы форма доменді жоюға толтырылады. Бұл форманың 0а.-дан 2.-ге дейінгі жолақтарын толтыру қажет. 0a жолағында "D" немесе "Delete" сөзін жазу керек, ал 1а. жолағында, яғни «Мақсаттарды көрсетуде» "transfer Domain" сөзін және 2. жолағында домендік атауды жазу керек.

Екінші форма домендік атауды жаңа тіркелуші атына (жеке тұлғаға/ұйымға) тіркеуге арналған. Бұл форма толығымен толтырылуы тиіс, жаңа тіркелуші-ұйымның деректері мен байланыс ақпараттары енгізіледі.

Толтырылған формалары бар электрондық хатты өңдеуден өткізу үшін hostmaster@nic.kz -ке жіберу керек.

Өтінім домендік атаудың ағымдағы Тіркелушісінен доменді (атауын жазу) басқа тіркелушіге (кімге екенін көрсету) беру бойынша өтінімді (нөмірін жазу) орындауды сұрайтын ресми хатының түпнұсқасын алғаннан кейін өңделеді.

Егер домен заңды тұлғаға тіркелген болса, хат фирмалық бланкіде дайындалып, мөрмен және бірінші басшының қолымен толық ТАӘ көрсетіле отырып куәландырылады.

Егер домен жеке тұлғаға тіркелген болса, қол қойылған өтінішке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін қоса тіркеу қажет.

Хат KazNIC мекемесінің бас мүдірі-Гусев Павел Михайловичтің атына жазылады.

2. Бізге доменді KazNIC - тен басқа тіркеушіге ауыстыру керек, ол үшін не қажет?

Домендік атаудың Тіркелушісі KazNIC-ке басқа тіркеушіге трансферлеу үшін парольді беруге ресми сұраныс жіберу керек, сұраныста пароль (transfer key) жіберілетін e-mail көрсетілуі керек.

Егер домен заңды тұлғаға тіркелген болса, хат фирмалық бланкіде дайындалып, мөрмен және бірінші басшының қолымен толық ТАӘ көрсетіле отырып куәландырылады.

Егер домен жеке тұлғаға тіркелген болса, қол қойылған өтінішке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін қоса тіркеу қажет.

Хат KazNIC мекемесінің бас мүдірі-Гусев Павел Михайловичтің атына жазылады. Хаттың түпнұсқасы пошта арқылы жіберіледі.

Сізге трансфер паролін алғаннан кейін, доменді трансферлеу үшін; оны қабылдап алушы Тіркеушіге беру керек.

Алынған пароліңіздің қолдану мерзімі 15 күн, бұл мерзім өткеннен кейін паролді қайта сұрату керек.

Осы сұрақ бойынша толық ақпаратты Тіркеушілер арасындағы тіркеу трансферінің Тәртібі бөлімінен қараңыз.

3. Біз басқа Тіркеуші қолдау көрсететін доменді KazNIC-ке ауыстырғымыз келеді. Ол үшін не қажет?

«KazNIC» мекемесі тұтынушылардың сұраныстары бойынша домендік атауларды өзіне ауыстырмайды.

Егер аккредиттелген Тіркеушінің домендік атауларға қолдау көрсетуге мүмкіндігі болмаса, «KazNIC» мекемесі .KZ, .ҚАЗ жоғары деңгейлі домендік атауларының Тіркеу бөлімі ретінде бұл домендік атаулардың трансферін Тіркелушілер өздеріне жаңа Тіркеушіні таңдағанға дейін өзіне қолдауға уақытша қабылдай алады.