Жиі қойылатын сұрақтар
1. Бізге *.com.kz (*.net.kz, *.org.kz, *.edu.kz, *.gov.kz) домендік атауын тіркеуге мүмкіндік бар ма, бар болса, ол үшін не істеуіміз керек?
«Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі .kz, .қаз домендерінің жаңа атауларына тіркеу жүргізбейді.
Домендік атауларды тіркеу үшін аккредиттелген тіркеушілердің біріне жүгіну қажет https://nic.kz/srs/registrars.jsp.
*.net.kz, *.org.kz, *.edu.kz, *.gov.kz, *бай.қаз, *қау.қаз, *.біл.қаз, *.мем.қаз домендерін тіркеу үшін тіркелушінің ISP, бейкоммерциялық, білім беретін немесе үкіметтік ұйымдар құрамына жататындығын куәләндыратын тиісті құжаттарды ұсынуы қажет.
gov.kz, org.kz, mil.kz, мем.қаз, қау.қаз, қор.қаз аймақтарында домендерді тіркеу үшін тіркелушіге келесі құжаттарды ұсынуы қажет: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
edu.kz, net.kz, біл.қаз, бай.қаз тіркеу үшін тіркелушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі, білім беру қызметін іске асыруға (edu.kz, біл.қаз үшін) немесе телекоммуникация саласы қызметінде, деректерді беру және т.б. (net.kz, бай.қаз үшін) берілген лицензияның көшіремесі.
*.com.kz, *ком.қаз домендік атауын тіркеу үшін ешқандай қосалқы құжаттар қажет емес.
gov.kz, мем.қаз аймақтарындағы тіркеулерді ҰАТ АҚ атқарады (тел.: +7(7172)704907 сайт www.reg.gov.kz).
net.kz, бай.қаз аймақтарындағы тіркеулерді "Қазақтелеком"АҚ филиалы - Цифрлық бизнес дивизионы атқарады (тел.: +7(727)377-71-27, 8-800-080-01-88, сайт www.idhost.kz
edu.kz, .біл.қаз аймақтарындағы тіркеулерді "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ атқарады (тел.: 8(7172)578620, сайт reg.edu.kz
com.kz, org.kz, ком.қаз, қау.қаз аймақтарындағы домендік атауларды тіркеуді ҰАТ АҚ-нан басқа барлық аккредиттелген тіркеушілер атқарады.
2. Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу Қағидасымен бекітілген домендік атауларды тіркеу/өзгерту/жою өтінімдерінің жаңа формасы бойынша серверлік құралдың орналасқан жері Қазақстан аумағында көрсетілу керек. «Серверлік құрал» деген ұғым нені білдіреді және қандай ақпаратты көрсету керек?
Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу Қағидасына сәйкес, домендік атауларды тіркеу/өзгерту/жою өтінім формалары өзгертілді. Өтінімнің 9 - тармағында мәлімделген домендік атаудың интернет-ресурсын (веб-сайт,пошта сервері, фтп және т.б.) орналастыру болжанған серверлік жабдықтың орналасқан жерін көрсету қажет. DNS-серверлердің орналасқан жері реттелмейді.
Доменді бастапқы тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверлік жабдықтың орналасқан жерін көрсету қажет.
Егер домендік атау Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу Қағидасын қабылдағанға дейін тіркелген болса, серверлік жабдықтың орналасқан жеріне қарамастан модификация жүргізу кезінде серверлік жабдықтың орналасқан жерінің мекенжайын көрсету қажет.
3. Егер ұйым Қазақстан аумағында орналаспаса, *.kz домендік атауын тіркеу мүмкін бе?
4. Біз *.kz доменін тіркегіміз келеді, өз серверіміз жоқ болғандықтан, сіздердің DNS серверлеріңізді қолдануға бола ма?
Қазыргі кезде «KazNIC» мекемесі жаңа домендік атауларды тіркеумен айналыспайды.
Аккредиттелген тіркеушілер домендік атауларды тіркеу барысында өз DNS-серверлерін ұсынады https://nic.kz/srs/registrars.jsp.
5. Бізге *.kz домендік атауын тіркеу керек, оның бос екендігін қалай біле аламыз?
KZ -тегі тіркелген домендік атаулар туралы барлық ақпарат KazNIC дерекқорында сақталады және келесі Интернет мекенжайы бойынша қолжетімді:
WHOIS сервисі: whois.nic.kz
Веб мекен-жайы: http://nic.kz/cgi-bin/whois
6. Қазіргі уақытта KZ аймағындағы домендік атаулардың рұқсат етілген максималды ұзындығы қандай?
Домендік атаудың минималды ұзындығы 1 символ, максималды ұзындығы - 63 символ, .KZ-үш символын немес .ҚАЗ төрт символын қоса алғанда.
|