KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақытылы төлемеу себебінен жойылған домендік атауды қалпына келтіру

Тіркеу бөлімі қолдау кезеңінің аяқталуына және белгіленген мерзімде одан әрі ұзартудың болмауына байланысты домендік атаудың тізілімнен жойлғаны жағдайында оны қалпына келтіруге ешқандай кепілдік бермейді.

Ерекше жағдайларда мұндай домендік атауды тіркеуді алдыңғы Тіркеуші не оған заңды негіздері бар өзге тұлға (мысалы, құқықтарды беру туралы сот шешімі) доменге 60 күнге дейін қол жетімсіз кезеңде жүргізуі мүмкін. Мұндай ережелер Тіркеуші мен тіркеушінің өзара әрекеттесу Регламентінде белгіленген.

1. Төлемеу себебінен жойылған домендік атауды қанша мерзім ішінде қалпына келтіруге болады?

Домендік атауды тізілімнен жойылғаннан кейін 60 күн ішінде қалпына келтіруге болады.

2. Егер домен төлемеу себебінен жойылса не істеу керек?

Алдыңғы Тіркелушіге өтініш (pdf, doc) толтырып оны info@nic.kz эл. мекенжайға құжаттармен бірге (жеке куәліктің немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі) жіберуі керек.

Өңдеуге қабылданады:

а) өтініштің: 180000, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қ., Ильяшев к-сі, 47/2 мекенжайына пошта арқылы жіберілгендігі туралы трек-нөмірі қоса берілген сканер-көшірмесі

немесе

б) тіркелушінің ЭЦҚ қойылған өтініші (ezsigner.kz)

Қалпына келтіру рәсімі ақылы. Төлем шоты доменді қалпына келтіру туралы оң шешім қабылданғаннан кейін қойылады.

3. Домендік атауды қалпына келтіру рәсімі үшін төлемді қалай жасауға болады?

Оператор төлем шотын жасайды және оны өтініште көрсетілген электрондық поштаға жібереді. Шот доменнің қол жетімсіз кезеңі аяқталғанға дейін жарамды.

4. Домендік атауды қалпына келтіру паролін қалай алуға болады?

Алынған өтініш пен қызмет үшін төлем негізінде, оператор парольді өтініште көрсетілген электрондық поштаға жібереді. Доменді тіркеу үшін кез-келген қолданыстағы Тіркеушіге парольді беру арқылы хабарласуға болады.