KazNIC KAZAKHSTAN NETWORK INFORMATION CENTER ҚАЗАҚ ТОРАП АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

қазақша | русский | english

Тіркеу орнының және Тіркелушінің өзара қарым-қатынас регламенті

1. Тіркелушінің міндеттері

1.1. Тіркеуші өз клиенттері үшін домендік атауларды тіркеу және қолдау шарттарын көрсету бойынша өзіндік типтік Тіркеу келісімі (келісім-шарт) болу керек. Бұл келісім өзіне даулы сұрақтарды шешу Тәртібіне теңесетін, Тіркеу орнының типтік Тіркеу келісімінің ережелерін қосу керек. Тіркеуші бұл қызметтерді өзінің веб-сайтында шарттарды ұсынуға дейін басуға міндетті. Құжаттардың белсенді түрі Тіркеушінің ресми сайтында Тіркеушінің барлық жұмыс уақыты аралығында және кез келген қызығушылық көрсеткен тұлғаға танысу үшін рұқсат болу керек.

1.2. Тіркелуші домендік атауды тіркеу кезінде доменнің Тіркелушісі туралы толық ақпаратты төмендегілерді қоса көрсету керек:

  • а) тіркелушінің ұйым атауы немесе Т.А.Ә.;
  • б) мекен-жайы;
  • в) қала;
  • г) елдің екі әріпті коды.

1.3. Домендік атауды ұзарту Тіркеушімен уақытында жүргізілу керек.

2. Тіркеу орнының және Тіркеушінің өзара қарым-қатынас қағидалары

KZ домендік атаулардың Тіркеу орнының бағдарламалық қамтамасыз етуі Тіркеушілерге нақты уақыт тәртібіндегі домендік атаулар тізіліміне рұқсат етеді. Тіркеу орны және тіркеушілер арасындағы өзара қарым-қатынас EPP хаттамасын (http://nic.kz/srs/kzfunc.jsp) қолданумен (SSL) қорғаныс қосылу арқылы жүзеге асырылады.

EPP Сервері: epp.nic.kz Порт SSL: 4121

Авторизацияланған деректер және сертификат Тіркелушімен Аккредиттеуден кейін және келісімге қол қойылғаннан кейін беріледі.

Тіркеушінің EPP серверіне рұқсаттығы тек өтінілген және келісілген IP-мекен-жайлармен болады.

Жұмыстарды жүргізуге дейін 7 күнненбұрын ескертумен техникалық қызмет көрстеуге байланысты үзілістер болады.

3. Домендік атаулардың статусы

3.1. Кез келген тіркелген .kz доменінде кем дегенде бір қатысты статус болу керек.

3.2 Тіркеушімен қосылатын немесе жойылатын статустарда "client" бөлігі болады, Тіркеу орнымен қосылатын немесе жойылатын статустарда қатысты "server"бөлігі болады.

3.3. Әрбір орналастырылатын статусқа міндетті түрде статусты орнату себебін түсіндірумен қатысты жазба қосылады.

3.4. Тіркеуші Тіркеу орнымен орнатылған статусты өзгерте алмайды. Тіркеу орны Тіркеушімен орнатылған статусты өзгерте немесе бас тарта алады.

ok - дайындалып жатқан еш операциялар немесе тосқауылдар жоқ нысан үшін қарапайым статус. Бұл статус Тіркеу орнымен орнатылады.

clientHold, serverHold - тізілімнен тіркеу деректерін жоюсыз домендік атауды қолдауды тоқтату. Статус орнатылады:

  • а) домендік атауды қолдауда төленген кезең біткеннен кейін тіркеу орны қатысты жазбамен «Support expired» (қолдау аяқталды) serverHold статусын орнатады. Доменді ұзартқаннан кейін Тіркеуші Тіркеу орнына serverHold статусынаналу үшін төлем фактісі туралы хабарлау керек.
  • б) домендік атауды http://nic.kz/rules/rules-old.jsp тіркеу Қағидаларының 12- тармағындағы жағдайларында, (берілген атау DNS жүйесінің қызмет етуіне әсер ете алатын тәсілмен әкімшілендіріледі; берілген атау тіркелген базис өзертілсе ( мысалы өтінім берген ұйым жоқ болса); Дауларды шешу Тәртібінің http://nic.kz/rules/policy.jsp негізінде үшінші тұлғамен дау туған болса; Беріген атауды қолдануға байланысты Қазақстан Республикасының ағымды Заңнамасы бұзылады; ҚР Сотының шешімі бойынша)
  • в) егер тіркеу келісімі немесе оның келесі өзгертуінің құрамында жалған не шатастырушылық ақпарат болған жағдайда

clientDeleteProhibited, serverDeleteProhibited - статус Тізілімнен домендік атауларды жоюды тоқтату үшін қолданылады. Тіркеушімен тіркеудің алғашқы немесе ағымды кезеңін төлемеген жағдайда пайдаланылмау керек.

clientRenewProhibited, serverRenewProhibited - домендік атаудың автоұзартуын блокқа қою үшін қолданылатын статус. Бұл статустың бар кезінде домендік атаудың төленген қолдау кезеңі біткеннен кейін автоматты түрде ServerHold статусы иемделінеді.

clientTransferProhibited, serverTransferProhibited - трансфер үдерісін жүргізуді тосқауыл етеді. Статус Тіркеушілер арасында тіркеу трансферінің Тәртібінің 3-тармағында көрсетілген кейбір жағдайларда орнатылады:

  • а) жасанды іс куәлігі алынса;
  • б) даулы сұрақтарды шешу Тәртібімен сәйкес әрекеттер;
  • в) олардың құқығына қатысты сот шешімі бойынша;
  • г) тіркелуші мен Әкімшілік контакт арасындағы дау туылған жағдайда;
  • д) тіркелушіден жазбаша қарсы болуына байланысты (email, факс, хат және т.с.с.)
  • е) домендік атаудың «Блокқа қойылды» статусынан алу үшін Тіркеуші Тіркелушіге жүзеге асырылатын және сәйкес талаптар қойғандығын білдіретін «Блокқа қойылды» ("Lock") статусы болса.
  • ж) қайтадан тіркелген домендік атау үшін 60 күнтізбелік күн кезеңі аяқталмаса;
  • з) бастапқы трансферден кейін (екі Тіркеуші келісімге келсе және,немесе дауды шешу үрдісі көрсеткен жағдайда бастапқы Тіркелушіге келесі трансферді есептемегенде) 60 күнтізбелік күн кезеңі аяқталмаса (егер әдейі анықталса, немесе аз кезеңі).

Тіркеуші трансфер үдерісін Тіркелушіден сақтандыру төлемі механизмі ретінде қолданбау керек. Осы талаптар үшін қорытындылар мыналар:

  • 1) Егер трансфер осы кезеңнің біткеннен кейін сұранылса, тіркеудің бастапқы кезеңінің төленбеген жағдайында;
  • 2) Егер трансфер тіркеу кезеңінің бітпегенге дейін сұранылса, тіркеудің ағымды кезеңінің төленбеген жағдайында.

pendingTransfer - доменді бір Тіркеушіден екіншісіне трансферге сұранысы.

pendingDelete – егер доменді жою керек болса, Тіркеу орнымен орнатылады.

4. Өзгертуге келмейтін Тіркеу орнының саясаты

4.1. Бастапқы тіркеу – домендік атауды тіркеуін бас тартуы мүмкін, қаражат алғашқы 24 сағатта ЖШ қайтарылады.

4.2. Тіркеушілер арасындағы домендік атаулар трансфері: Трансфер кезінде домендік атауды қолдауды өсірудің аз кезеңі – 0 жыл (жаңарту); егер трансферге сұраныс жауапсыз қалған жағдайда (ағымды Тіркеушімен трансферді растау немесе бас тарту болмаса), трансфер қабылдаушы Тіркеушімен тарнсферге сұраныс жіберу кезінен 5 күн өткеннен кейін Тіркеу орнымен автоматты түрде орындалатын болады.

4.3. Домендік атауды қолдау кезеңін автоұзарту:

4.3.1. Домендік атауды қолдау кезеңі аяқталған жағдайда, Тіркеу орны Тіркеушінің ЖШ-нанқатысты соманы алып тастаумен 1 жылға қолдау мерзімін автоматты түрде ұзартады.

4.3.2. Егер Тіркеушімен clientRenewProhibited статусы орнатылса, домендік атау 30 күн мерзіміне дейін serverHold статусына ауыстырылады. Бұл кезеңнің аяқталуымен, Тіркеу орны clientRenewProhibited статусынан шығарады, бұл Тіркеушінің ЖШ-нанқатысты соманы алып тастаумен 1 жылға қолдау мерзімін автоматты түрде ұзартуына әкеледі.

4.4. Тіркелушілер арасындағы трансфер – Тіркелушінің жаңа контакттілік тұлғасын құрумен домендік атауды өзгерту жолымен жүргізіледі. Қатысты контакттілік тұлғадан өзгерту жолымен домендік атаудың Тіркелушісінің өзгертуі болмайды.

5. Қызметтерді төлеу тәртібі

5.1. Қызметтерді төлеудің аванстік жүйесі. Төлемдер және тұтынушылық қызметтер есебі Тіркеушінің жеке шотында (ары қарай ЖШ) жүргізіледі. Тіркеуші өз операцияларын (тіркеу, ұзарту, трансфер) енгізу үшін ЖШ-да жеткілікті қаражат саны болу керек;

5.2. Алдын ала төлеуге шот ұсыну. Тіркеушінің сұранысы бойынша email, фаск, пошта арқылы жүргізіледі.

5.3. Тіркеушінің ЖШ толтыру тек KazNIC-тің е/ш қаражат түскеннен кейін жүргізіледі.

5.4. Несие лимиті. Өзінің ЖШ өз уақытында толтырып отыратын Тіркеушіге Тіркеу орнының шешімі бойынша несие лимиті ұсынылуы мүмкін. Несие лимитінің бары Тіркеушіге ЖШ ақша қаражаттары жоқ кезінде операцияларды (тіркеу, ұзарту, трансфер) жүргізуге рұқсат етеді. Несие лимитінің сомасы Тіркеушінің орта айлық айналмалы капиталының жартысынан жоғары бола алмайды. Несие лимитін өшіру келесі айдың 10 күнінен кешіктірілмей жүргізілу керек. Белгіленген мерзімде өшірілмеген жағдайда, несие лимитінде бас тартылатын болады.

5.5. Бухгалтерлік құжаттама (орындалған жұмыстардың актісі, шфн, өзара есептесу өлшеу актісі) Тіркеушіге пошта арқылы келесі есеп беру кезеңінен айдың 20 күніне дейін тоқсан сайынжіберіліп отырады. Өлшеу актісінің бір данасы Тіркеушімен қол қойылғаннан кейін екінші айдың есеп беру кезеңінен кейін 15 күнге дейін KazNIC-ке қайтарылу керек.

6. Домендік атаулардың қол жетімділігі

Тізілімде тіркеу үшін сұрау салынған әрбір домендік атау қол жетімді болмауы мүмкін. Осы немесе басқа да домендік атаудың тіркеуге қол жетімді болмауының себебі мынадай болуы мүмкін:

  • а) Тізілімде сұрау салынған домендік атаумен бірдей тіркеме бар. Ақылы қолдау кезеңінің аяқталу мерзімі (тіркеу жазбасындағы expired жолы) осы мерзім аяқталған соң домендік атаудың қол жетімді болатындығын білдірмейді және Тіркелушінің қалауы бойынша кез келген сәтте 10 жылға дейінгі мерзімде ұзартылуы мүмкін.
  • б) Сұрау салынған домендік атау «стоп-парақ» - тіркеуге қол жетпейтін атаулар тізіміне енгізілген. Домендік атауды Тізілімде тексеру кезінде қол жетпеушіліктің себебі көрсетіледі (жолы <domain:reason> сұрауға жауап <domain:check>> EPP). Шектеу мерзімі болған жағдайда ол сондай-ақ жауапта көрсетіледі.
  • в) Сұрау салынған домендік атауға сәйкес келетін тіркеме, жақында Тізілімнен өшірілген болса. Тіркеушінің домендік атауды Тізілімнен өшіргенінен соң (команда <domain:delete>) ол 60 күннен кейін тіркеу үшін қайтадан қолжетімді болады.

Тізілімнен өшірілгеннен кейін уақытша қол жетімсіз болған домендік атауды тіркеу, айрықша түрде осы домендік атаудың алдыңғы Тіркелушісіне, немесе Дауларды шешу тәртібіне сәйкес Тізілімнен шығару алдында осы атаумен дауларды шешу рәсімдерін қозғаған тұлғаға рұқсат етіледі.

7. Бұзушылық

Тіркелуші Тіркеуші және Тіркеу орнының өзара қарым-қатынас Регламентінің кез келген шарттарын сақтамаса, KazNIC бұны маңызды бұзушылық ретінде танып, бұл бұзушылықты көрсетумен Тіркеушіге жазбаша ескерту жібереді. Егер осы ескертудің пошталық жіберуінен кейін он бес (15) күн аралығында Тіркеуші өз міндеттерін бұзбағандығына KazNIC-ті қанағаттанарлық түсіндірме беруден бас тартса, онда KazNIC аккредиттеуді шақыртуды .kz жоғары деңгейлі доменінің Әкімшісі – IT-Компанияларының Қазақстандық Қауымдастығына сұраныс беруі мүмкін.