|
|
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ |
|
|
29.01.2019
Домендік атаулардағы латындық қолдау
ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру туралы KazNIC KZ және .ҚАЗ ұлттық доменінде жаңа алфавит таңбаларын пайдалану мүмкіндігін дайындап, сынақтан өткізді. Енді пайдаланушылар интернет-ресурстарды адресациялау үшін жаңа ұлттық әліпби таңбаларын еркін пайдалана алады.
|
|
|
28.09.2018
Ақпараттық хабарлама
«Data XGen Technologies» Үнді компаниясы мен «Қазақ торап ақпарат орталығы» (KazNIC) APTLD74 конференциясында келісімге қол қойды
Толығырақ...
|
|
|
16.08.2018
Электрондық төлемдер
"Қазақ торап ақпарат орталығы" мекемесі домендік атауларды қолдау қызметі
үшін электрондық төлемдердегі өзгерістер туралы хабардар етеді.
Толығырақ...
|
|
|
08.02.2017
Ақпараттық хабарлама
Домендік атауларын тіркеу барысында туындайтын құқықтар мен міндеттер туралы негізгі
мәліметтерден құралған сауда белгілері мен домендік атаулар иелеріне көмек
ретінде қысқаша нұсқаулықтар (жадынамалар) дайындалды.
|
|
|
13.05.2016
KazNIC мекемесінің жаңа банктік реквизиттері
«Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі жаңа банктік реквизиттері туралы хабарлайды
Толығырақ...
|
|
|
04.05.2016
Домендік аттардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушысының
бұйрығымен «Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі Интернеттің қазақстандық
сегментінің кеңістігіндегі домендік атаулардың Тіркеу бөлімі ретінде анықталды.
Толығырақ...
|
|
|
18.09.2015
Домендер Әкімшісінің бұйрығымен
Жоғары деңгейлі домендердің Әкімшісі «Қазақстандық IT-компанияларының Қауымдастығы»
ЗТБ-нің 2015 жылдың 28 тамызындағы №20 бұйрығымен тіркеушілерді аккредиттеу
туралы Ереже бекітілді.
Читать дальше...
|
|
|
16.06.2015
Семейде жаңа түбірлі K-Root DNS сервері іске қосылды
KazNIC мекемесі (.KZ және .ҚАЗ ұлттық домендерінің операторы) және RIPE NCC
мекен-жайларының Еуропалық өңірлік тіркеу бөлімі Семей қ. KazNIC алаңында
түбірлі K-Root DNS серверін іске қосу бойынша жұмыстарды аяқтады.
Толығырақ...
|
|
|
15.01.2015
Домендік атауларды қолдау қызметі ақысының өзгеруі
Жоғары деңгейлі домендердің Әкімшілігі «Қазақстандық IT-компанияларының Қауымдастығы»
ЗТБ-нің 2015 жылдың 13 қаңтарындағы №01 Бұйрығымен Тіркеу бөлімінің Тіркеушілерге
арналған домендік атауларды қолдау қызметінің тарифтік құны және Тіркеушілердің
домендік атауларды қолдау қызметінің ең төменгі құнының өзгертілгендігін
хабарлаймыз.
Толығырақ...
|
|
|
23.06.2014
KazNIC кеңсесінің көшуі
"Қазақ торап ақпарат орталығы" мекемесі кеңсесінің
жаңа мекен-жай бойынша орналасқандығын хабарлаймыз.
|
|
|
05.05.2014
2014 жылы KazNetке 20 жыл болады
.KZ ұлттық домендік атауының IANA (http://www.iana.org/domains/root/db/kz.html)
халықаралық тізілімінде тіркелген күнін, яғни 1994 жылдың 19 қыркүйегін
халықаралық Интернет желісіндегі Қазақстандық сегменттің туған күні
деп құқылы түрде санауға болады.
Толығырақ...
|
|
|
05.05.2014
Қазақстанда .RU, .РФ және .SU домендерінің жаңа DNS-торабы ашылды
«Қазақ торап ақпарат орталығы» мекемесі (KazNIC - .KZ және .ҚАЗ домендерінің
операторы) және Интернет Техникалық орталығы, .RU, .РФ және .SU домендерінің
операторы, бірлесіп DNS-желілерін кеңейту үшін ортақ жоба жасады. Жаңа
DNS-тораптары Мәскеу және Астана қалаларында ашылды.
Толығырақ...
|
|
|
27.03.2013
Ақпараттық хабарлама
ҚР ақпараттық қауіпсіздігіне төнген қауіп туралы Шығыс
Қазақстан обылысы әкімі Б.М. Сапарбаевқа жолданған ашық хат.
|
|
|
15.08.2012
.ҚАЗ доменінде есімдерді тіркеу басталды
.ҚАЗ доменінде домендік есімдерді ашық тіркеу басталды. Кез-келген тұлға
Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу,
пайдалану және тарату қағидасына сәйкес есімдерін тіркей алады.
|
|
|
01.08.2012
.ҚАЗ доменіндегі басымдылық тіркеу мерзімінің аяқталуы
31 шілде күні басымдылық тіркеуге өтініш қабылдау аяқталды. .ҚАЗ доменіндегі домендік
есімдерді ашық тіркеу 2012 жылдың 15 тамызы күні 0 сағат 00 минутта басталады.
|
|
|
27.03.2012
.ҚАЗ доменінде тіркеу бойынша нормативтік құжаттар бекітілді
«.ҚАЗ» доменін енгізу Тәртібі
және
.ҚАЗ доменіндегі басымдылық домендік атауларды тіркеу туралы Қағидасы бекітілді.
|
|
|
03.03.2012
Жаңа .қаз домендік атауы іске қосылды
Ұлттық әліпби символдары қолданылған жоғары деңгейлі жаңа домендік атау (IDN) Интернет
желісінде іске қосылды. Жаңа домендік атауда бірінші мекен-жайы жан жақты тестілеу
және домендік атауларды тіркеуге дайындық мақсаттары үшін .қаз тестісі болды.
Барлық адамдар жаңа доменнің жұмысын http://тест.қаз осы мекен-жай арқылы
тексерулеріне болады.
|
|
|
23.11.2011
Жоғарғы деңгейлі ұлттық домендерді Тіркеушілердің аккредиттеу Қағидасы бекітілді
2011 жылғы 22 қарашада «Қазақстандық IT-компанияларының Қауымдастығы»
ЗТБ-нің №28-11-11-А бұйрығымен жоғарғы деңгейлі ұлттық домендерді Тіркеушілердің
аккредиттеу Қағидасы бекітілді.
|
|
|
14.06.2011
Ақпараттық хабарлама
2010 жылғы 8 маусымдағы Интернет жүйесінің Қазақстандық сегментінің домендік
кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасының түсініктемелерімен .KZ
доменінің әкімшісінің, «IT- компанияларының Қазақстандық Қауымдастығы» заңды
тұлғалар бірлестігі Президентінің 2011 жылғы 8 маусымда
ақпаратық хабарламасы
басылымға түсті.
|
|
|
01.06.2011
Домендік атауларды тіркеу
.KZ аумағындағы домендік атауларды тіркеу өтінімдерін қабылдау 2011 жылдың 1
маусымында аяқталды. .KZ аумағында жаңа домендік атауларды тіркеу
аккредиттелген Тіркеушілермен
жүргізілуде. 2011 жылдың 31 мамырына дейін тіркелген домендік
атауларды қолдау мерзім шектелуінсіз Тіркеу орнымен жүзеге асырылатын болады.
|
|
|
01.02.2011
Тізілім қызметінің толықтырылуы
Тізілім қызметі домендік атауларды тіркеу және өзгерту кезінде
Интернет-ресурстың серверлік құралының орналасқан жерін
көрсететін EPP хаттамасының кеңейтілуімен толықтырылды.
Кеңейтудің сипаттамасы тіркеушілер үшін
бөлімінде басылған.
|
|
|
29.12.2010
Статистика
Домендер бойынша статистикалық деректер
сайтында жаңа бөлім
ашылды. Домендік атаулар бойынша статистика 2010 жылдың 1
шілдесінен бастап, ал қалғандары 2010 жылдың 12
желтоқсанынан бастап жүргізіледі.
|
|
|
17.12.2010
Тіркеу ережелерін өзгерту
Құрметті клиенттер Интернет желісінің қазақстандық сегментінің
домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидаларымен
сәйкес, домендік атауларды тіркеу, өзгерту, жою өтінімдерінің
жаңа формасы енгізілді.
|
|
|
Қызметтердің құны
Тіркелуші үшін домендік атауды қолдау қызметі жылына 3400 теңге,
тіркеуші үшін жылына 1400 теңге. Бағалар ҚҚС-сыз көрсетілген.
|
|
|
Домендік атауларды тарату қағидалары
"Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін
тіркеу, пайдалану және тарату қағидасы" Қазақстан Республикасының
Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№220 бұйрығымен бекітілді.
|
|
|
Таратылған тіркеу
Тіркеу орны-Тіркеуші-Тіркелуші үлгісін жүзеге асыратын таратылған
тіркеу жүйесі іске қосылды. Бұндай үлгі Интернет желісінің
Қазақстандық сегменттегі домендік атаулардың тұтынушылар-тіркелушілер
үшін бәсекелестік ортаны, сапаны жоғарлату және сәйкес қызметтер
ассортиментін енгізуге жол береді. Толығымен...
|
|
|
Сұрақтар және жауаптар
Сұрақ-Жауап бөлімі домендік атауларды тіркеуге қатысты аса жиі кездесетін
сұрақтарға жауап береді. Өз сұрақтарыңызды info@nic.kz
мекен-жайларына жіберулеріңізге болады.
|
|